Taza.kz
Серікбол ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ
Серікбол ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
41 материал табылды

Тарих • 20 Ақпан, 2026

Тіл тазалығы – ғасырға ұласқан мәселе

Осыдан тура 100 жыл бұрын, «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылғы №29 санында «Баспасөз қатесіз болсын!» деген мақала жарияланды. Авторы – Міржақып Дулатұлы. Міржақып мақаласын Мадияр бүркеншік есімімен жазды.

Басылым • 20 Ақпан, 2026

«Балапанды» кімдер басқарды?

Биыл – Омбы қаласындағы қазақ жастары шығарған «Балапан» қолжазба журналының жарық көргеніне 110 жыл. Журнал 1916-1918 жылдары «Бірлік» ұйымының жанынан шығып тұрды. «Бірлік» ұйымы мүшелері қатарында Мағжан Жұмабайұлы, Дінше Әділов, Қошке Кемеңгерұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Асылбек Сейітов, Асқат Сайдалыұлы, Әбдірахман Байділдин т.б. қазақ жастары болғаны белгілі. Олар қазақ халқының мәдениетін, өнерін, әдебиетін көтеру арқылы халықтың ұлттық сана-сезімін оятуды мақсат тұтты. «Балапан» журналын да олар сол үшін шығарды. Алдына осындай үлкен мақсат қойған журналды кімдер басқарды?

Тағзым • 19 Ақпан, 2026

Ғалымның ғибратты ғұмыры

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада тіл білімі саласының өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ жиында академик Шора Сарыбаевтың ғылыми еңбектері көпшілікке таныстырылды.

Таным • 13 Ақпан, 2026

Жыр алыбының әдеби хатшылары

«Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым», деген жыр алыбының жыршылық өнері зерттеу нысанасына айналғанымен, оның айналасы әлі толық зерделеніп біткен жоқ. Әсіресе ақынның жанында жүріп хатшысы қызметін атқарған ақындар жайында көп айтыла бермейді. Осы орайда жыршының 180 жылдығы қарсаңында оның әдеби хатшысы қызметін атқарған қаламгерлер тақырыбын арнайы қаузадық.

Тарих • 12 Ақпан, 2026

Ахмет Байтұрсынұлы Астраханға барған ба?

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы­ның қазақ қала­ла­рын қоспағанда қазіргі Ресей жеріндегі Орынбор, Омбы, Архангельск, Уфа, Қазан, сонымен қатар бүгінгі Өзбекстан астанасы Ташкент, Әзербайжан астанасы Баку қалаларында болғаны белгілі. Кейбірінде қыз­мет істеген, енді біріне жұмыс сапа­рымен барған. Сонымен қа­тар Ахмет Байтұрсынұлы Ресей­де­гі Астрахан қаласына да аялдаған. Зерттеушілердің көзіне түсе қой­маған ұлт ұстазының Астрахан сапары туралы аз-кем айта кетсек.

Тарих • 07 Ақпан, 2026

Бакуде ән салған Әміре

Қазақ әнінің құбылысы болған Әміре Қашаубаев Париж, Майндағы Франкфурт, Мәскеуде ән салғаны белгілі. Сонымен бірге Әміренің Бакуге де табаны тиді. Әнші 1926 жылы Бакуде өткен түркітанушылар съезіне қатысып, өнер көрсетті.

Тұлға • 03 Ақпан, 2026

Шерағаңның қаламгерлік қазынасы

2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні «Қазақ газеттері» серік­тестігі мен Ұлттық архив көрнекті жазушы, біртуар редактор Шерхан Мұртазаның жеке қолжазбалары мен құнды құжаттары қорының ашылуына орай дөңгелек үстел өткізді.

Басылым • 31 Қаңтар, 2026

«Қазақ» газеті және ағартушылық миссия

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында «Turkistan» газетіне берген сұхбатында газет-журналдардың қайта өрлеу дәуірі бастауында тұрғанын айта келіп: «Қазіргі таңда баспасөз заман талабына бейімделіп, ақпарат айдынынан өз орнын тауып отыр. Газет тілшілері жан-жақты шолулар мен терең сараптамалар жасауға баса мән береді, ағартушылықпен айналысады. Кәсіби әрі өз ісіне адал журналистер сапалы материалдар әзірлеп, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға елеулі үлес қосып келеді», – деген болатын. Шынында мән-мағынасы терең ақпарат – матбұғатта, яки газет-журналда. Қазіргі таңда газет-журналдар ұлт ақпаратының бастауы саналатын «Қазақ» газеті салған сара жолмен жүріп, ағартушылық миссиясын атқарып келеді.

Таным • 30 Қаңтар, 2026

Ұлт зиялыларының ұстаханасы

Биыл – Уфадағы «Ғалия» медресесінің 120 жылдығы. Бұл медре­се ХХ ғасырдың басындағы түркі әлемінің ең озық оқу орны­ның бірі болды. Оқу орны жәдитшілдік білім беру жүйесін заман талабына сай қалыптастырды. Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Нұғыман Манаев, Жиенғали Тілепбергенұлы, Ахмет Мамытұлы, т.б. қазақтың 200-ге жуық жігі­ті осы оқу орнынан түлеп ұшты. «Ғалияны» бітіргендер қазақ қоға­мы­на пайдасын тигізіп, ұлттың ұпайын түгендеді.

Таным • 30 Қаңтар, 2026

Сақыпкерей сұлтанның суреті

Берлин қаласында орналасқан Еуропа мәдениеттері музейінің қорында қазақ тарихына қатысты бірталай жәдігер бар. Соның арасында қазақтар бейнеленген бірнеше картина сақталған. Бұл картиналарды 1844 жылы Бөкей ордасында болған Вильгельм Кизеветтер деген неміс суретшісі салған.

Яндекс.Метрика