
Көрме • 02 Мамыр, 2023
Ұлттық музейде белгілі зерттеуші, этнограф, суретші, тарих ғылымдарының кандидаты Қалиолла Ахметжанның «Қазақ батырларының қару-жарағы» атты көрмесі өтіп жатыр.
Білім • 28 Сәуір, 2023
«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Сабақты зерттеу: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» атты І ұлттық конференция өтті. Мазмұнды шараға шетелдік ғалымдар, сарапшылар және еліміздің барлық өңірінен келген 500-ден аса мұғалім қатысты. Олар елімізде 2012 жылдан бері жүйелі жүргізіліп келе жатқан Lesson Study әдісінің тиімді тұстары мен жетістіктерін талдады.
Қоғам • 26 Сәуір, 2023
Еліміздегі авиация әкімшілігі дрон иелерімен өзара іс-қимылды нығайту үшін арнайы «Dronekazakhstan» telegram арнасын іске қосты.
Музей • 26 Сәуір, 2023
Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен елорда іргесінде «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы салынып жатыр. 412 гектар аумақты алып жатқан кешен еліміздегі ең үлкен ашық аспан астындағы музей болмақ.
Ұлттық спорт • 26 Сәуір, 2023
Балдырғандарды ұлттық спортқа баулиды
Ұлттық ойындардың баланың зеректігі мен ептілігін ұштауға әсері зор. Осы бағытта Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында орта білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына «Тоғыз ай – тоғыз іс-шара» атты жоспарын ұсынды. Осы тоғыз оқу айында оқушылар тоғыз түрлі іс-шараға қатысады.
Қоғам • 25 Сәуір, 2023
Қырғыз тілі мен мәдениеті орталығы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қырғыз тілі мен мәдениеті орталығы ашылды. Онда тілдік және әдеби бағыттар бойынша оқыту қолға алынады. Сондай-ақ Ош мемлекеттік университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасы жүзеге асып отыр.
Көрме • 23 Сәуір, 2023
Корей фотосуретшілерінің көрмесі
Астанадағы Тұңғыш Президент кітапханасында «Корей шаманизмі – гут. Рухтың тынысы» атты фотосуреттер көрмесі ашылды.
Жәдігер • 19 Сәуір, 2023
Ұлттық музейде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай өтіп жатқан «Халық батыры» атты көрмеге халық ақыны Омар Шипиннің шапаны мен бөркі қойылған. Бұл жәдігерді Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі әкеліпті. Аталған мұражайға оны айтулы тұлғаның балалары тапсырған.
Жоба • 17 Сәуір, 2023
Астанада «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараның мақсаты – жаңа ғылыми бағыттағы өнімдерді табыс көзіне айналдыру.
Сұхбат • 16 Сәуір, 2023
Жәнібек ОРАЗАЛЫ: Мультфильм – келешекке құйылған инвестиция
Былтыр «Қазақфильм» киностудиясы жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылды. Бұл ұлттық анимацияны дамыту жолындағы шығармашылық ұйымдарға тың серпін берді. Қазақ анимациясының іргетасын көрнекті кинорежиссер, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмен Қайдар қалағанын білеміз. Биыл ардақты тұлғаның туғанына 100 жыл толады. Соған орай жақында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі, режиссер Жәнібек ОРАЗАЛЫМЕН ұлттық анимацияның дамуы және осы салаға қатысты өзекті мәселелер туралы әңгімелескен едік.