Ата заң • 09 Наурыз, 2026
Құралай Садықова, сарапшы: Конституциялық трансформация – маңызды бетбұрыс
Елімізде жүріп жатқан конституциялық реформалар мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған кең ауқымды өзгерістердің бір бөлігі. Тәуелсіздік жылдарында қабылданған Конституция елдің саяси тұрақтылығы мен мемлекеттік институттардың қалыптасуына негіз болды. Алайда қоғам дамыған сайын құқықтық жүйені де жаңа талаптарға бейімдеу қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда жаңа Конституция жобасы қазіргі кезеңдегі саяси, технологиялық және әлеуметтік өзгерістерге жауап беруге арналған құжат ретінде қарастырылып отыр.
Ата заң • 09 Наурыз, 2026
Өнерпаздар Конституцияны әнмен қолдады
Еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлері еліміздің жаңа Конституциясына арналған «Халықтың Ата Заңы» атты бірлескен әнді жазды. Жоба өтіп жатқан саяси реформаларға қоғамдық қолдаудың жарқын көрінісінің және азаматтық бірліктің символына айналды, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 09 Наурыз, 2026
Референдум қарсаңындағы қоғамдық көңіл күй: жаңа Конституцияға пікір қандай?
Елімізде жаңа Конституция жобасын қабылдау жөніндегі референдум жақындаған сайын қоғамдағы белсенділік те күшейіп келеді. Соңғы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері халықтың бұл мәселеге жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді. Сауалнама деректеріне сәйкес, ел азаматтарының басым бөлігі жаңа Конституция жобасымен таныс және референдумға қатысуға ниетті. Бұл жағдай елдегі конституциялық реформаның қоғамдық талқылаудан тыс қалмағанын аңғартады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 09 Наурыз, 2026
Жаңа Конституция билік теңгерімі мен адам құқықтарын нығайтады
Конституция кез келген мемлекеттің құқықтық іргетасы ғана емес, қоғам мен билік арасындағы ең жоғарғы келісім. Ол мемлекеттің қандай қағидаттарға сүйенетінін, билік пен азаматтың қарым-қатынасы қандай өлшеммен реттелетінін айқындайды. Елімізде 2022 жылдан басталған конституциялық реформалар осы қатынастарды қайта қарауға бағытталды. Ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы сол өзгерістердің жалғасы ретінде қабылданып отыр.
Әлем • 09 Наурыз, 2026
Израиль әскері Тегеранда Иран әуе күштерінің штабына соққы жасады
Израиль қорғаныс күштері Тегеранда орналасқан Иранның революциялық гвардиясына қарасты әуе күштерінің штаб-пәтеріне соққы жасалғанын хабарлады. Бұл туралы ресми мәлімет Израиль әскерінің Telegram арнасында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 09 Наурыз, 2026
Иранның ядролық нысанына соққы жасалды
Иранның Исфахан провинциясындағы ядролық нысан АҚШ пен Израильдің соққысына ұшырады. Бұл туралы Иранның ISNA ақпарат агенттігі елдің Ядролық қауіпсіздік ұлттық орталығының мәліметіне сүйене отырып хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 09 Наурыз, 2026
Елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі
«Қазгидромет» синоптиктері 9 наурыз, дүйсенбі күні барлық өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Елдің бірқатар аймағында қар мен боран, көктайғақ, жаңбыр мен найзағай, сондай-ақ екпінді жел күтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Тағзым • 06 Наурыз, 2026
Алаш қозғалысынның көшбасшысы, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына – 160 жыл. Ол азаттықты аңсап, туған елінің саяси тұтастығы мен бекемдігі жолында жанын құрбан етті. Жұртының мұрасын түгендеп, мұратын айқындады. Алаш ұғымын елдік һәм мемлекеттік рәмізге айналдырған тұлғаның құрметіне Астанадағы зиялы қауым үш арыс – Әлихан, Ахмет, Міржақып ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Іс-шараға Alash.kz ұлттық порталы мұрындық болды.
Тұлға • 05 Наурыз, 2026
Әлихан Бөкейхан немесе бақсылар қорыққан бала
Шыңғыс қағанның дүниеге қан шеңгелдеп туғанындай ұлы міндет артылған тұлғалар шаранасынан белгілі болады. Құдай ондай жандарды айрықша нышанмен жаратады деседі. Алаш рухының құлабызы Әлихан Бөкейхан да құлын кезінен қыдыр дарыған қасиетті жан. Туған елінің саяси тұтастығы мен бекемдігі үшін аянбай күрескен феномен тұлғаның балалық шағы да басқалардан мүлде басқаша өткен.
Тұлға • 05 Наурыз, 2026
Әлихан Бөкейханның туғанына – 160 жыл: Астанада Алаш ардақтыларына тағзым етілді
Алаш қозғалысынның құлабызы, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толып отыр. Ол ғасыр ғадауатында азаттық аңсап, туған елінің саяси тұтастығы мен бекемдігі үшін қаны мен жанын құрбан етті. Жұртының мұрасын түгендеп, мұратын айқындады. Алаш ұғымын елдік һәм мемлекеттік рәмізге айналдырған тұлғаның құрметіне Астанадағы зиялы қауым Әлихан, Ахмет және Міржақып ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды, деп жазады Egemen.kz.