
Білім • 10 Наурыз, 2024
Қосымша білім беру орталығы көбейеді
Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы қаласы мен Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда және Павлодар облыстарында 11 жаңа қосымша білім беру орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл ұйымдардың ашылуы жеткіншектердің бойындағы таланты мен қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
Форум мақсаты – гендер мәселесі
Nazarbayev University гендерлік білім форумы өтті. Оны аталған оқу орны мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми қызметкерлері ұйымдастырды.
Университет • 06 Наурыз, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатты қос жоғары оқу орнының ректорлары Ерлан Сыдықов пен Болат Тілеп бекітті.
Қоғам • 05 Наурыз, 2024
5 наурыз – Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туған күні. Соған орай елордадағы Қаламгер аллеясындағы Алаш арыстарының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. Оған зиялы қауым өкілдері мен алаш ардақтысын құрмет тұтатын барша жұрт жиналды.
Ғылым • 05 Наурыз, 2024
Бие сүті – антибиотикке жәрдемші
Бабаларымыз төрт түліктің төресі туралы «жесең – ет, мінсең – көлік, ішсең – сусын» деп қалай тауып айтқан, ә! Әсіресе бие сүті емге – шипа, дертке – дауа. Халқымыз оның емдік қасиетін бұрыннан білгенімен, ғалымдар оған жасушалық деңгейде зерттеуді енді бастады. Бұл Nazarbayev University National Laboratory Astana зертханасында алғаш рет жүргізіліп отыр. Аталған зертханада ғалымдар жасушаішілік инфекцияларды емдеуге антибиотиктерді жеткізу әдісін әзірлеуді қолға алды. Бұл жоба туралы бізге зертхананың аға ғылыми қызметкері Шыңғыс Серғазы әңгімеледі.
Басылым • 04 Наурыз, 2024
Ұлттық академиялық кітапханада техника ғылымдарының докторы, профессор Сейіт-Қасым Байбековтің «Гүн Ата» кітабының таныстырылымы өтті.
Сұхбат • 29 Ақпан, 2024
Абзал Мұхитдин, дирижер: Классикалық музыканы тыңдауға дайындық керек
Елордалық басылымда жүргенде «Астана Опера» театрының айтулы дирижері, белгілі музыкант Абзал ағамыз туралы жазып едім. Содан бері де сырғып біраз жыл өтті. Бірақ ол кісі соны ұмытпапты. Көргенде жылы шырай танытып, ілтипат көрсетті. Осы жақындық бүгінгі әңгімемізге себеп болып, бірден шүйіркелесіп кеттік.
Технология • 29 Ақпан, 2024
ChatGPT-дің қазақ тіліндегі үлгісі
Міне, жаңалық. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жасанды интеллект» ғылыми зерттеу институтының ғалымдары ChatGPT чат-ботының қазақ тіліндегі үлгісін жасады.
Ғылым • 23 Ақпан, 2024
Nazarbayev University Жаратылыстану әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры Даниэле Малафарина мен оның Катаниядағы (Италия) Ұлттық астрофизика институтының (INAF) обсерваториясындағы әріптестері гравитациялық құлдырау және cингулярлықсыз «қара құрдымның» пайда болуын зерттеп жатыр. Олар өздерінің жаңа теориясын ғалымдар Марков пен Мұхановтың идеясына сүйеніп жасады.
Инновация • 22 Ақпан, 2024
Инновациялық жобалар жетістігі
Бүгінде отандық инновациялық жобалар елімізге ғана емес, әлемге танылып үлгерді. Мәселен, «Smart Data Ukimet» (SDU) ақпараттық-талдау жүйесі 2023 жылғы беделді Future of Government Awards марапатында Open Source Adaption санатында ТОП-3 қатарына енді.