
Өнер • 24 Мамыр, 2021
Былтыр қаңтар айында астанадағы «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы галереясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, талантты қылқалам шебері Жайық Күшікбаевтың «Көкжиек сызығы» атты жеке көрмесі өтіп, оған автордың кейінгі жылдары салған біраз туындысы қойылды.
Сұхбат • 21 Мамыр, 2021
21 мамыр – еліміздегі Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Өнер • 18 Мамыр, 2021
Жуырда Елбасы кітапханасында дарынды суретші Анар Әбжанованың «Алатау жауһарлары» атты жеке көрмесі ашылды. Бұл мазмұнды іс-шара Елбасы кітапханасының жинағындағы танымал авторлардың шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Тәуелсіздіктің мәдени коды» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Өнер • 17 Мамыр, 2021
Таяуда отандық арналардың бірінен көрнекті жазушы Дулат Исабековтің оқырмандар қолынан түсірмей құмартып оқыған повесінің желісімен, 1975 жылы режиссер Шәріп Бейсембаев түсірген «Гауһартас» фильмі көрсетілді. Аталған көркем туындының жарыққа шыққанына қырық алты жыл болса да оған деген көрерменнің қызығушылығы бір кеміген емес. Оның себебі талантты қаламгердің қаламынан туған шығарманың шынайылығы мен режиссердің рөлдерді ойнаған актерлерді тап басып, тани білуінен болар деп ойлаймыз.
Өнер • 13 Мамыр, 2021
Халқымыз «Балуан Шолақ» деп еркелеткен Нұрмағанбет атамыз даңқы жер жарған алып күш иесі немесе ат құлағында ойнаған шабандоз ғана емес, домбыра шертіп, ән салған, нағыз «сегіз қырлы, бір сырлы» болғаны мәлім.
Өнер • 13 Мамыр, 2021
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына орай «Ең бірінші бақытым...» атты республикалық студенттер айтысы өтті. Айтулы дәстүрге айналған жыр додасына 10 ақын қатысып, сөз сайысының көрігін қыздырды.
Қазақстан • 06 Мамыр, 2021
Болашақты бейнелейтін NUR ALEM
Қазақстанның Тұңғыш Президенті − Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен осыдан төрт жыл бұрын елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі дүркіреп өтті. Дүниежүзілік деңгейде ұйымдастырылған айтулы іс-шараға 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысып, оны 4 млн адам тамашалады. Жалпақ әлем назар аударған көрмеде жаңашыл ғылыми-техникалық жетістіктермен бірге соған қатысушы елдердің тарихы мен салт-дәстүрі, мазмұнды мәдениеті көрсетілді.
Оқиға • 04 Мамыр, 2021
Елордада даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Күш атасы – Қажымұқан» атты тақырыпта музей сабағы өтті.
Ең қысқа әңгіме • 03 Мамыр, 2021
Кеңес заманында қажыға барған...
Кеңес өкіметі орнағанға дейін Торғай өңірінде 54 мешіт болыпты. Сол кезде Алланың үйі имандылықтың ұясы ғана емес, балалар сауатын ашқан мектептің рөлін атқарды десек артық айтқандық болмас. Қызылдар билікке келгеннен кейін елдегі аузы дуалы, дәулетті азаматтармен бірге діни қайраткерлерді де қуғындады. Соның кесірінен білікті имамдар мен молдалар сырт жерге бой тасалап кетті.
Әдебиет • 29 Сәуір, 2021
Жаңа әдебиеттің атасы – ескі әдебиет
Әдебиеттің әңгімесі ешқашан таусылып көрген емес. Қаламды қасиет тұтқан әр қаламгердің ол жайында өз көзқарасы мен айтары бар. Осы орайда біз «Әдебиет –ардың ісі» деген ұлы ұғымға адалдық танытып келе жатқан жазушы Қуандық Түменбаймен жүздесіп, қазіргі көркем сөз өнері мен шығармашылығы туралы әңгіме өрбіткен едік.