Өндіріс • 21 Қаңтар, 2025
Ертіс-Баян өңірінде тау-кен металлургия мен мұнай-газ салаларына арналған күрделі жабдықтар шығаратын «ERG Service» ЖШС өнімдері бүгінде елімізге танымал. Отандық өндіріс орындары мен ресейлік компаниялар одан 20-дан астам өнім түрін сатып алып отыр.
Денсаулық • 21 Қаңтар, 2025
Ертіс-Баян халқының 1,8 пайызы қатерлі ісік бойынша диспансерлік есепте тұр. Өңірде онкологиялық ауруларға 13 778 адам шалдыққан. Ал қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім рейтингінде еліміздің аймақтары арасында үшінші орынға шыққан.
Талбесік • 17 Қаңтар, 2025
Ертіс бойының халқы аңшылықпен ертеден бері айналысады. Бағзы дәуірде ол тіршілік кәсібі болса, бүгінде көңіл құштарын басатын әуесқойлық сипат алған. Өкінішке қарай, өңірдегі аңшылар кейінгі жылдары бірқатар кедергіге ұшырап отыр.
Кітапхана • 17 Қаңтар, 2025
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада көлемі алақанға сыйып кететіндей 150-ге тарта кітап бар. Жуырда коллекция жаңа туындымен толықты.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2025
Алматыға пойызбен аттанатын жолаушылар енді жайлы әрі кең вагондармен сапарлауға мүмкіндік алып отыр. Петропавл вагон жасау зауытында Тверь вагон жасау зауытының технологиясымен жасалған жаңа вагондар Павлодар – Алматы – Павлодар бағытында жүре бастады.
Еңбек • 09 Қаңтар, 2025
Миллионнан астам мал қыстауға кірді
Павлодар облысында бүгінде 467 мыңнан астам ірі қара, 623 мың қой-ешкі, 279 мыңнан астам жылқы бар. Жылқыны қоспағанда қыстауларға бір миллионнан аса мал кірді.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Майқайыңдағы ескі тұрғын жайлар мәселесі шешіле ме
Өткен жылдың басында Майқайың кентіндегі «Шанхай» шағын ауданындағы ескі үйлердің проблемасын, тұрғындардың әр күнін үреймен өткізіп келе жатқанын мәселе етіп көтергенбіз. Алтын кеніші кенттен 300–400 метрдей жерде орналасқан. «Кеніште жер жару жұмыстары жүргізілгенде, үйіміз жер астына опырылып түсіп кетіп, бала-шағамызбен опат боламыз ба» деген қорқынышын жеткізгенбіз жұрттың.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2025
«Газельді» жайлы автобус алмастырды
Павлодар қаласында қоғамдық көліктерді жаңарту үздіксіз жүргізіліп жатыр. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс орталығына 12 жаңа автобус әкелінді.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2024
Екібастұздық балалар заманға сай шығармашылық орталыққа ие болды. Нысан Мемлекет басшысының тапсырмасымен демеушілер қаражатына тұрғызылып, 9 мың баланы қосымша біліммен қамтып отыр.
Өндіріс • 25 Желтоқсан, 2024
Мүмкіндігі мол алкилат өндірісі
Павлодар облысында еліміз үшін бірегей жоба – жылына 97,6 мың тонна алкилат өндіретін алғашқы зауыттың құрылысы басталды. Кәсіпорын іске қосылса, еліміздегі мұнай өндірісі алкилатты октанды арттыратын компонент ретінде пайдалануға көшеді. Мамандар бұл отандық отын сапасын арттыруға және қоршаған ортаға зиянды әсерді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретінін айтып отыр.