
Қазақстан • 22 Маусым, 2023
EXPO іскерлік орталығы елорданың еліміздің экономика, білім беру және мәдени салаларының дамуына өз үлесін қосатын маңызды қоғамдық аумағына және қала жүйесінің бірегей бөлігіне айналды. Ол – бизнес, білім және шығармашылық идеялар үшін де тартымды орталық. «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Еркімбаевтан барлық бағытты тиімді біріктіріп, аталған алаңды қысқа мерзімде танымал ету туралы сұраған едік.
Еңбек • 20 Маусым, 2023
«Қазақмыс» және «Казцинк» компаниялары кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарға арналған әлеуметтік пакетті кеңейтуге бастамашы болды. Осылайша, аталған ірі кәсіпорындар өз жұмыскерлерінің өмірде тап болған қиындықтан шығуларына көмектесіп, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттік саясатты қолдап отыр.
Қоғам • 16 Маусым, 2023
«АрселорМиттал Теміртау» Жаңажол ауылын ауыз сумен қамтамасыз етті
Жаңажол ауылы Қарқаралыдан 60 шақырым жерде орналасқан. Осында тұратын 22 отбасы мал өсірумен және егіншілікпен айналысады. Көп жыл бойы ауыл тұрғындарының басты проблемасы – орталықтандырылған ауыз судың жоқтығы еді. Жалғыз ұңғыманың суы тұзды болғандықтан, жаңажолдықтар оны тек тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланды, ал ауыз су үшін қалаға шапқылауға тура келді. Енді олардың мұқтаждығы орындалып отыр. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы ауылда тағы бір ұңғыманы бұрғылап берді.
Қоғам • 15 Маусым, 2023
Көші-қон: бетбұрыс баянды болсын
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Қандастардың көшіп келуіне және ішкі көші-қонға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды» деп мәлімдеді.
Құрылыс • 04 Маусым, 2023
Құрылыста қашан тәртіп орнайды?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 19 сәуірде өткізген еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте: «Елімізде заң мен тәртіп қатаң сақталуы қажет. Заң үстемдігі болмаса, тұрақтылық та болмайды. Ал тұрақтылық жоқ жерде ешқандай даму да болмайды. Сондықтан азаматтарымыз заңға бағынуы керек, ал құзырлы органдар заң бұзушылықтың алдын алуға тиіс», деді.
Ұстаз • 31 Мамыр, 2023
Мұғалім сынақтан неге сүрінеді?
Еліміз күні өтіп, күйреген кеңестік жүйеден әлемде үстемдік құрған нарықтық қатынастарға көшіп, қоғамдық құндылықтар күрт өзгерген тәуелсіздік жылдарында педагог мамандығының беделі түсіп, дарынды жастардың көпшілігі қызығушылық танытпайтын кәсіптің біріне айналғаны мәлім.
Қоғам • 29 Мамыр, 2023
Жетімін жылатпаған ел едік. Өкінішке қарай, кеңес заманында коммунистік идеологияның ықпалымен сол ата дәстүріміз ұмытылуға айналғанының және індеттей жайылған маскүнемдіктің кесірінен ата-анасынан тірідей айырылған жетімдер мен оларды панасына алған Балалар үйлері тым көбейіп кетті. Тек тәуелсіздік таңы атып, халқымыз ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге қайтадан бет бұрған кезде тағдыр тақсіретін тартқан жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санын азайту мәселесін мемлекет пен қоғам бірлесіп шеше бастады.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2023
Ауданға жәрдемдесіп, алғыс алды
Қарқаралы ауданының әкімі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директорына әлеуметтік салаға көрсеткенқолдауы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Қоғам • 26 Мамыр, 2023
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы студенттерге білім беру гранттарын бөлді
Бірден екі жоғары оқу орнында – Қарағанды индустриялық университетінде және академик А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның білім беру гранттары салтанатты жағдайда тапсырылды.
Пікір • 24 Мамыр, 2023
Жуырда бір жолдасым ұлын үйлендірді. Қуанышында шек болмай, ағайын-туған, жора-жолдастарының бастарын қосып, қаладағы мейрамханада той жасады. Кейін маған: «Айбергенов айтқандай, мен де, әйтеуір, бар жиған-тергенімді бір тамаша той қылып өткердім», деп күлген болды. Бірақ күлкісі шынайы емес, жасанды сияқты көрінді.