Қанат БІРЛІКҰЛЫ
Қанат БІРЛІКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
143 материал табылды

Әдебиет • 11 Шілде, 2025

Бөтен бетті иемденген «жаңа бейне»

«Бет көрсе, жүз ұялады» дейміз. Алақандай сол бетіңді мың өзгертіп, жүректей жүзіңді жүз құбылтсаң, шын кескін-келбетің қайда қалмақ? Айналаға жақсы аттанып, бергі жағыңнан әділетсүйгіш, шыншыл, отаншыл, пат­риот,­ жүзіңнің арғы қатпарында қарақан басыңның күйін күйт­тегіш біреу тұрса ше? Осы бір жалқының қалпы жалпы қоғамдық мінезге айналса не болмақ?

Заң мен Тәртіп • 04 Шілде, 2025

Әскери борыштың заңдық негіздері

Отан алдындағы әскери борышты өтеу – ер жігіттің парызы. Бүгінгі таңда осы парыздан жалтарып, әскерге барудан қашатын азаматтар аз емес. Соның салдарынан жастарды көшеден ұстап әкететін жағдайлар көбейді. Әскери міндетке жігіттерді еркінен тыс ұстап әкету қаншалықты заңды?

Заң мен Тәртіп • 04 Шілде, 2025

Жоғарғы соттың жарты жылдағы жұмысы

Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот органының кеңейтілген отырысын өткізіп, 2025 жылдың бірінші жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылады. Іс-шараға Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев пен Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов қатысты.

Заң мен Тәртіп • 03 Шілде, 2025

Кассациялық соттар жұмысы басталды

1 шілдеден бастап елімізде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот жұмысын бастады. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жоғары Сот кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов мәлімдеді.

Заң мен Тәртіп • 30 Маусым, 2025

Мектепке қарасты ғимарат мемлекеттік меншікке қайтарылды

Қарағанды облысының Қазыбек би аудандық прокуратурасының талап-арызы бойынша мектепке қарасты ғимарат мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп жазады Egemen.kz.

Өнер • 29 Маусым, 2025

Вьетнам радиосында Димаш Құдайбергеннің әні шырқалады

Вьетнамның «Вьетнам үні» радиосының эфирінен қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арнаған «Idols Talk: Deep» бағдарламасы эфирге шығады, деп хабарлайды «Egemen.kz». Сондай-ақ, эфирде әншінің Вьетнамдағы фан-клубының жұмысы туралы да мәліметтер айтылады, деп жазады Egemen.kz.

Тарих • 29 Маусым, 2025

Қазақтың қаһарман жігіті

Egemen Qazaqstan газетінің (бұрынғы «Социалистік Қазақстан»)  1944 жылдың 14 қарашадағы №226 санында Зуфар Айтмағамбетов атты автордың «Қазақтың қаһарман жігіті» деген мақаласы жарияланыпты. Мақалада есімі белгісіз Қабыш Мусин атты батырдың ерлігі баяндалған. Біз бүгін сол мақаланың толық мәтінін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Әдебиет • 29 Маусым, 2025

Жазушылар одағы үш жобаны жүзеге асырмақ

Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп, «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі курсы», «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы», «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» атты үш жобаны жүзеге асырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пікір • 28 Маусым, 2025

Журфак сабақтастығы

Жетінші сыныпта оқып жүрген кезімде анамның әпкесі екеуміз Алматыға келіп, су жаңа костюм-шалбар сатып алдық. Нағашым артынша жейде мен галстук әпермек болды. Мен костюмді теледидардан күнде көріп жүрген журналис­тер сияқты жағасыз футболкамен кигім келетінін айттым. Бірақ сол сәтте сыртқы пішіннің журналист-қаламгер болуға еш септігі тимейтінін ойламаппын.

Басылым • 28 Маусым, 2025

Әлем газеттен бас тартпайды

Төрткүл дүниеде күнделікті газет таралымы азайып, цифрлық жазылым саны өсіп жатқаны белгілі. Еуропада оқылымның «print» һәм «online» нұсқаларын салыстырғанда жастардың қағаз басылымдарды көп тұтынбайтыны мәлім болған. Газет­ті көп оқитын Жапония мен Үндістанда да электронды ақпа­рат құралдарының даму қарқыны байқалады. Сөйтсе де, әлем жұртшылығы дәстүрлі медиақұрал – газеттерден бас тар­тып отырған жоқ.

Яндекс.Метрика