
Қоғам • 01 Наурыз, 2022
Биылғы Балалар жылы аясында елордадағы Алматы ауданы әкімдігі «Ақбұлақ» мұз айдынында 5 пен 7 жас аралығындағы балаларға арнап «Ең ғажайып шана» атты қызықты байқау өткізді.
Өнер • 28 Ақпан, 2022
Елбасы кітапханасының көркемсурет галереясында талантты суретші Гүлмарал Тәтібаеваның «Ойтолғау» атты жеке көрмесі ашылды. Мазмұнды шара «Тәуелсіздіктің мәдени коды» жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Қоғам • 23 Ақпан, 2022
Осыдан екі-үш жыл бұрын астанада белгілі ғалымның мерейтойлық кеші өтті. Сондағы бір көрініс есімде қалып қойды. Кеште алдымен сөз алған жүргізуші жігіт мерейтой иесін мақтап, аспандата жөнелді. Барлық алған атағы мен жазған кітаптарын тізді, қыза-қыза оны өмірден өткен ұлы тұлғалармен теңестіруге дейін барды. Сол кезде ғалым ағамыз шыдамай кетті ме, орнынан тұрып: «Айналайын, тонды төмен алып сөйле, ұят болады» деді.
Қоғам • 23 Ақпан, 2022
Таяуда астанада Ахмет Байтұрсынұлының айтулы мерейтойына арналған «150 жылдыққа − 150 шақырым» атты алғашқы қысқы веломарафон өтті. Оған танымал велошабондоз, журналист Ернат Мелсұлы қатысып, жалғыз өзі елордадағы Триатлон паркінде елу айналым жасап, 150 шақырымды еңсерді.
Әдебиет • 22 Ақпан, 2022
Биыл көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына 90 жыл толды. Соған орай астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада ардақты ақынды еске алуға арналған «Жыр әлемінің жезкиігі» атты әдеби кеш өтті.
Әдебиет • 22 Ақпан, 2022
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйытқы болуымен белгілі қаламгер, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қали Сәрсенбаймен әдемі әсерге толы оқырмандардың кездесуі өтті. Мазмұнды іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты, қаламгер Сауытбек Абдрахманов, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, жазушы Мереке Құлкенов, сатирик Көпен Әмірбек, публицистер Жанболат Аупбаев пен Шархан Қазығұл және ақындар Ғалым Жайлыбай мен Қасымхан Бегманов бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.
Өнер • 21 Ақпан, 2022
Қыз Жібек, Тебальдо, Джанетта...
Осыдан бес жыл бұрын «Астана Опера» театрында қазақ операсының інжу-маржанына айналған «Қыз Жібек» туындысының премьерасы қойылып, сондағы басты рөлді жас өнерпаз Назым Сағынтай ойнап, талғампаз көрермендердің қошеметіне бөленді.
Тарих • 17 Ақпан, 2022
Болған ана бейнесі жаңғыртылды
Елордадағы Ұлттық музейде Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ұлытау ауданындағы Болған ана кесенесінен табылған жәдігерлер мен Болған ана бейнесінің жаңғыртылған нұсқасын ұсынған көрмесі өтті.
Ахмет Байтұрсынұлы • 16 Ақпан, 2022
Ұлт ұстазы атындағы оқу залы ашылды
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай уақыт талабына сай көркемделіп жасалған Ұлт ұстазы атындағы оқу залы ашылды. Оған зиялы қауым өкілдері қатысып, алаш ардақтысының өмірі мен шығармашылығы туралы келелі әңгіме өрбітті.
Өнер • 10 Ақпан, 2022
Өмірден ерте озған дарынды суретші Мұратбек Жоламановтың «Құлагер» атты ғажайып картинасы бар. Ол осы еңбегін жарты күнде салыпты. Суреттегі төрт тұяғы жер тарпып, жалы күдірейіп, кісінеп тұрған ақбоз аттың бейнесін қазақтың асқақ рухына ұқсатасыз. Төрт түліктің ішінде жылқы малын айрықша көрген халқымыздың бекзат болмысы осыған толық сыйып тұр.