
Білім • 19 Қыркүйек, 2024
Оқушыларды жігерлендірген жүздесу
Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде белгілі дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Сайлау Батырша-ұлымен кездесу өтті. «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен тағылымды іс-шарада ғалым оқушылармен сыр-сұхбат құрып, жиын соңында 200-ге жуық кітап қорын мектеп музейіне табыстады.
Ғылым • 17 Қыркүйек, 2024
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғалымы Қанат Ермекбаев Орталық Азия мемлекеттерінде өсетін бидайдың генетикалық кодын анықтап, жылдам селекциялау жолдарын зерттеп жатыр.
Таным • 13 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: Отандық жоба озық тұр
Қазір отандық ІТ мамандар әзірлеген жобалар әлемдік нарыққа шығып жатыр. Солардың бірі – оқушыларға цифрлық сауаттылықты үйрететін «CodiPlay» платформасы Түркия мектептерінде қолданысқа енгізілді.
Digital • 13 Қыркүйек, 2024
Цифрлық инклюзия және трансформация бойынша Азия-Тынық мұхиты елдерінің министрлік конференциясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен «Google» компаниясының Кавказ және Орталық Азия аймағы бойынша үкіметпен байланыс әрі қоғамдық саясат бөлімінің басшысы Ольга Скороходова Қазақстанның цифрлық трансформациясын жеделдетуге бағытталған стратегиялық серіктестіктің нәтижелерін талқылады. Сонымен қатар конференцияға келген 30 елдің делегаттарына еліміздің үздік стартаптары мен ірі IT-компанияларының жобалары таныстырылды.
Таным • 13 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: Дауысқа қарап, диагноз қояды
Америкалық ғалымдар науқастың дауысы арқылы гипертонияның алғашқы белгілерін дәл анықтайтын жасанды интеллект үлгісін жасап шығарды.
Құқық • 13 Қыркүйек, 2024
Емханаларда Face-ID жүйесі арқылы жалған құжат жасауға тосқауыл қойылмақ. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қанатқақты жоба Астанадағы медициналық-санитарлық көмек бойынша республикалық емханада іске қосылды.
Олимпиада • 12 Қыркүйек, 2024
Ауыл олимпиадасына іріктеу басталды
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиадаға іріктеу басталды. Өтініштерді қабылдау 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған білім бәсекесі биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Таным • 12 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: Алғашқы көліктер
Шанхайдағы «Көлік музейі» көздің жауын алады. Себебі үш қабатты ғимараттың іші Қытай мен әлем елдерінің көлік тарихынан сыр шертетін темір тұлпарларға толы.
Таным • 11 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: «Joshy Ulysy» монетасы
Қазақстан Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен «Joshy Ulysy. 800 jyl» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
Өндіріс • 11 Қыркүйек, 2024
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ERG (Eurasian Resources Group) компаниясы Павлодарда ғылыми-инновациялық хакатон өткізді. Жиынға ғылыми институттардың, ірі жоғары оқу орындарының, «Қазақстан алюминий» АҚ жетекші ғалымдары қатысты.