Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
643 материал табылды

Әдебиет • 25 Мамыр, 2022

Торғай сұңқары

Жақында бір қаламгер аға­мыз украин жазушысы Олекса Десняктің 1916 жыл­ғы Торғайдағы ұлт-азат­тық көтерілісінің бас сардары Аман­гелді Иманов­тың күрес жолын баяндаған «Торғай сұңқары» атты екі бөлімнен тұратын кітапты оқуға берді. Туындыны қазақ тіліне белгілі журналист – аудармашы Пер­небек Бейсенов аударған. Қаламгер бұл повесті 1939-1940 жылдары жазыпты. Бізді таңғалдырғаны – украин жазушысының Қазақстанға келіп, халық батыры туралы күрделі шығарма жазғаны. Әлде оған сол кездегі саясаттың ықпалы болды ма, әлде жеке өзінің ынтызарлығы болды ма – бізге белгісіз. Белгілісі − суреткер қаламынан бас сардар жайындағы көркем шығарманың өмірге келгені.

Референдум • 24 Мамыр, 2022

Халық пен биліктің үйлесімі

Елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Конституциялық өзгерістерді түсіндіруге арналған «Екінші Республиканың Ата Заңы» деген тақырыпта кездесу өтті. Басқосуға 1993 жылы алғашқы қабылданған Қонститу­циядағы жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Төлеш Қаудыров пен Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігіт қатысты.

Өнер • 23 Мамыр, 2022

Шынайылық

Осы картинаны ғаламтордан көріп, ерекше әсер алдым. Әжесінің арқасында ұйықтап бара жатқан бала, бір сәт өзім секілді көрінді. Марқұм әжем мені дәл осылай арқалайтын. Қонаққа арқалап алып барып, арқалап алып келетін. Сонда әжемнің арқасы жайлы төсектей еді. Шын мәнінде, қазақ әжелері өте мейірімді, немересі үшін жанын беруге бар. Соның бір көрінісін осы суреттен байқайсыз. Бұл – белгілі қылқалам шебері Айгүл Хакімжанованың «Әжем» деген картинасы.

Тарих • 22 Мамыр, 2022

Әлжанның кісе белбеуі

Әлжан Қарабайұлы 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің мыңбасы және бас сардар Амангелді Имановтың сенімді серігі болған. Қазір құнды жәдігер Қостанай облысы Амангелді аудандық мемориалдық музейінде сақталған. Оны мұражайға қарт қаламгер Бөгетбай Әлмағамбетұлы тапсырған.   

Әдебиет • 18 Мамыр, 2022

Парасат әлемінің суреткері

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, тележурналист Сағат Әшімбаевтың туғанына 75 жыл толуына арналған «Парасат әлемі: тұлға және мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мазмұнды іс-шараға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент депутаттары, талантты тұлғаны жақын білетін достары, замандастары, жалпы, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қоғам • 17 Мамыр, 2022

Бюрократизм

Бұл өзі қоғамға дендеп енген дерт пе, әлде кеңестік ке­зеңнен қалған кесел ме, айта алмаймын. Әйтеуір, содан аяқ алып жүре алмайсыз. Соның салдарынан кез келген шаруаңыз оңай бітпейді, жүйкеңізді жұқартып, діңке­летіп жібереді.

Әдебиет • 16 Мамыр, 2022

Ақ параққа адал қаламгер

Жақында белгілі жазушы, ха­лық­­аралық «Алаш» әдеби және ПЕН-клуб сыйлықтарының лауреаты Қуаныш Жиенбайдың мерейлі белесіне орай, елор­да­дағы Ұлттық акаде­миялық кі­тап­­ханада шығар­машылық портреті туралы эсселер, мақа­лалар және сұхбаттар топ­тас­тырылған «Аралдың ақ­жал тол­­қыны» атты кітаптың та­ныс­тырылымы өтті.

Өнер • 15 Мамыр, 2022

Таңғажайып тосын бейнелер

Елордадағы Ұлттық музейде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, дарынды қылқалам шебері Ботагөз Төлештің «Жаңару» атты жеке көрмесі ашылды.

Руханият • 13 Мамыр, 2022

Қаламына адал қаламгер

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуаныш Жиенбайдың жетпіс жылдық мерейтойына орай «Аралдың ақжал толқыны» атты кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарих • 06 Мамыр, 2022

Сәбең бейнеленген сәт

Әрбір суретті естелік деп қана емес, тарих деп те айтуға болады. Оған биыл туғанына тоқсан жыл толған белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов пен көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың көпшілікпен бірге түскен суреті дәлел. Бұл бағалы дүниені бізге ақынның қызы Майра Кәкімбекқызы көрсетті.