Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
643 материал табылды

Басылым • 20 Маусым, 2023

Журналистің алғашқы жинағы

Астанадағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №5 балалар кітапханасында журналист, «НұрСұңқар» республикалық байқауының жүлдегері Қалиакбар Үсем­ханұлының «Аңсап келдім, Ата­­жұрт» атты алғашқы публи­цис­­ти­­калық кітабының тұсаукесері өтті.

Сұхбат • 16 Маусым, 2023

Ғылымды көтеру үшін ғалымға жағдай туғызу керек

Қазір ғылым көз ілеспес жылдамдықпен дамып барады. Соның нәтижесінде адам таңғаларлық жаңалықтар ашылып жатыр. Біздің елде де кейінгі жылдары ғылымға айрықша назар аударыла бастады. Болашақта ғылым қалай дамиды, қайда бағыт алады? Жаңа технологиялардың мүмкіндігі қандай? Міне, осындай сан сауалды жақында Түркиядан атажұртқа іссапармен келген ғалым Әбдіуақап Қараға қойған едік.

Университет • 14 Маусым, 2023

Құжатқа QR-мен қол қояды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің оқытушылары мен студенттері үшін электронды цифрлық қол­таңбаның көмегімен QR коды арқы­лы құжатқа қол қоюдың тиімді әдісі енгізілді.

Пікір • 07 Маусым, 2023

«Атың шықпаса, «хайп» жаса»...

Ойпырмай дейсіз! Осы наурызда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткені белгілі. Оған ел тұрғындары да белсене атсалысты. Сайлау учаскелері таңнан кешке дейін жұмыс істеді. Әсіресе үйдің төріндегі «көк жәшік» те сол маңызды оқиғаны аузы талмай жеткізіп тұрды. Дауыс бергендердің арасында кім жоқ дейсіз...

Жоба • 07 Маусым, 2023

«IT-Aiel» қандай бағдарлама?

«Astana Hub» технопаркі ел Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп IT саласында жұмыс істегісі келетін 2 мың әйелді оқытады.

Өнер • 06 Маусым, 2023

Иманжүсіптің арманы

Биыл халқымыздың ардақты перзенттерінің бірі, ақын, әнші, композитор Иманжүсіп Құтпанұлының туғанына 160 жыл толды. Соған орай елордадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында «Иманжүсіптің әні» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Білім • 01 Маусым, 2023

Соңғы қоңырау салтанаты

Мектептегі қоңырау үнін естігенде балалық пен боз­балалықтың қызыққа толы сәттері ғана емес, он бір жыл бойы білім алған мектеп пен ардақты ұстаздарыңыздың бейнесі көз алдыңызға келіп, ғажайып бір күйге енесіз. Осындай сырлы сәтті тағы да басымыздан кешкендей болдық. Астана­дағы №8 мектеп-лицейінде өткен соң­­ғы­ қоңырау салтанатына Оқу-ағарту министрі Ғани Бей­сембаев қатысты.

Қоғам • 31 Мамыр, 2023

Қос қордың қолдауы

Отандық «ApartX» стартапына «Big Sky Capital» және «Activat-VC» венчурлық қорынан 250 мың доллар инвестиция тартылды. Бұл инвестициялар стартаптың мүм­кіндігін кеңейтіп қана қоймайды, сондай-ақ на­рықтағы орнын нығайтып, жылжымайтын мүлікті жалға беру өндірісіндегі мәселелерді еңсеруге жол ашады.

Балалар • 28 Мамыр, 2023

Жан жадыратар жазғы демалыс

Әне-міне дегенше жаз да келді. Оқу жылының аяқталуына санаулы күн қалды. Енді балалар сабақтан арқа-басы босап, каникулға шығады. Бұл ретте жет­кіншектердің жазғы демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды.

Тәрбие • 23 Мамыр, 2023

Ұрпақты ұлттық тәрбиеге қалай баулимыз?

Бұрын тәрбие мен білім егіз деуші едік. Қазір сол егіздің сыңарының бірі дәріптеліп, екіншісі көп айтыла бермейді. Шын мәнінде, тәрбие – ізгі дүниенің бастауы. Соның ізімен білім мен ғылым жүрсе, қоғамда әділдік орнап, адамгершілік байрағы желбірейді.Халқымыз «Тәрбие табалдырықтан басталады» деп бекер айтпаған. Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады. Отбасында ұлттық тәрбиенің қайнарына қанып өскен баланың болашағы да зор. Оған көптеген мысал келтіруге болады. Одан кейін мектептегі тәрбиенің орны бөлек. Қазір біз осы екі тараптағы тәрбиені босаңсытып алдық. Сан ғасыр бойы қалыптасқан ұлттық тәрбиеден де ажырап барамыз. Соның кесірінен қоғамда жеткіншектер арасында түрлі келеңсіз жағдай болып жүр. Әрине, бала тәрбиесінің жауапкершілігі өте жоғары. Осы тақырыпқа арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырдық. Оған «Қарашаңырақ» ұлттық тәрбие мектебінің жетекшісі Тұрар Шәкен, Оқу-ағарту ми­нистрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру депар­таментінің бас сарапшысы Ақтоты Кемалова, С.Сейфул­лин атындағы Қазақ агротехникалық ғылыми зерттеу уни­верситетінің кафедра меңгерушісі, педагогика ғылым­дарының кандидаты, доцент Марал Есекешова, Қызылор­да облысы Сырдария ауданындағы №126 орта мектеп дирек­торы­ның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самат Жұма­діл және «Онлайн отбасы» академиясының негізін қалау­шы, кәсіби отбасылық психолог Ержан Мырзабаев қатысып, ой бөлісті.