
Пікір • 10 Шілде, 2023
Астанаға өлкетану музейі керек
Өткен жолы бір отырыста белгілі журналист ағамыз: «Астана тақыр жерден пайда болған жоқ. Бұл жерде қазақтың бай тарихы жатыр. Сондықтан елорданың өткені мен бүгінін сабақтастырып баяндайтын жеке өлкетану музейі болуы керек», деп жиналған қауымға ой тастады.
Театр • 05 Шілде, 2023
Астана қаласының 25 жылдығына орай «Наз» мемлекеттік би театрының «Қазақ жәдігерлері» атты мерекелік концерті өтті.
Елорда • 03 Шілде, 2023
Астана қаламгерлерінің қанжығасы майланды
Биыл Арқа төсінде бой көтерген әсем Астанаға 25 жыл толып отыр. Соған орай Қаламгерлер аллеясында елорда әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының ұйытқы болуымен «Астана – шабыт арқауы» атты мән-мазмұнға толы мәдени іс-шара өтті.
Білім • 02 Шілде, 2023
Астанаға АҚШ-тың Аризона университетінің студенттері келді. Олар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алып, алты апта ішінде жазғы мектеп форматында тіл меңгеріп, ұлттық құндылықтарымызбен танысады.
Өнер • 02 Шілде, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4-курс студенті Дияс Таштиев «Ар-ұждан» атты музыкалық трек жазды. Болашақ энергетик өзінің шығармашылығы арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауға үндейді. Тректің үзіндісі жасанды интеллект көмегімен дайындалған.
Таным • 29 Маусым, 2023
Қазақтың сайын даласы кеудесі қазынаға толы көнекөз қария секілді. Тілдесе білсеңіз, көне дәуірден шежіре шерте жөнеледі. Жақында Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Ұялы ауылынан Алтын Орда дәуіріне тиесілі қос кесене табылды дегенде елең ете қалдық. Ғалымдар оны атақты академик Әлкей Марғұлан сипаттап жазған «Сұлу там» мен «Сырлы тамға» ұқсатып болжам жасап отыр.
Әдебиет • 27 Маусым, 2023
Шәміл Мұхамеджанов – әдебиет есігін бұзып-жарып емес, әдеппен ашты. Торғай өзені секілді тұнық ақты, даурыққан жоқ. Лепірмеді. Көркем сөз өнеріне өзінің ешкімге ұқсамайтын әлемі мен өрнегін ала келді. Қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешсе де артына мол мұра қалдырды. Жиырмаға жуық жыр жинағы жарық көрді. Орыстың атақты ақыны М.Лермонтовтан бастап, Я.Райнис, Л.Украинка, Т.Шевченко, Р.Ғамзатов, Я.Смеляков, тағы басқалардың шығармаларын аударды. Қаншама әнге сөз жазды. Бастысы, өмірден ақындықтың туын жықпай өтті.
Зерде • 21 Маусым, 2023
1941 жылдың 22 маусымында адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс басталды. Қазақстаннан қан майданға 1,5 миллионға жуық адам аттанып, оның 630 мыңнан астамы опат болды. Бұдан бөлек, 271 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кетті. Сол боздақтарды іздестірумен, аты-жөндерін және жерленген жерлерін анықтаумен жүйелі түрде айналысатын еліміздегі жалғыз ұйым – «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі. Бүгін аталған қоғамдық ұйымның ресми өкілі, әскери журналист Әбубәкір Смайыловпен осы тақырып төңірегінде әңгіме қозғадық.
Басылым • 20 Маусым, 2023
Астанадағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №5 балалар кітапханасында журналист, «НұрСұңқар» республикалық байқауының жүлдегері Қалиакбар Үсемханұлының «Аңсап келдім, Атажұрт» атты алғашқы публицистикалық кітабының тұсаукесері өтті.
Сұхбат • 16 Маусым, 2023
Ғылымды көтеру үшін ғалымға жағдай туғызу керек
Қазір ғылым көз ілеспес жылдамдықпен дамып барады. Соның нәтижесінде адам таңғаларлық жаңалықтар ашылып жатыр. Біздің елде де кейінгі жылдары ғылымға айрықша назар аударыла бастады. Болашақта ғылым қалай дамиды, қайда бағыт алады? Жаңа технологиялардың мүмкіндігі қандай? Міне, осындай сан сауалды жақында Түркиядан атажұртқа іссапармен келген ғалым Әбдіуақап Қараға қойған едік.