Төтенше жағдай • Бүгін, 00:26

Павлодарда бүлдіршін үшінші қабаттан құлап мерт болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласында тұрғын үйдің үшінші қабатынан 2021 жылы туған бала құлап кетті. Ер бала оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда бүлдіршін үшінші қабаттан құлап мерт болды

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, оқиға бүгін кешкілік болған.

- Павлодар қаласының жедел жәрдем қызметіне шақыру сағат 20.35-те түсті. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына шұғыл жетті. Өкінішке қарай, медицина қызметкерлері баланың құлаған жерде қайтыс болғанын тіркеді, - делінген ақпаратта.

Бала 2021 жылы туған, үйдің үшінші қабатынан құлаған.

Өңірлік балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова аталған қайғылы оқиға бойынша материал полицияда тіркелгенін жеткізді. Бұл – жыл басынан балалардың биіктен құлауы бойынша облыста екінші тіркелген оқиға.

Павлодар облысы