Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
639 материал табылды

Аймақтар • 02 Қазан, 2024

Жылу берудің жайы

Павлодар облысында тұрғын үйлерді жылуға қосу жұмыстары тәмамдалып қалды. Қазірде Ақсу қаласындағы барлық тұрғын үй жылуға қосылған. Ал Павлодар мен Екібастұздағы іс-шаралар бір-екі күнде аяқталуы тиіс.

Қоғам • 28 Қыркүйек, 2024

Жазушының жұрағаты

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне Жүсіпбек Аймауытұлының үлкен ұлы Бектұр Аймауытовтан қалған жә­ді­герлер тапсырылды. Ұлының тұяғы кеңес өкіметінің солақай сая­са­­тынан өмір бойы Азия елдеріне шығарылмай, «халық жауы­ның баласы» деген жаламен 10 жылын Ресей түрмелерінде өткізген.

Театр • 28 Қыркүйек, 2024

Олжа салған «Күйеу бала»

Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» «Ертіс-Баян» І республикалық театр фестивалінде жеңімпаз атанды. Режиссер Дәурен Серғазиннің «Күйеу бала» спектаклі ұлттық драматургия саласында жаңа бір буынның қалыптасып келе жатқанын аңғартты. Қойылымды көріп отырып, бір жылап, бір күлдік.

Мәселе • 27 Қыркүйек, 2024

Көмір жеткізуде іркіліс бар

Өңір билігінің қазіргі уайымы – тұр­ғын­дар мен бюджеттік ұйымдарды көмірмен уақтылы қамтамасыз ету. Жеке үйлерді жылытуға алдағы қыс­қа 326 мың тонна отын қажет. Кө­мірмен қамтуға қатысты барлық өңір бірдей белсенді жұмыс жүргізіп жатқан жоқ. Мәселен, Ақсу қаласының теміржол тұйығында көмір табылмай тұр.

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2024

Мақсаты биік орталық

Павлодарда «Алтын сақа» қосымша білім орталығы ашылды. Жалпы саны 18 мың баланы қамтуға арналған ұйымда IT-студия, роботтехника үйірмелері, шығармашылық, спорттық және музыкалық бағыттағы секция­лар жұмыс істейді.

Қоғам • 26 Қыркүйек, 2024

Керекудің майталманға құрметі

Бұқар жырау атындағы Әдебиет және өнер музейінде қазақ киносының аңызы Асанәлі Әшімұлының жеке заттары қойылған кабинет ашылды. Онда актердің киген шапаны, шахмат тақтасы, үстел үсті жиынтықтары және өзге де пайдаланған жеке заттары, фотосуреттері қойылған.

Театр • 24 Қыркүйек, 2024

Театр тарландары – Ертіс-Баян өңірінде

Павлодарда «Ертіс-Баян» І республикалық театрлар фестивалі өтіп жатыр. Өнер додасы 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Онда алғашқы іріктеуден өткен 11 театр өз қойылымдарын көрсетеді.

Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2024

Жаңа пәтерге қоныстанды

Павлодарда жаңа тұр­ғын үй пайдала­нуға берілді. Жай­лы пәтерлерге же­тім балалар, көпба­ла­лы отбасылар және әлеу­мет­тік осал отбасылар са­на­тын­дағы азаматтар қоныстанды. Бүгінде әлеуметтік тұрғын үй ке­зегінде 16 мыңнан ас­там пав­лодарлық тұр.

Шаруашылық • 20 Қыркүйек, 2024

Керекудің астығы аста-төк

Ертіс-Баян өңірінің диқандарына биылғы күз берекелі болып тұр. Қыркүйектің жаңбырлы күндері жиі айналып соққанына қарамастан, егіс алқаптарындағы орақ жұмыстары қызу жалғасып жатыр. Гектар басынан жиналып жатқан дәнді дақылдардың өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда үш есеге жуық жоғары.

Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2024

Өңірде азық-түлік арзандады

Ертіс-Баян өңіріндегі тұрақтандыру қоры өңір тұрғын­да­рының алдағы қысқа қажетсінетін азық-түлік өнім­дерін қамдауға кірісті. Қазіргі уақытта қор қой­ма­ларында 13,8 мың тонна азық өнімдері сақталып тұр.