
Қоғам • 15 Маусым, 2023
Көші-қон: бетбұрыс баянды болсын
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Қандастардың көшіп келуіне және ішкі көші-қонға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды» деп мәлімдеді.
Құрылыс • 04 Маусым, 2023
Құрылыста қашан тәртіп орнайды?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 19 сәуірде өткізген еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте: «Елімізде заң мен тәртіп қатаң сақталуы қажет. Заң үстемдігі болмаса, тұрақтылық та болмайды. Ал тұрақтылық жоқ жерде ешқандай даму да болмайды. Сондықтан азаматтарымыз заңға бағынуы керек, ал құзырлы органдар заң бұзушылықтың алдын алуға тиіс», деді.
Ұстаз • 31 Мамыр, 2023
Мұғалім сынақтан неге сүрінеді?
Еліміз күні өтіп, күйреген кеңестік жүйеден әлемде үстемдік құрған нарықтық қатынастарға көшіп, қоғамдық құндылықтар күрт өзгерген тәуелсіздік жылдарында педагог мамандығының беделі түсіп, дарынды жастардың көпшілігі қызығушылық танытпайтын кәсіптің біріне айналғаны мәлім.
Қоғам • 29 Мамыр, 2023
Жетімін жылатпаған ел едік. Өкінішке қарай, кеңес заманында коммунистік идеологияның ықпалымен сол ата дәстүріміз ұмытылуға айналғанының және індеттей жайылған маскүнемдіктің кесірінен ата-анасынан тірідей айырылған жетімдер мен оларды панасына алған Балалар үйлері тым көбейіп кетті. Тек тәуелсіздік таңы атып, халқымыз ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге қайтадан бет бұрған кезде тағдыр тақсіретін тартқан жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санын азайту мәселесін мемлекет пен қоғам бірлесіп шеше бастады.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2023
Ауданға жәрдемдесіп, алғыс алды
Қарқаралы ауданының әкімі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директорына әлеуметтік салаға көрсеткенқолдауы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Қоғам • 26 Мамыр, 2023
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы студенттерге білім беру гранттарын бөлді
Бірден екі жоғары оқу орнында – Қарағанды индустриялық университетінде және академик А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның білім беру гранттары салтанатты жағдайда тапсырылды.
Пікір • 24 Мамыр, 2023
Жуырда бір жолдасым ұлын үйлендірді. Қуанышында шек болмай, ағайын-туған, жора-жолдастарының бастарын қосып, қаладағы мейрамханада той жасады. Кейін маған: «Айбергенов айтқандай, мен де, әйтеуір, бар жиған-тергенімді бір тамаша той қылып өткердім», деп күлген болды. Бірақ күлкісі шынайы емес, жасанды сияқты көрінді.
Халық • 24 Мамыр, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 2 қыркүйекте жариялаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында: «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деп мемлекеттің ішкі саясатындағы өзінің басты ұстанымын мәлімдеді.
Құқық • 23 Мамыр, 2023
Құныққандардан қалай құтыламыз?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы 1 қыркүйекте жариялаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Бюджет қаржысын және жалпыұлттық байлықты талан-таражға салатын жемқорлық әрекеттер мен оның астыртын жолдарын ұйымдастырушыларды іздеуге, түпкі амал-тәсілдерін анықтауға барынша күш салу өте маңызды», деп атап айтты.
Қоғам • 17 Мамыр, 2023
Концлагерьде туған қыз әлі әділдік іздеп жүр
«Адамды қиындық шыңдайды» деген сөз рас. 81 жастағы Мария Штукар фашистік концлагерьде туып-өссе де әлі тың. Өз құқығын қорғау үшін қайратқа мініп, елорданың талай мәртебелі мекемелерінің есігін қағып, табалдырығын тоздырып жүр.