Төтенше жағдай • 12 Наурыз, 2026
Астанада құтқарушылар өрт кезінде 3 газ баллонын сыртқа алып шыққан
Елордадағы Байқоңыр ауданындағы Тайбурыл көшесінде орналасқан ангар үлгісіндегі цех ғимаратында өрт шықты. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт дер кезінде сөндіріліп, ықтимал жарылыстың алдын алды, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 12 Наурыз, 2026
АҚШ инвесторы Қарағандыдағы ірі кен орындарын игеруге 1,1 млрд доллар құймақ
Еліміздің тау-кен саласына шетелдік инвестиция тарту бағытында жаңа қадам жасалды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев америкалық Cove Kaz Capital Group LLC компаниясының бас директоры Доминик Хитонмен кездесіп, Қарағанды облысындағы ірі кен орындарын бірлесіп игеру мәселесін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 11 Наурыз, 2026
Никита Шаталов жастарды референдумға қатысуға шақырды
Мәжіліс депутаты Никита Шаталов Парламент отырысында депутаттық сауал жолдап, жастарды 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 11 Наурыз, 2026
Еліміздің қай өңірінде бензин мен дизель арзан?
Жанармай бағасы кейінгі бір жылда айтарлықтай өзгерді. Әсіресе бензин мен дизель құнының өсуі 2025 жылдың екінші жартысынан бастап күшейе бастаған. Дегенмен өңірлер бойынша баға бірдей емес. Кей аймақтарда жанармай айтарлықтай қымбат болса, кей өңірлерде арзандау, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Наурыз, 2026
Елімізде 200 мың педагог ChatGPT Edu-ді пайдаланатын болады
Енді мұғалімдердің жұмысына жасанды интеллект көмектесе бастайды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елімізде шамамен 200 мың педагог ChatGPT Edu құралын пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Бұл жүйе сабақ дайындау, тапсырма құрастыру және оқу материалдарын әзірлеу кезінде мұғалімдерге көмек көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 11 Наурыз, 2026
Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында ерлікпен қаза тапты
Жетісу облысында құтқару жұмыстары кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері қызметтік борышын атқару барысында қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Баға • 11 Наурыз, 2026
«Nauryz Sale»: Мереке қарсаңында азық-түліктер арзан бағада сатылады
Наурыз мейрамы қарсаңында елімізде 13-23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы өтеді. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы жандандыруға және ел тұрғындары мен қонақтарына ортақ мерекелік көңіл күй қалыптастыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Ерлан Жетібаев: Қазақстан өз азаматтарын қатерге қалдырмайды
Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың ушығуына байланысты ел азаматтарын эвакуациялау әлі де жалғасып жатыр. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев уәкілетті органдармен бірлесе атқарылып жатқан жұмыстардың жай жапсарын баяндады. Бастысы, қауіпті аймақтарда зардап шеккен немесе опат болған ел азаматтары жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 10 Наурыз, 2026
Референдум кезінде 54 елде сайлау учаскесі жұмыс істейді
Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты 10 елдегі 11 сайлау учаскесінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 10 Наурыз, 2026
СІМ ресми өкілі: Таяу Шығыста зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ
Сыртқы істер министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Эвакуация басталғалы бері уәкілетті мемлекеттік органдардың, резидент және резидент емес әуе компанияларының көмегімен 8 585 отандасымыз елге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.