Ғалам ғажаптары • Кеше

Қызыл-сары қағаз қайдан шықты?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

60-жылдардың соңына дейін футболда сары қағаз да, қызыл қағаз да болмаған. Төрешілер ескертуді дәптерге ғана жазып қоятын. Соның салдарынан халықаралық матчтардың соңы көбіне дау-дамаймен аяқталатын еді.

Қызыл-сары қағаз қайдан шықты?

Алайда бұл түйткілді Кен Астон есімді ағылшын төрешісі шешіп берді. 1966 жылы әлем чемпионаты кезінде бас төреші қызметін атқарған Кен бір күні көлігімен келе жатып бағдаршамға тоқтайды. Сол сәтте ол бағдаршамдағы түстерді футбол тәртібіне қолдануға болатынын түсінеді. Осылайша, бұл ереже алғаш рет 1970 жылы Мексикада өткен әлем чемпионатында қолданылды. Содан бері сары және қызыл қағаздар футбол тәртібінің ажырамас бөлігіне айналды.