
Спорт • 17 Желтоқсан, 2023
Шавкат Рахмонов — Стивен Томпсон жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 296 турнирі басталды. Осы турнир аясында отандасымыз Шавкат Рахмонов та алты бұрышқа шығады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 15 Желтоқсан, 2023
Асланбек Шымбергенов нокаутқа түсіп қалды
Бүгін Beeline Arena-да өтіп жатқан бокс кешінде отандасымыз Асланбек Шымбергенов мексикалық қарсыласына есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Желтоқсан, 2023
Роналду мен Месси танымал спортшылардың ондығына ілінбей қалды
Google компаниясы қолданушылары арасында 2023 жылдың ең танымал 10 спортшысын анықтады. Биыл бұл тізімнен португалиялық футболшы Роналду мен аргентиналық аяқдоп шебері Месси табылмады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023
Қарлы боран, көктайғақ салдарынан Жамбыл облысында жолдар жабылды
Жамбыл облысында қарлы боран, көктайғақ салдарынан жол көрінбей қалып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының 163-тен 230-шақырымына дейінгі учаскесі (жаңа Қордай асуы), «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының Астана қаласы бағытындағы 125-шақырымы, Түркістан облысымен шекарада Шақпақ ауылы маңындағы Күйік асуы уақытша жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Желтоқсан, 2023
«Барымды саламын»: Шавкат Рахмонов АҚШ-та қазақша сөйледі
Отандасымыз аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC 296 турнирі алдындағы ресми баспасөз конференциясына қатысты. Алты бұрышта жеңіліп көрмеген жерлесіміз турнирге дайындығы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023
Қыстың көзі қырауда құлпынай өсірген шаруа
Түркістан облысында Ордабасылық шаруа жыл он екі ай құлпынай өсіріп отыр. Қыстың көзі қырауда да егін мен жиын-терімді тоқтатпайтын Мұхтар Әлеуханов қыста нарыққа шыққан көкөніс, жемістер «дәріленген» деген түсініктен арылатын кез жетті дейді. Себебі шаруа облыстағы жылыжай иелері кез келген жемісті қыста да өсіруге дағдыланғанын айтты, деп жазады Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2023
Жалған жарнама жасаған блогерлер мен спортшылар жазаланады
Желіде тағамды асыра сілтеп жарнамалаған спортшылар мен блогерлердің ақпараты тексерілді. Тексеру қорытындысында Алматы облысы прокуратурасы құрамында жарнамада айтылған белсенді қоспалары жоқ, бұрыс айтылған дерегі үшін бірнеше өндіруші компанияны жазаға тартты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Желтоқсан, 2023
Qarmet -тің жаңа иесіне өндірістік қауіпсіздікті күшейту тапсырылды
Үкіметте Qarmet компаниясындағы еңбек қауіпсіздігін сақтау тәртібі мен даму жоспары талқыланды. Кеңеске Орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және компанияның жаңа басшысы Андрей Лаврентьев қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 14 Желтоқсан, 2023
Рөлде ұйықтап кетпеуге көмектесетін көзілдірік. Алматылық оқушы өнертабысын көрсетті
Алматы облысының тұрғыны 15 жастағы Ернұр Тұрғанбай көлік жүргізушілеріне арналған ерекше көзілдірік жасап шығарды. Эксперименттік өнертабыс рөлдегі адамның жай-күйін анықтап, ұйықтап кетпеуіне көмектеседі, деп жазады Egemen.kz облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.
Ауа райы • 14 Желтоқсан, 2023
Қаңтар қарлы, ақпан ақтүтек: Синоптиктер қыстың екі айына болжам айтты
Биыл елдің солтүстік, орталық аймағында қараша қарсыз өтіп, ауа райы тосын мінез танытты. Синоптиктер өткен айды «тарихтағы ең жылы қараша» деп таңбалады. Ал желтоқсанда күн райы жиі құбылып тұр. Айдың алғашқы күндері жылы өтсе де, кейінгі он күндікте қыс күшіне мініп, аяз қысты. Мамандар алдағы қыстың екі айы қаңтар, ақпанда елімізде қандай ауа райы болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.