Ғалам ғажаптары • 30 Қаңтар, 2026
Көзі байлаулы спортшы рубик кубигін 11,67 секундта құрастырды
Рубик кубигін шешу көп адамға таныс. Бірақ оны көзді байлап шешу мүлде басқа деңгей. Мұнда жылдамдық қана емес, жады мен елестету шешуші рөл атқарады. 2026 жылғы 10 қаңтарда Аустралияның Сидней қаласында өткен Cubing at The Cube 2026 жарысында Чарли Эггинс 3×3×3 Рубик кубигін көзін байлап тұрып 11,67 секундта шешіп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл нәтиже Guinness World Records тарапынан ресми тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Қаңтар, 2026
34 секунд айырмашылық: Кениялық желаяқ әлем рекордын жаңартты
Әрі жарыс әрі мереке саналатын марафонда небір қызықтар мен адам таңғаларлық нәтижелер жиі болып тұрады. Мәселен, 2023 жылдың 8 қазанында Чикаго көшелерінде болған марафон тарихта қалды. Кениялық желаяқ Келвин Киптум 42,195 шақырымдық жарыста мәреге 2 сағат 35 секундта келіп, әлем рекордын жаңартты. Бұл нәтиже World Athletics тарапынан ресми түрде бекітілді. Рекорд 6 ақпан 2024 жылы ратификацияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 30 Қаңтар, 2026
Ғалам ғажаптары: Жердегі ең үлкен сурет қалай салынды?
Кейде өнер кенепке де, қабырғаға да сыймай қалады. Сондай сәтте сурет жердің бетіне түседі. Түркияда бір күні стадиондай кең алаң тұтас бояуға малынып, алып картинаға айналған. Guinness World Records дерегінше, жерге салынған әлемдегі ең үлкен суреттің көлемі 11 965,7 шаршы метр болған. Бұл рекорд Ыстанбұл қаласында 2013 жылғы 17 мамырда тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 30 Қаңтар, 2026
Оқытуды жеңілдеткен платформалар
Қазір үй тапсырмасын жасанды интеллектіге орындататын оқушылар көбейді. «Мұндай жеңіл жол балалардың өз бетімен іздену дағдысын, сыни ойлау қабілетін әлсіретіп жібермей ме?» деген заңды сұрақ туындайды. Сондықтан мәселе – жасанды интеллектіге тыйым салуда емес, оны дұрыс бағытта қолдануда. Осы тұста білім мен технологияны ұштастырған «EdTech» стартаптардың маңызы алдыңғы қатарға шығады. Бұл бағыттағы платформалар мен құралдар мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушының шынайы білім алуын бақылайды. Ендеше, еліміздегі «EdTech» жобалардың аяқ алысына шолу жасап көрейік.
Ғалам ғажаптары • 30 Қаңтар, 2026
Саид Рашед Әл-Мхейри есімді балақай 4 жасында мейірім туралы балалар кітабын шығарды. Сол еңбегі үшін ол рекордтар кітабына «Ең жас автор» ретінде енді.
Ғалам ғажаптары • 30 Қаңтар, 2026
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында әлемдегі ең алып мұрал бар. «Guinness World Records» дерегінше, порт аумағындағы өндірістік нысандардың сыртына салынған бұл суреттің жалпы көлемі – 23 688,7 шаршы метр.
Ғалам ғажаптары • 30 Қаңтар, 2026
Код жазуды үйрену бүгін ойын сияқты қызық. Португалияның Лиссабон қаласында бір мезетте өткен бағдарламалау сабағына 1668 адам қатысып, әлемдік рекорд орнатты.
Ғалам ғажаптары • 29 Қаңтар, 2026
Әлемдегі ең әйгілі желаяқ ямайкалық спортшы – Усэйн Болт. Ол жеңіл атлетикадағы ең қысқа әрі өте тартысты қашықтық саналатын 100 метрге жүгіру сайысында адам сенгісіз нәтиже көрсетті.
Ғалам ғажаптары • 29 Қаңтар, 2026
Адамның қабілеті мен мүмкіндігі ғаламат. Оған дәлел – америкалық альпинист Алекс Хоннольд. Ол Тайваньдағы ең биік «Taipei 101» ғимаратына қауіпсіздік арқанынсыз өрмелеп шықты.
Ғалам ғажаптары • 29 Қаңтар, 2026
Осы күні ең көп тараған спорт түрінің бірегейі – футбол. Доп додасындағы бір сәттік серпілістің өзі тарихта қалатын кездер болады. Соның айқын дәлелі – 2015 жылғы 22 қыркүйекте болған ойын.