Гүлбану МАЙҒАРИНА
Гүлбану МАЙҒАРИНАКәсіпкер
4 материал табылды

Пікір • 04 Маусым, 2025

Бизнес бастаймын десеңіз...

Қоғамдық тамақтану саласы – ауыр бизнес. Мұнда бәсеке жоғары, кадр тапшы және ұдайы қысым бар. Салаға аяқ баспас бұрын өзіңізге «мен 24/7 жұмыс істей аламын ба?», «осы сала­ға, адамдарға деген махаббат менде бар ма?» деген сұрақ қою қажет. Себебі мұнда бәрі де адам арқылы іске асады – тұты­ну­шылар, команда, серіктестер, яғни күн сайын адами фактормен ұшырасып отырасыз.

Сараптама • 14 Наурыз, 2025

Кәсіпкерлік қағидасы

Мемлекет шағын және орта биз­несті қолдау мақсатында түрлі бағ­дарламалар мен бастамаларды ұсынып отыр. Әрине, салада тәуе­кел­дер мен түйткілдер жоқ емес. Де­генмен жақсы мүмкіндік те бар. Осы ретте оқырман мен кәсіпкерлер назарына қазіргі уақыттағы қол­жетімді бастамаларды айта кеткен жөн.

Сараптама • 25 Ақпан, 2025

Бизнесте нені ескеру керек?

Ең бастысы – кәдуілгі жұмыспен салыстырғанда бизнесте бәрі де бас­қа­ша екенін түсіну. Жалдамалы жұ­мыс­та тұрақты жалақы алсаңыз, биз­нестегі табысыңыз күш-жігеріңіз бен шешімдеріңізге тікелей байланысты. Сіз «Клиент неліктен сізді таңдауы керек?» деген сұраққа нақты жауап табуыңыз қажет. Бұл – сіздің бірегей сау­дадағы ұсынысыңыз. Бизнес ашып қана қоймай, айрықша қажетті дүниені ұсына алу керек.

Сараптама • 24 Қаңтар, 2025

Бизнес қолдауға зәру

Үкімет салық базасын кеңейтпестен, онсыз да төлеп отырғандарға жүктемені көбейту арқылы салық түсімін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл – сәтсіз тәсіл. 2021 жылы дивидендке 10% жеке табыс салығын енгізген кезде қызық жағдай болды: ел тарихында тұңғыш рет салық түсімі (2023 жылы) бір жыл бұрынғыдан аз болып қалды. Неліктен? Өйткені бизнестің нақты мүмкіндігін есепке алмай енгізілген жоғары мөлшерлемелі салық кәсіпкерлерді «көлеңкеге» кетуге мәжбүр етті.