Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
667 материал табылды

Отбасы • 07 Қыркүйек, 2024

Әкенің тәрбиесі – қабағы

Біз – әкенің қабағына байланып өскен ұрпақтың өкіліміз. Әкенің қабағы өзгеріп бара жатса, белбеуді тартып, жинала бастайтынбыз. Бұл бізді ер-азамат ретінде жеке жауапкершілікке, отбасы ішіндегі сыйластыққа үйретті. Бала өр мінезді, асқақ рухты, намысты болып ер жетсе, әке діңгегінің мықты болғаны.

Қоғам • 05 Қыркүйек, 2024

Мемлекеттік тілді ардақтаған мекеме

Керекуде әр сәрсенбіде қазақтың ұлттық киімдерін жаппай киіп, жұмыс күнін Мемлекеттік әнұранды орындаумен бастайтын жекеменшік ұйым бар. Мұнда мемлекеттік тілге, қазақтың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүріне маңыз беріліп келеді. Ең бастысы, кәсіпорын басшылығы бұл асыл құндылықтарды әр қызметкеріне аса бір тапқырлықпен, ұтымды тәсілдермен жеткізіп отыр.

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2024

Қазақша ән салады

Павлодар қаласындағы «Достық үйінде» облыстық Қазақ­стан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері арасында «Қазақша ән саламыз» фестивалі өтті. Өзге ұлт өкілдері ел аузындағы танымал әндерді тамылжыта шырқап, халқымыздың әншілік мәдениетін жақыннан тани түсті.

Талбесік • 04 Қыркүйек, 2024

Рұқсат етілген аңшылық

Ертіс-Баян өңірінде күзгі аңшылық маусымы басталды. Аумақтағы 38 аң­шылық шаруашылығының 28-інде аң аулауға рұқсат етілген. Биыл құстар бойынша 28 092 үйрекке, 2 034 қазға, 2086 қасқалдаққа, 1 179 құрға квота қарастырылып отыр.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 03 Қыркүйек, 2024

Овариден олжа күтіп тұр

Павлодар облысының спортшылары V Дүниежүзілік көш­пелілер ойынында асық ату, ордо, овари, құраш және аба бо­йынша ел намысын қорғайды. Жалпы, өңірден 7 спортшы, бірнеше төреші қатысуға тиіс.

Таным • 03 Қыркүйек, 2024

Баянауылдағы Қоңыр әулие үңгірі

Арқа даласының жер маржаны Баянауылдағы тылсым әрі ғажайып орындардың қа­тарында Қоңыр әулие үңгірінің алар орны зор. Бұл – Қоңыр әулиенің есімі берілген әлемдегі сегіз үңгірдің бірі. Оны көпшілік Қызыл Ілиястың, Қызыр ата­ның мекені деп те атайды.

Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2024

Кәсіпкер тартуы

Екібастұз қаласына қарасты Зеленая роща ауылының оқушылары жаңа оқу жылында тамаша сыйлыққа кенелді. «Табыс» шаруа қожалығының басшысы Манат Алғамбаров өз қаражаты есебінен ауыл мектебінің бастауыш сыныптарына арналған қосымша ғимарат салып берген. Бұдан былай ауыл балалары бір ауысымда оқиды.

Қоғам • 02 Қыркүйек, 2024

«Ортекемен» рекорд орнатты

Дүниежүзілік көшпелілер ойыны қарсаңында павлодарлық оқу­шылар ұлттық «Ортеке» биінен еліміздің рекордын орнатты. Бір мезетте 100 домбырашы ортекелерді билетіп, Ер­тіс жағасын күмбірлеген күйге бөледі.

Қоғам • 30 Тамыз, 2024

Балаларды ерте қолдау қызметі ашылды

Павлодарда жаңа туған сәбиден 3 жасқа дейінгі балалардың дамуына жан-жақты көмек көрсететін ерте қолдау қыз­меті ашылды. Психологиялық-педагогикалық қолдау орта­лығы негізінде пайда болған ұйымда балалар танымдық, моторикалық және қарым-қатынас дағдыларымен танысады. Орталық өңірдегі 13 түзеу кабинетінің жұмысын да үйлестіреді.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2024

Павлодар: Көгілдір отын мәселесі қашан шешіледі?

Ертіс-Баян өңірін газдандыру мәселесі алдағы бес жылда шешіліп қалады деп күтіліп отыр. Арнайы жұмыс комиссиясының есебінше, жергілікті тұтынушылар көгілдір отынға 2030 жылы қосыла бас­тауы керек.