Экономика • 11 Қараша, 2025
Жинақ қанша теңгеден басталады?
Ұлттық банктің қазан айындағы зерттеуінде ел азаматтарының 9,8 пайызы 500 мың мен 1 миллион теңге аралығындағы қаражатты ған жинақ деп санайтынын көрсетті. Ал 7 пайызы үшін 100 мың теңгеге дейінгі ақшаның өзі жинақ саналады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 11 Қараша, 2025
Белгілі қаламгер және қоғам қайраткері Ғалым Доскен өмірден өтті, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 11 Қараша, 2025
«Арсенал» мен «Қайрат» матчының билет бағасы белгілі болды
Лондондық «Арсенал» мен алматылық «Қайрат» арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 8-тур ойынына билеттердің бағасы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Қараша, 2025
«Әлемдік космонавтиканың алтын бесігі»: Тоқаев Байқоңыр ғарыш айлағы туралы айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары қарсаңында «Российская газета» басылымына «Мәңгілік достық – халықтарымыз үшін жарқын жол» атты мақаласы жарияланды. Онда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Байқоңыр ғарыш айлағының стратегиялық маңызын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 10 Қараша, 2025
21 жастағы Асылжан Алтай және оның достары ағылшын тілін жылдам меңгеруге арналған Aleem қосымшасын даярлап шықты. Қазір бұл қосымшаның алдына App Store-да ешкім түсіп тұрған жоқ. Шет тілін шебер үйрететін Duolingo-ны да Асылжанның қосымшасы басып озды, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 07 Қараша, 2025
Шығармашылық зертхана: Тынымбай Нұрмағамбетов немесе қазақ не нәрсеге күледі?
Түсіндірме сөздік былай дейді: «Күлкі – ауыздың ашық күйінде шығатын, қысқа әрі қатты дем шығаратын қозғалыс яки ерекше үзік-үзік дыбыстармен қатар жүретін әрекет». Тұп-тура анықтама. «Бірақ күлкі тынысты кеңк-кеңк шығару механизмі ғана болса, онымен картадан жасалған үйшіктерді ғана құлатуға болар еді. Ол ешқашан эстетикалық мәнге ие болмас еді». Өнертанушы Юрий Боревтің сөзінің жаны бар. Расында, күлкі – күштілердің қаруы. Өйткені ешқандай нәрсе кемшілікті күлкі сияқты абыржытпайды. А. Герцен айтады: «күлкі – ең қуатты қиратушы құрал» деп. Онысы шындық. Жылап-сықтаған Руссоға қарағанда, күлкіге көмген Вольтердің «бұзып жойғаны» көп. Ал Чарли Чаплин біздің дәуірімізде юморды өшпенділік пен қорқынышқа қарсы дәрі деп санаған. Күлкі – күдік пен үрейдің бұлтын сейілтіп, әлемге жарық түсіретін күш деп есептеген. Ал қазақ күлкі ұғымына мүлде басқаша қарағаны анық.
Әдебиет • 07 Қараша, 2025
Роза Мұқанова қазіргі драматургияға қатысты дәріс оқыды
Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен «Қаламгер ұстаханасы» жобасы аясында жазушы Роза Мұқанованың «Қазақ драматургиясы: сюжет, идея және көркемдік тәсіл» тақырыбындағы дәрісі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 06 Қараша, 2025
Ұлы тұлғалар жастық шағын қалай өткізді?
Талант табиғатының тамыры – еңбек. Әдебиет пен мәдениет саласындағы ұлы тұлғалар еңбекке ерте жастан етін үйреткен. Ұлы туындыларды ақ семсер кезінде жазып қалдыруға тырысқан. Уақыт пен күштің мол шағын барынша тиімді пайдалануға барын салған. Назарларыңызға тарихи тұлғалардың жастықтың жалқын қуатымен жасаған еңбектерін ұсынамыз.
Әдебиет • 06 Қараша, 2025
Қазақ жазушысы Қытайдың ең беделді әдеби сыйлығын жеңіп алды
Қытайдың Үрімжі қаласында тұратын қытайтілді қазақ жазушысы Анар Зинуарбекқызы Бин Синь атындағы мемлекеттік әдеби сыйлықтың иегері атанды. Бұл туралы Тяньшань ақпараттық агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 06 Қараша, 2025
Инвестициялау: қалай бастауға және жиі ұрынатын қателіктерді қалай айналып өтуге болады?
Бүгінде әр азамат өз болашағын қамтамасыз етудің жаңа жолдарын іздейді. Кейбірі жинақ шоттарын ашса, енді бірі қосымша табыс көздерін қарастырады. Осы тұрғыда инвестициялау – қаражатты көбейтудің заманауи әрі сенімді тәсіліне айналып келеді. Бұл ақшаңызды әр түрлі қаржы құралдарына орналастыру арқылы капиталды арттырудың тиімді әдісі. Яғни қаражат енді сіз үшін жұмыс істей бастайды. Алайда бастапқы қадамда жиі кездесетін қателіктерден сақтанып, нарықтың қауіп-қатерлерін білу маңызды. Осы орайда Fingramota.kz сайтына сүйеніп, инвестициялаудың қыр-сырына үңіліп көрдік, деп жазады Egemen.kz.