Оқиға • 03 Қараша, 2025
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі сезілді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «ННЦСНИ» сейсмикалық станциялар желісінің деректеріне сәйкес, 3 қарашада түнгі сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелді. Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 03 Қараша, 2025
«Қайрат» Миланда «Интермен» кездеседі
Алматылық «Қайрат» Лига чемпиондарының негізгі кезеңінде Италияның әйгілі «Интер» клубымен кездеседі. Кездесу Миландағы атақты «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 6 қараша түнгі 01:00-ге жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қараша, 2025
Трамп АҚШ-та ядролық сынақтар жүргізілетінін растады
АҚШ президенті Дональд Трамп CBS телеарнасына берген сұхбатында Вашингтонның ядролық қаруды сынақтан өткізу ниетін ресми түрде растады. Алайда ол нақты қандай сынақтар туралы сөз болып отырғанын ашып айтпады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 31 Қазан, 2025
TikTok еліміздегі шағын және орта бизнеске қалай әсер етеді?
Бүгінде TikTok тек көңіл көтеру алаңы емес, ол бизнес пен креативтің, технология мен табыстың түйіскен нүктесіне айналды. Миллиардтан астам адамды біріктіретін бұл платформа әлемнің түкпір-түкпірінде кәсіпкерлікке жаңа серпін беріп отыр. Қазақстан да бұл үрдістен қалыс қалған жоқ. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен TikTok компаниясы еліміздегі шағын және орта бизнестің (ШОБ) дамуына платформаның ықпалын зерттеп, алғаш рет кешенді талдау нәтижелерін ұсынды. Зерттеу көрсеткендей, TikTok-ты апта сайын қолданатын әрбір алтыншы кәсіпкер өз кірісінің жартысынан астамын дәл осы платформаның арқасында табады. Ал оны белсендірек пайдаланған жағдайда, мұндай табысқа жететін компаниялардың саны екі есеге дейін артуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Қазан, 2025
Нью-Йорктен 70%-ға арзан: Азық-түлік бағасы қолжетімді бола түсті ме?
Қазақстан әлемдегі азық-түлік бағасы ең қолжетімді елдердің біріне айналып келеді. Халықаралық Numbeo деректер базасының 2025 жылғы маусым айындағы есебі бойынша еліміз 146 мемлекеттің ішінде 21-орынға көтерілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай ілгерілеу: 2024 жылдың ортасында Қазақстан осы тізімде 34-орында тұрған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қызылорда-нан» цехына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 30 Қазан, 2025
9 айда Қазақстанға 13,8 триллион теңге инвестиция тартылды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында берілген инвестиция тарту жөніндегі міндеттерді орындау барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қазан, 2025
Ақтөбеде әкесінің көлігін тізгіндеген мектеп оқушысы қаза тапты
Ақтөбеде 13 жастағы оқушы әкесінің көлігін жасырын мініп кетіп, жол апатына ұшыраған. Ауыр жарақат алған жеткіншек ауруханада көз жұмған. Бұл соңғы екі айда облыста тіркелген екінші қайғылы жағдай, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 30 Қазан, 2025
Димаш Құдайбергеннің бастамасымен түсірілген «Voice Beyond Horizon» жобасы Қытайда таныстырылды
Қытайдың танымал Hunan Broadcasting System корпорациясы мен Димаш Құдайбергеннің бірлескен бастамасы «Voice Beyond Horizon» тележобасының промо-бейнеролигі көпшілікке ұсынылды. Жоба еліміздің табиғи сұлулығы мен мәдени байлығын әлем жұртшылығына паш етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Президентке Қызылорда облысының инвестициялық жобалары таныстырылды
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Orient Ceramic KZO компаниясының қыш тақта өндіретін зауыты, Fabe Agro жылыжай кешені, With You қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорны, Seven Rivers Technologies компаниясының шыны ыдыстар өндірісі және басқа да жобалар жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.