
Қазақстан • 09 Маусым, 2022
Елордадағы Ұлттық музейде «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінің жүз жылдығына орай «100 жасаған «Жас алаш» атты көрме ашылды.
Театр • 07 Маусым, 2022
Мәскеуде дүркіреп өткен «Нано-Опера» V Халықаралық жас опера режиссерлері байқауынан «Астана Опера» театрының режиссері Еренбақ Тойкенов жүлдемен оралды.
Абай • 02 Маусым, 2022
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «Абайдың шығармашылық мұрасының тарихи-этнографиялық контексі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Руханият • 01 Маусым, 2022
Қазақ әдебиетіне өз үнімен, өзгеше бояуымен келген белгілі жазушының бірі –Марат Мәжитов. 1973 жылы «Жұлдызда» жарық көрген «Құмдағы із» атты әңгімесімен оқырманын елең еткізген прозаист қаламынан бірнеше повестер мен әңгімелер туды. Әсіресе тәуелсіздіктен кейін жазушы кеңінен көсіліп, «Құныскерей» және «Тобанияз» атты қос роман жазып, әдебиетімізге мол олжа салды.
Абай • 01 Маусым, 2022
Елордадағы Достық үйінде еліміздегі Әзербайжан Республикасының елшілігімен бірлесіп, қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы «Абайдың ұлылығы немесе ХХІ ғасырда ойшылдың портретін жасауға талпыныс» атты кітап таныстырылды.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2022
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде зар заман поэзиясының көрнекті өкілі, елдік пен еркіндіктің жыршысы Дулат Бабатайұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Поэзиядағы Дулат Бабатайұлы дәстүрі және ұлттық тұтастық идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мазмұнды жиынды Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдіктері ұйымдастырды.
Өнер • 31 Мамыр, 2022
Биылғы ақпан айында «Астана Опера» театры балет труппасының талантты әртістері Бақтияр Адамжан мен Шұғыла Әдепхан Аустралияда Ballet International Gala әлемдік шоуы аясында табысты өнер көрсетіп, жасыл құрлық көрермендерінің көзайымына айналды. Атағы жер жарған Ковент-Гарден Корольдік балеті, Америкалық балет театры және Квинсленд балетінің жетекші солистері қатысқан дүниежүзілік деңгейдегі гала-көрсетілім 26 қаңтардан 5 ақпанға дейін жалғасты. Осы айтулы кеште талантты жұп А.Хачатурянның «Спартак» балетінен бір нөмір орындап, қазақ балеті ешкімнен кем еместігін дәлелдеді.
Елорда • 30 Мамыр, 2022
Елордадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Алтын күн» V балалар патриоттық әндер фестивалі өз мәресіне жетті. Мәдени іс-шараны Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы биылғы Балалар жылы мен 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырды.
Әдебиет • 29 Мамыр, 2022
Жалпы балаларға арнап әдеби шығарма жазу қиын. Оған кез келген қаламгердің жүрегі дауаламайды. Өйткені бала көңілі мен сезімін тап басу үшін шеберлік қана емес, бала мінезді болу керек.
Қоғам • 29 Мамыр, 2022
Жазба ескерткіштерді жаңаша зерделеген
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, айтулы ғалым Мырзатай Жолдасбековтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Түркі жазба ескерткіштері: тілі, тарихы және мәдениеті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және еліміздегі дипломатиялық корпус пен зиялы қауым өкілдері қатысты.