Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
1666 материал табылды

Президент • 31 Желтоқсан, 2025

Мәдениетке еңбек сіңіргендер: 2025 жылғы мемлекеттік стипендия иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz

Экономика • 31 Желтоқсан, 2025

Жаңа жыл алдында ақшаны қалай жоспарлаған дұрыс?

Желтоқсан айы – жылдың ең шығынды кезеңі. Сыйлық, мерекелік дастархан, басқосулар, жол жүру мен демалыс отбасы бюджетіне салмақ түсіреді. Дәл осы уақытта адамдар ойланбай ақша жұмсап, қажетсіз несие алып немесе алаяқтардың құрбаны болады. Сондықтан бюджеттік берекені сақтай отырып, мерекені лайық деңгейде атап өтуге қажет чек-листті дайындап көрдік.

Президент • 31 Желтоқсан, 2025

Қазақстан ЕАЭО-ға төрағалық етеді: Президент үндеу жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұйымға төрағалық етуі басталуына орай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025

Жаңа жыл қарсаңында адасып кеткен азамат аман-есен табылды

Жаңа жыл күндері полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қадағалаумен қатар, адам өміріне төнген қауіптің алдын алуға да барын салады. Осындай оқиғалардың бірі Ақмола облысының Бұланды ауданында тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025

Бортсеріктерге шабуыл жасаған жолаушыға 4 жылға жаза кесілді

Астана – Новосибирск бағытындағы әуе рейсінде бортсеріктерге шабуыл жасаған жолаушы әйелге төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025

Ақмола облысында 1732 мұғалімнің жалақы қарызы толық өтелді

Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы білім бөлімі жергілікті педагогтердің еңбекақысын уақытында төлемеген. Бұл жөнінде Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әлем • 31 Желтоқсан, 2025

Германияда бұрын-соңды болмаған ұрлық жасалды

Германияның батысындағы Гельзенкирхен қаласында ел тарихындағы ең ірі банк тонауларының бірі тіркелді. Қарақшылар банк қоймасының қабырғасын бұзып кіріп, шамамен 3200 сейфтегі ақша мен қымбат заттарды алып кеткен. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі 10 млн еуродан 90 млн еуроға дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2025

Шығармашылық зертхана: Айт-ман не айтқысы келеді?

Көркем шығарманы түсініп оқу – оны жазуға кеткен еңбекпен пара-пар үдеріс. Автор бейнелеп отырған өмір өзінің де санасында жаңғырып, өзі де сол өмірдің бөлшегіне айналуы үшін оқырман да санасына салмақ түсіруі қажет. «Мені қызықтыр», «не айтқың келгеніңді түсіндір» дейтін адамдар Гогольдің сиқыршы кейіпкері Пацюктің тамақ ішкенін еске түсіреді. Ол бұған келгенде мүлде қиналмайтын. Оның алдында бір тәрелке вареник пен қаймақ тұратын. Әлгі варениктер сиқырдың күшімен өзі көтеріліп, қаймаққа күмп етіп алып Пацюктің аузына қарай ағыла беретін. Бірақ оқу процесі Пацюктің түскі асына түк те ұқсамайтын құбылыс. Мұнда ешқандай сиқыр идеяны қара сөздің қаймағына матырып асқазаныңа жөнелтпейді. Шығарманы оқу нәтижелі болуы үшін оқырман өзі еңбек етуі керек, әрі ешқандай ғажайып оны бұл жұмыстан босата алмайды. Мәтіндегі күрделі сөздерді түсінуден бөлек, ондағы мәнді қабылдай алу үшін оқырман да шығармашылық еңбекке араласу қажет.

Әлем • 30 Желтоқсан, 2025

Солтүстік Корея қанатты зымырандарды сынақтан өткізді

Солтүстік Корея Батыс теңіз акваториясында алыс қашықтыққа арналған стратегиялық қанатты зымырандарды ұшыру бойынша әскери оқу-жаттығу өткізді. Оны ел төрағасының өзі жеке басқарды, деп жазады Egemen.kz.

Экономика • 30 Желтоқсан, 2025

«Салық амнистиясы»: кімдердің айыппұлы кешіріледі?

2026 жылдың алғашқы тоқсанында микро және шағын кәсіпкерлерге салықтық қарыз жүгін жеңілдетуге мүмкіндік беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске қосылатын амнистия айыппұлдар мен өсімпұлдарды толық кешіруді көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика