Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған ұшақ Алматыға шұғыл қонды
Мюнхен – Бейжің бағытындағы Lufthansa авиакомпаниясының рейсінде жолаушы көз жұмды. Осы оқиғаға байланысты әуе кемесі Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Құжаттар мен лицензиялардың мерзімін қалай уақытында ұзартып отыруға болады?
eLicense.kz порталында рұқсат беру құжаттары мен лицензиялардың мерзімі аяқталуға жақындағанын алдын ала ескертетін жаңа SMS-хабарлама қызметі іске қосылды. Жүйе құжаттың қолданылу мерзімі бітуіне 30 күн қалғанда пайдаланушыға автоматты түрде хабарлама жібереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Балқаш әуежайының модернизациясы қашан аяқталады?
Балқаш қаласының әуежайында жүріп жатқан ауқымды реконструкция жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Келесі жылдан бастап әуе айлағы күн сайын 8-9 ұшақты қабылдауға дайын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Желтоқсан, 2025
Солтүстік Корея алғашқы атомдық сүңгуір қайығын таныстырды
ҚХДР басшысы Ким Чен Ын стратегиялық маңызы бар, су сыйымдылығы 8 700 тонна болатын жаңа атомдық сүңгуір қайықтың құрылыс барысымен танысты. Бұл жоба Пхеньянның қорғаныс қабілетін арттырудағы бес негізгі міндеттің бірі ретінде бекітілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 26 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда қолма-қол ақшамен есептесетіндер үлесі күрт өсті
Елімізде тауар мен қызмет үшін қолма-қол ақшамен есептесетіндер үлесі бір жыл ішінде 25,5%-дан 37%-ға күрт өсті. Салықтық бақылаудан сескенген бизнес иелері тұтынушыларды қызықтыру үшін жеңілдіктер жасай бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Шымкент әуежайы авиаотын бағасын қолдан өсірген
Шымкентте жыл басынан бері бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғандарға 52 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Соның ішінде «Шымкент әуежайы» АҚ авиаотын нарығында монополиялық жоғары баға белгілегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Желтоқсан, 2025
«Мәскеу көз жасыңа сенбейді» фильмінің жұлдызы Вера Алентова қайтыс болды
«Мәскеу көз жасыңа сенбейді» фильмі арқылы миллиондардың сүйіктісіне айналған Ресейдің халық әртісі Вера Алентова қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық өңірде Инклюзивті спорт орталығын салуды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін балаларға жағдай жасау мәселесін көтеріп, Үкімет пен әкімдерге әр облыста Инклюзивті спорт орталықтарын салуды жүктеді. Мемлекет басшысы әлеуметтік міндеттемелердің орындалуы айрықша бақылауда болатынын және келер жылы әлеуметтік төлемдер көлемі артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2025
Соңғы бес жылда ұлттық экономика 15,8%-ға өсті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экономикалық даму қарқыны мен стратегиялық жобалардың нәтижелерін баяндады. Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразия құрлығындағы транзит хабына айналу мүмкіндігін және экономикадағы түбегейлі өзгерістерді атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Тараз – ежелгі өркениеттің ізі қалған жер
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.