
Аймақтар • 08 Ақпан, 2024
Кәсіпорындардан қандай пайда бар?
Майқайың – ерекшелігі басым елді мекен. Ерекше дейтіні сол, 9 мыңнан аса халықтың берекесіне айналған әлемге әйгілі алтын кеніші осында орын тепкен. Биыл Майқайыңның, ондағы тау-кен өндірісінің алғаш өз алдына құрылғанына 92 жыл толады.
Қоғам • 07 Ақпан, 2024
Кереку демографиясына дем берген жоба
Еліміздің солтүстік аймақтарында еңбек күшін, яғни халықтың санын реттеу – мемлекеттің маңызды стратегиясы. Кейінгі жылдары Кереку өңірі жыл сайын бөлінетін квотаны сәтімен орындап, қоныс аударушылардың көңілін тауып келеді. Былтырдың өзінде аймаққа 3 352 адам көшіп келген.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2024
«Уәде етілген 4,5 млн теңге берілген жоқ». «Майқайыңалтын» кенішінде қаза болған азаматтың қызы
Майқайыңдағы алтын кенішінде автобуспен бірге жер астына түсіп кетіп, қаза болған Олег Тышкевичтің қызы отбасына тиесілі өтемақының дұрыс төленбей отырғанын айтады. Марқұм әкесі кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалында 27 жыл еңбек еткен.
Қоғам • 04 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы айтқандай, барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру ел стратегиясының басым бағыты болып қала береді. Қазақ тілі – ұлттық ұйысудың тиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі. Керекулік түрлі этнос өкілдері қазақ тіліне сұраныстың артқанын шын мәнінде дәлелдеп отыр.
Тағзым • 02 Ақпан, 2024
Халық геологы Қосым Пішенбаев туралы кітап жарық көрді
Екібастұз қаласында әйгілі халық геологы, кен білгірі Қосым Пішенбаевтың 180 жылдығына арналған «Қосымның тағдыры» кітабының тұсауы кесілді. Повесть авторы – баянауылдық өлкетанушы Александр Черкашин.
Көрме • 30 Қаңтар, 2024
Қылқалам шеберінің құнды мұрасы
Әйгілі Әбілхан Қастеевтің Керекуде сақталып тұрған суреттері баршылық. Н.Нұрмұхамедов атындағы өңірлік көркемсурет музейінің қорында қылқалам шеберінің 6 бейнесуреті және 35 түрлі түсті қарындаштармен салған туындылары тұр.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2024
Майқайың алтын кенішінде жер астына түсіп кеткен автобустағы екі құтқарушыны іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Жұма күні апаттың себеп-салдарын тексеріп жатқан арнайы комиссия нәтижелерін жария етті. Комиссия қайғылы оқиғаға кәсіпорынның жеті адамы жауапты деген ұйғарымға келген.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2024
Ертіс жайылмасын 70 пайыз су басса...
Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарындағы мол ылғал алдағы жазда ырыздықтың арта түсуіне себепкер. Мамандарды Бұқтырма су қоймасында жиналған судың көлемі қуантып отыр. Көктемде Ертіс өзені жайылмаларының кемі 70 пайызын су басады деген болжам бар.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2024
Кереку су арнасының өзекті мәселесі
Керекудегі коммуналдық сала қызметінің монополистері отпен ойнап отырғандай. Бірінен соң бірі тарифті көтеруге әрекеттеніп жатыр. Бұған дейін Екібастұзда жылу бағасы өскені туралы жазып едік. Енді алдағы айларда облыс орталығында электр жарығы – 27, ауыз су – 25, кәріз жүйесін пайдалану 9 пайызға қымбаттауы ықтимал.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024
Жұртшылықтың сенімі арта түсті
Кейінгі жылдары еліміздегі реформалардың дені құқық саласындағы ашықтыққа ұмтылу сипатында өрбіп жатыр. Азаматтардың қажеттіліктері мен олардың мүддесін қорғау шеніндегі іс-шаралардың бір парасы Кереку жерінде де жалғасын тауып, былтыр адам құқықтары жөніндегі жергілікті уәкілге тұрғындардан 212 шағым түскен.