Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
643 материал табылды

Сұхбат • 22 Қазан, 2023

Серік Тоқпанов: Медициналық оқу орнында ақылы бөлім болмау керек

Халқымыз бойына сан түрлі өнер тоғысқан адамды «сегіз қырлы, бір сырлы» деп айтады. Дәл осы сөз айшығын бүгінгі кейіпкерімізге қаратып айтуға болады. Ол – талай жанды ажалдан арашалап қалған «қолы жеңіл» хирург, отандық медицина ғылымында өз орны бар айтулы ғалым, асқақ дауысымен атағы жер жарған кәсіби өнерпаздардың өзімен иықтасып тұратын талантты әнші. Ең бастысы, елге адал қызмет еткен ардақты азамат. Біз осы жолы жоғары санатты дәрігер-хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Тоқпанов ағамыздың жансарайына үңіліп, әңгіме өрбіттік.

Тұлға • 19 Қазан, 2023

Сезім сыры

Көрнекті ғалым Зейнолла Қабдолов: «Тахауи Ахтанов кім?» деген сұраққа «Үлкен үшеу – «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін», деп жауап беріпті. Екінші дү­ние­жүзілік соғыстан кейін әдебиетке келген жазу­шылардың ішінен алдымен ауызға Тахауи Ахтановтың есімі ілінеді. Ол әдебиет есігін өзінің кейбір қатарластары секілді қағып кірген жоқ, еркін ашып, әп дегеннен өз орнын иеленді.

Жәдігер • 19 Қазан, 2023

Антропоморфты тас мүсін

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Антропоморфты тас мүсіннің бейнесі сақталған. Бұл музейдің археологиялық топтамасындағы жұрт қызығып көретін экспонаттардың бірі.

Елорда • 17 Қазан, 2023

Алаш мұрасын дәріптеді

Республика күніне орай елордадағы Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейде «Алаш мұрасы – ұрпаққа аманат» атты оқушылар арасында қалалық зияткерлік-шығармашылық сайыс өтті. Оны Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Қарашаңырақ» қоғамдық бірлестігі өткізді.

Мәдениет • 16 Қазан, 2023

Дала салтанаты

Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік акаде­миялық филармонияның Халық ән бөлімі тыңдарманға «Дала дәстүрі» атты әуезді ән әуелеп, күй күмбірлеген керемет өнер кешін ұсынды.

Сұхбат • 15 Қазан, 2023

Бақыт Сарбалаұлы: Қоғам әдеби сынды қажетсінуі керек

Кейінгі жылдары әдеби сынның дамуы кенжелеп қалған секілді. Өйткені жаңа шығармалар туып жатқанымен, солардың көркемдігі, шынайылығы, жаңалығы туралы тереңнен толғап, әділ бағасын беретін әдеби сын аз жазылады. Шындығын айтқанда, кәсіби сыншылардың өзі саусақпен санарлық қана. Солардың бірі, айтулы сыншы, бірнеше кітаптың авторы Бақыт Сарбалаұлы. Сын сардарымен кездесіп, осы тақырыпта әңгімелестік.

Поэзия • 12 Қазан, 2023

Сағыныш

Қоңыр күз келген сайын көңілді мөлдір мұң басады. Жаз бойы көк шалғынға көмкерілген дала ажарынан әр тайғандай қуаң тарта түскен. Жап-жасыл жапырақтарынан айырылған ағаштар дімкәс жандай жүдеу. Күзгі аспанның қабағы да тамақ ішпеген адамдай жиі қатуланып, ара-тұра бүркіп алады. Осындай сүреңсіз көріністерді көріп, адамды көңілсіздік басады. Өмірде қызы ұзатылып, қызығы тарқаған ауыл секілді тым жұтаң өрінеді. Оның үстіне күн қысқарып, түн ұзара бастайды. Кейде сондай ұзақ түннің бір уағында шырт ұйқыңнан оянып кетіп, көз іле алмай бақырайып жатасың. Таң ағарып атып болмайды. Ұйқың қашып кеткеннен кейін неше түрлі ой иектеп алады.

Жәдігер • 12 Қазан, 2023

Қасиетті Қисуа

Көкшетау қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллин музейінде ардақты тұлғаның әулетінде атадан балаға мирас болып келген қасиетті Қағбаның жібек жіппен әдіптелген мақпал жамылғысы – Қисуа сақталған.

Әдебиет • 08 Қазан, 2023

Торының мұңлы тағдыры

Бабаларымыз жылқыны «төрт түліктің төресі» деп қана емес, ел қорғаған ердің қанаты деп дәріптеген. Шынында да, «мінсе – көлік, жесе – азық, ішсе – сусын» болған жылқының қасиеті бөлек. Көркем әдебиетімізде «кейіпкерге» айналған жылқылар туралы жазылған шығармалардың да қарасы мол. Сол қатарға белгілі жазушы Кәдірбек Сегізбайұлының «Соңғы шабыс» атты әңгімесін ұялмай қосуға болады. Бұл туынды 1969 жылы жазылса да, қайталап оқығанда кеше ғана өмірге келгендей әсерге бөлейді. Әсіресе қаламгердің көркемдік шеберлігі, шығарманың шынайылығы, кейіпкерлер болмысы – оқырманды жіпсіз байлап, жетелеп әкетеді. Мұнда бір кезде бәйгенің алдын бермеген Месторының мұңлы тағдыры байыпты баяндалған.

Жәдігер • 05 Қазан, 2023

Амангелді батырдың домбырасы

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Амангелді Имановтың домбырасы сақталған. Жалпы, жұртшылық Амангелдіні алдымен батыр деп біледі. Ал оның өлең шығарып, домбыра тартқанынан бейхабар. Шындығына келгенде, халық батыры сегіз қырлы, бір сырлы тұлға болған.