Табиғат • 19 Мамыр, 2025

Баянауылға сыбырлақ аққулар ұшып келіп жатыр

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баянауыл ұлттық табиғи паркінің директоры Аждар Жүсіпов су айдындарына аққулар жиі ұшып келіп жатқанын хабарлады. Құстар сыбырлақ аққу түріне жатады, деп жазады Egemen.kz.

Баянауылға сыбырлақ аққулар ұшып келіп жатыр

фото: Баянауыл ұлттық паркі

- Аққуларды біздің мекеменің инспекторлары байқаған. Әсіресе, Далба орманшылығының Күркелі ауылдық округі аумағында сыбырлақ аққулардың жылдағыдан көптігі байқалады. Сыбырлақ аққулар елімізде кең тараған, көбіне қалың қамысты-қоғалы ірі көлдерін мекендейді. Біздің Баянауыл жерінде Қызыл кітапқа енген қиқылдақ аққу да кездеседі. Жалпы ұлттық парк аумағында қауырсын қанаттылардың 205 түрі бар болса, соның 9-ы Қызыл кітапқа енген, - дейді парк басшысы.

Орнитологтардың айтуынша, сыбырлақ аққудың (Cygnus olor)  тұрқы ірілеу, салмағы 14 келіге дейін болады. Түсі ақ, тұмсығы – қызыл, оның үстінде қара шор байқалады. Жас құстар қоңыр-сұр түсті. Жүзгенде мойнын латынның S әрпі түрінде иіп ұстайды. Ұшып бара жатқанда алыстан қанаттарының ырғақты сусылдаған дыбысы естіледі. Осы ерекшелігі арқылы сұңқылдақ аққудан ерекшеленеді әрі соңғысының тұмсығы сары-қара, шор болмайды.

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Бұрын-соңды болмаған өсімдік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ғарыштағы ЖИ деректер орталығы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Жаз маусымының бір сынағы

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Адам ДНҚ-сын құрастырады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05

Құлжан әулетінен қалған мұра

Жәдігер • Бүгін, 08:00

Күй

Сатира • Бүгін, 07:58