
Қылмыс • 26 Маусым, 2025
Интернеттегі алаяқтық өршіп барады
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен Конгресс-орталықта AFM Online 2025 «XXI ғасырдың цифрлық триггерлері» форумы өткізілді.
Үкімет • 26 Маусым, 2025
ЕЭО-ның Кеден кодексіне түзету енгізілді
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын, атап айтсақ, нотариаттық қызмет мәселелері, «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын қарады.
Пікір • 21 Маусым, 2025
Әлі есімізде, 2020 жылдың ақпанында Жамбыл облысының Қордай ауданындағы негізінен дүнген этносы шоғырланған бірнеше ауылда үлкен дау болды. Ал дүрбелеңнің негізгі себебі Сортөбе ауылында он шақты дүнген жігітінің жасы 80-ге таяған қазақ қариясын қос ұлымен қоса сабағаны болды. Ертесіне сол сортөбелік тұрғындардың облыс орталығынан жедел жеткен полицейлерге бағынбай, тіпті заң өкілдеріне күш көрсетіп, балағаттап, басынғандары жағдайды одан әрі ушықтырды.
Саясат • 20 Маусым, 2025
Еуропалық одақпен диалог нығайып келеді
Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси конфигурациядағы ынтымақтастық комитетінің 22-отырысы өтті. Тараптар негізінен Қазақстан мен Еуроодақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді талқылады.
Үкімет • 19 Маусым, 2025
Ішкі жалпы өнімнің өсу қарқыны байқалады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, онда мемлекеттік саясаттағы маңызды мәселелер, еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болатын республикалық бюджеттің атқарылуы жайы қаралды. Отырыста депутаттар Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның өткен жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін тыңдады.
Әлем • 17 Маусым, 2025
Өткен аптада ушыққан Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс қазір әлемді алаңдатып отыр. Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы әскери шиеленіске байланысты алаңдаушылық білдіріп, қақтығысты БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқық нормасына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді құптайтынын мәлімдеді.
Басылым • 13 Маусым, 2025
Басқа басылымдардан: Үндістан – стратегиялық маңызды серіктес
Қазақстан Үндістанмен екіжақты сауда көлемін үш есеге арттыруға ниетті. Бұл бастама энергетика, цифрлық әріптестік және инфрақұрылымға инвестиция тартуға басымдық беру арқылы жүзеге асырылмақ.
Саясат • 12 Маусым, 2025
Қазақ-словак серіктестігінің жаңа кезеңі
Елімізге Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келді. Оны Ақордада Мемлекет басшысы салтанатты рәсіммен қарсы алды. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Словакияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Словакия Үкіметі басшысының ресми сапары аясында қос тарап шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Қоғам • 05 Маусым, 2025
Ұлттық музейде Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ұйытқы болуымен мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы-публицист, рәмізтанушы Ербол Шаймерденұлын еске алуға арналған «Мемлекеттік рәміздер – елтаным негізі» атты конференция өтті.
Құқық • 05 Маусым, 2025
Адалдық әрбір ұжымнан басталады
«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес мәселелері талқыланған жиын өтті.