
Теңге • 15 Шілде, 2025
Бүгін Үкімет отырысында қаржы саласындағы жүйелі өзгерістер мен экономиканы тұрақтандыруға бағытталған жаңа бастамалар жария етілді. Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаржы заңнамасын жаңғыртуға арналған ауқымды реформалар топтамасы дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Теңге • 15 Шілде, 2025
Жыл басынан бері теңге 1%-ға нығайды
Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің айырбастау бағамына қатысты ахуалды баяндады. Жыл басынан бері ұлттық валюта 1 пайызға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 519,73 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Шілде, 2025
Инвестиция мен экспорт – өсім өзегіне айналды
Бүгін Үкімет отырысында еліміздің экономикалық дамуына тікелей әсер ететін инвестиция тарту және сыртқы сауда айналымы мәселесі талқыланды. Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан оң сауда балансын сақтап отыр, ал инвестиция көлемі стратегиялық салаларда елеулі өсім көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Шілде, 2025
Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменіне сәйкес Қарулы Күштерде кадрлық өзгеріс енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 14 Шілде, 2025
Медициналық көмектің бірыңғай базалық пакеті енгізіледі
Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жаңғырту аясында медициналық көмектің бірыңғай базалық пакетін енгізуді көздейтін заң қабылданды. Бұл бастама денсаулық сақтау саласындағы кепілдік берілген қызметтерді нақтылауға, жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге және халыққа көрсетілетін көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 14 Шілде, 2025
Трамптың трамплині: Президент болмай тұрып кім еді?
Әркімнің шеке тамыры өзінше бүлкілдейді емес пе? АҚШ-тың қазіргі Президенті де бөлекше күркірейді. Әр үйде көрсететін реалити шоу секілді, Ақ үйде түрлі ойын көрсететін Дональд Трампқа саяси сарапшылар таңғалыспен қарайды. Әдеттегі басшылар секілді әдеппен сөйлемейді. Әріптесін әзілмен шаншып, азумен қақшып алады. Мертіктірер мергендер бұған да Кеннедидің кебін келтірмекші болып еді. Құлағына тиіп құламай қалды. Сөйте тұра анталап тұрған еліне қанталап тұрып өзіне дауыс беруге шақырды. Бұл не қылған «Өлмесхан» деп маңдайын уқалайды мамандар. Әрине, ешкімнің шешесінен көйлекшең тумағаны белгілі. Сондықтан біз Трамптың трамплинге шығу жолын шолып өтіп, президент болғанға дейінгі өмірін безбендеп көрдік.
Еңбек • 14 Шілде, 2025
Енді еңбек кітапшасы қажет болмайды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбек кітапшасы енді міндетті құжаттар тізімінен алынып тасталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Қытай және Өзбекстан шекарасында төрт жаңа кеден бекеті іске қосылды
Еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат аясында Қаржы министрлігі шекарадағы кеден инфрақұрылымын жаңғыртуды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан бағыттарында тоғыз өткізу пунктін жаңғырту жобасы қолға алынған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Шілде, 2025
Балмұздақ бағасы қымбаттап тұр
Биылғы екінші тоқсанда балмұздақтың бағасы 13,5%-ға өсті. Бұл – азық-түлік инфляциясынан жоғары көрсеткіш, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Шілде, 2025
Балық шаруашылығына басым бағыт
Елімізде балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі салтанатты түрде атап өтілді. Сала азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халықты жұмыспен қамтуға елеулі үлес қосып отыр, деп жазады Egemen.kz.