
Өнер • 18 Сәуір, 2022
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, белгілі қылқалам шебері, режиссер, тележурналист Жанұзақ Мүсәпірдің Zhanuzak атты кітап-альбомы таныстырылды.
Руханият • 18 Сәуір, 2022
Бірде таныс ағамыз қызық әңгіме айтты. Өзі тұратын көпқабатты үйдің іргесіндегі көкөніс сататын дүңгіршектен бір орыс әже жиі жеміс-жидек алады екен. Кейде сол кейуана дүңгіршек иесіне ертеде жарық көрген ескі кітаптарды әкеп береді. Саудагер жігіт ол кітаптарды алып қалғанымен, оны оқымайды. Әйтеуір тегін келгесін бір қажетке жарар деп алып қалады. Сол кітаптарды алып қараса, қолға сирек түсетін шығармалар екендігін байқайды. Арасынан атақты жазушы Джон Стейнбектің алты томдығын, кеңес заманында оқуға тыйым салған Андрей Платоновтың туындыларын көреді. Сөйтіп, өзіне ұнаған бір топ кітапты үйіне арқалап алып кетеді.
Елорда • 15 Сәуір, 2022
Елордада Ғылым күніне орай «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (TIKA) бірлесіп,Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің қатысуымен «Бозоқ» ұлттық паркі жобасы аясында түркі тарихи-мәдени мұрасын репрезентациялау мен зерттеудегі жаңа бағыттар» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Әдебиет • 14 Сәуір, 2022
Былтыр дүние салған белгілі қаламгер, тележурналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалы аға 75 жасқа толғанда газетке сұхбат алдым. Сонда ол кісі өзі жақын араласқан халқымыздың талантты тұлғалары туралы естелік айтып, олармен бірге түскен суреттерін көрсетті. Соның ішінде қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповпен түскен суретіне ерекше тоқталды. Сұлтан ағаның айтуынша, бұл фото 1973 жылы 11 қыркүйекте Алматыда өткен Азия-Африка ақын-жазушыларының конференциясы қарсаңында Қазақ телевизиясының шағын студиясында түсірілген.
Қоғам • 14 Сәуір, 2022
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мемлекеттік Елтаңба авторларының бірі, белгілі сәулетші, профессор Жандарбек Мәлібекұлының Oitek ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды.
Әдебиет • 13 Сәуір, 2022
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің туғанына 95 жыл толуына орай, ғалымның шәкірті, профессор Жандос Смағұловтың «Абыз ғалым, аңыз тұлға» атты дәрісі өтті.
Өнер • 12 Сәуір, 2022
Қазақтың қай әні болмасын адамның нәзік пернесін тап басып, жан-жүйесін босататын, қайдағы бір қиялды қозғап, айран-асыр күйге түсіретін, енді бірде мұңды ойға батырып, өмірдің өткінші екендігін түсіндіретін, кейде тіпті көктемгі «алтын күрек» самалдай жаныңды желпитін сырлы сағынышқа толы болып келеді.
Әдебиет • 06 Сәуір, 2022
Яғымус – әдебиетіміздегі тың образ
Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанның таңғы шықтай мөлдіреген әңгімелерін құмартып оқимын. Әр кейіпкері туысымдай көзіме жылы ұшырап, беймаза сезімге бөлейді. Айталық, «Ергежейлі» әңгімесіндегі бас кейіпкер – құдды біздің ауылдағы Жылқыбай ағама ұқсайды. Оның таудан тас домалатқандай алдыр-салдыр мінезіне бала біткен «жынды» деп күлетінбіз. Дүйім бала сыртынан сықылықтап мазақ қыламыз. Ол болса, маңайында қаулаған қиқар сөзді елең қылмай, өз білгенімен мәз болып, өзінше өмір сүріп, жүріп жатады. Ептеп өлең жазады. Онысын ешкім көңіл бөліп оқымайды.
Сұхбат • 05 Сәуір, 2022
Мәдениет қайраткері, күйші Айтбай Мұздаханов: Күйді түсіну үшін өре керек
«Ел іші – өнер кеніші» деп халқымыз бекер айтпаған. Ауылда қарапайым ғұмыр кешіп, өнерімен елге танылған таланттар жетерлік. Соның бірі − Айтбай Мұздаханов. Кезінде Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, Нұрғиса Тілендиев секілді халқымыздың ардақтылары өнерпаз азаматтың күйшілігіне риза болып, батасын берген. Бүгінде ол кісі Қостанай облысы, Амангелді ауданы Қарасу ауылында тұрады. Елге бір жол түскенде тағдырлы күйші ағамызға сәлем бере барып, әңгімелескен едік.
Өнер • 05 Сәуір, 2022
Қазақ – қонақжай халық. Кім болса да, табалдырықты аттаған адамды қонақ деп сыйлап, төрін ұсынып, қолындағы барын береді. Бұл қасиет − қазіргі технологиялық прогресс қарыштап дамыған ғасырда да халқымыздың бойынан жоғалған емес. Әйтеуір, қазақ отбасында қонаққа деген сыбаға бөлек тұрады. Біздің осылай ой толғауымызға жас суретші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Нұрболат Асқардың «Қонақ» деген картинасы себепкер болды.