Өнер • 13 Мамыр, 2021

Балуан Шолақтың домбырасы

490 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халқымыз «Балуан Шолақ» деп еркелеткен Нұр­­маған­бет атамыз даңқы жер жарған алып күш иесі неме­се ат құла­ғында ой­наған ша­бандоз ға­на емес, дом­быра шер­тіп, ән салған, нағыз «сегіз қырлы, бір сырлы» бол­ғаны мәлім.

Балуан Шолақтың домбырасы

Жасынан Арқаның кербез даласын әуезді әнге бөлеген Біржан сал, Ақан серіні ұстаз тұтқан ол солардың ізін жалғап, өзі де сөзі мен сазы үйлескен әндер шығарды. Балуан Шолақтың бүгінге жеткен «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос бара­бан», «Қос перне», «Құлан кісінес», «Кенже қоңыр» секілді бір­талай әні бар. Оның халық арасына кеңінен тараған әні – «Ғалия». Бұл туынды − мөлдір ма­хаббат пен нәзік сезімді тербеткен сыршыл дүние.

Белгілі өнер зерттеушісі Алек­­сандр Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әнін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қа­зақтың 500 әні мен күйі» жинақ­тарына енгізген.

Осыдан екі жыл бұрын алып атамыздың дүниеден озғанына бір ғасыр толуына байланысты балуанның немересі Шайдолла Шолақов ағамызбен сұхбаттасқан едік. Сонда ол кісі әңгіме арасында атасының домбырасы туралы айтып қалды.

– Бұл домбыраны атамның өзі жасаған. Мен оған шүбәсіз сенемін. Өйткені оның әкесі Бай­мырза бабамыз темірден түйін түйген шебер адам болған. Ағаш­тан түрлі бұйым жасап, үй де салған. Атам жасынан әкесінің қасында жүріп, шеберлікпен айналысқан. Ол жайында әкем Құдайберген айтып отыратын. Қазір атам ұстаған домбыра менің шаңырағымда тұр. Оны атам мен әкемнің көзі ретінде кие тұтып, сақтап отырмын, − деп еді сонда балуанның немересі.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15