
Театр • 28 Маусым, 2024
Балалық шақ – патшаның тағы демекші, адам өміріндегі ең ғажап уақыт балдәурен кезең. Өмірдің ойынына батып, алаңсыз тірлік кешкен ғажап уақытқа не жетсін, шіркін! Ал сол тәтті шақтың қызықтары туралы әдебиетте Бердібек Соқпақбаевтан артық жазған қаламгер жоқ. Кезінде туынды желісімен кино түсірілсе, бүгінде елдегі театр сахналарында тамаша қойылымдар көрсетіліп жатыр.
Өнер • 30 Мамыр, 2024
Қазақ халқында «Шәмші», «Шәмшінің әні» десе, ішкен асын жерге қоймайтын жан жоқ. Адам жүрегін тебірентетін сезімдердің қайсысы болсын – асыл ана, ардақты әке, мөлдір сезім, шынайы махаббат – осының бәрі Шәмші әндерінің тақырыбы.
Зерде • 30 Мамыр, 2024
Керекуде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақтың талай ұлт қаймақтары, соның ішінде Әлихан Бөкейхан жазасын өтеген «Ақ түрме» болған. Ғимарат ақ патша заманынан, ақтардан қалғаны себепті халық аузында солай аталып кеткен деседі. Қазір бұл көне нысанның орнында тоғыз қабатты зәулім баспана бой көтерген.
Мәдениет • 21 Мамыр, 2024
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіндегі қор жинақтарының ерекшелігін бүгінде Мейрамғали Есмұқановтан артық білетін адам жоқ десе болады. Мекеменің бас қор сақтаушысы қызметін атқаратын маман мыңдаған жәдігердің әрбіреуін өз қолымен қаттап, тиісті жағдайда сақталуын тұрақты қадағалап отырады.
Басылым • 11 Мамыр, 2024
Қазақ жауынгерлерінің рухын көтерген басылым
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында шамамен қазақ тілінде 15-ке жуық қазақ басылымы шығып тұрған. Соның бірі – «Алға жауға қарсы» («Жауға қарсы аттан») газеті. Кеңес әскерінің жауынгерлік рухын көтеруге арналған басылымда қазақ солдаттарының ерлік істері мен тылдағы еңбеккерлер жайында кеңінен жазылған.
Талбесік • 26 Сәуір, 2024
Тозығы жеткен техника орман шаруашылығының кәдесіне жарамайды
Жаздың шуақты күндері жақындаған сайын Ертістің орманды өңірлеріндегі ауыл халқы айрықша алаңдап отыр. Себебі былтыр Абай еліндегі алапат өртке тап болған жалқарағай ормандары Павлодар өңірімен шектесіп жатқаны мәлім. Өкінішке қарай, 277,9 мың гектар орманды жерге жауапты «Ертіс орманы» резерватының өртке қарсы дайындығы мәз болмай тұрған тәрізді. Тек бұл ғана емес, облыстағы өзге де орман қорғау мекемелерінде шикіліктер анықталды.
Ғылым • 23 Сәуір, 2024
Іштен жану қозғалтқышы әлі де көкейкесті
Инженерия саласында көлік техникасының динамикасы деген бағыт бар. Бұл – машинаның басқаруын, оңтайлығын, жатықтығын, өткіштік мүмкіндігін арттыруға арналған ғылым. Соның ішінде көпсалалы көлік құралына қажет жүріс жүйесін құрастыру үлкен ізденіс пен қажырлықты қажет ететін еңбек. Осы орайда, техника ғылымының кандидаты, профессор Қайратолла Әбішевпен ғылыми ізденістері жөнінде әңгіме өрбіттік.
Жәдігер • 23 Сәуір, 2024
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Жүсіпбек Аймауытұлы ұстаған Құран кітап сақтаулы тұр. Жәдігерді заманында Баянауылдағы Әбілдә хазірет өзге діни кітаптармен бірге Бұқарадан керуен тарттырып алдырған екен.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2024
Өлеңтіні жайлаған жұрт кешенді көмекті қажет етеді
Ақкөл-Жайылма алқабы мен Ақтоғай ауданының қырдағы халқы былтырдан бері әділдік іздеп, талай мекеменің табанын тоздырып келеді. Өлеңті өзенін көршілес Ерейментау ауданының «Айдар» шаруашылығы бөгеп тастап, 80-ге жуық шаруа қожалығын зар қақсатып отыр. Алайда су шаруашылығына жауапты министрлік пен саланың жергілікті ұйымдары аталған мәселені шешуге қауқарсыз. Жұртшылық мұны мал өсіріп отырған ағайынға қолдан жасалған қастандық деп бағалайды.
Экология • 16 Сәуір, 2024
Тұрақты даму – бұл экологиялық қауіпсіздік, әлеуметтік тұрақтылық және экономикалық өсім факторлары тепе-теңдігінің сақталуы. Әлемнің дамыған мемлекеттерінде бұл үштағанға айрықша көңіл аударылатыны да шын. Өкініштісі, бұл саладағы отандық экономикалық-экологиялық қозғалтқышты оталдыру әзірше мүмкін болмай тұр.