
Өнер • 14 Тамыз, 2022
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Гиперреалист мүсінші Айдос Есмағамбетовтің Абылай хан бабамыздың балауыздан жасаған бейнесі ерекше әсерге қалдырады. Өз кейіпкерінің мүсінін шынайы кейіпке жақындатып, дәл осындай нақты дәлдікпен жасау – үлкен шеберлікті талап етеді. Шындығын айтқанда, бұл екінің бірінің қолынан келмейді.
Кино • 10 Тамыз, 2022
Фильмге арқау болған жанкешті ерлік
Жақында отандық бір телеарнадан Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елімізден қиырдағы Украинаға мал айдап барған қазақстандықтар туралы «Ұзақ құс жолы» атты көркем фильм көрсетілді. Бұл туынды 1983 жылы жарыққа шыққан, оны түсірген – қазақ киносының қазынасын «Ақырғы аманат», «Охрана бастығы», «Ебелек», «Кімсің сен, шабондоз?» атты бірегей туындыларымен байытқан айтулы режиссер Амангелді Тәжібаев еді.
Театр • 09 Тамыз, 2022
Елордаға Түркістан театры келеді
Алдағы 27-28 тамызда Түркістан музыкалық драма театрының әртістері бас қалаға гастрольдік сапармен келіп, «Астана Операның» Үлкен залында елорда тұрғындары мен қонақтарына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы желісімен қойылған «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклін ұсынады.
Қазақстан • 08 Тамыз, 2022
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ТҮРКСОЙ ұйымының қолдауымен түрік тіліне аударылып жарық көрген академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың «BENIM AVEZOVUM» атты кітабы таныстырылды. Мазмұнды іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы ғалым Мұрат Әуезов және көрнекті ғалым Зейнолла Қабдоловтың ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Руханият • 07 Тамыз, 2022
Жалпы, бізде ұлттық идеология бар ма? Әрине, жоқ деп айта алмаймыз, бар. Бірақ иә, бірақ... Жә, алдымен, аз-кем идеология деген сөзге тоқталайық. Қазақ совет энциклопедиясының 4-томында: «идеология – таптың, әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы» деген анықтама берген. Бұл терминді алғаш француз философы және экономисі Де Гресси (1754-1836) қолданып, ол «идеологияның элементтері» атты төрт томдық еңбек жазған. Оның пікірінше, идеология туралы ғылым, ол барлық табиғат және қоғам туралы ғылымдардың, саясат, этика және т.б. әлеуметтік құбылыстардың негізіне жатуға тиіс.
Елорда • 07 Тамыз, 2022
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
«Астана Опера» театры мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі бірлесіп, жаңа жобаны қолға алды. Енді аталған театр ғимараты мен елордалық әуежай және «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында арт-дүкендер ашылып, онда «Астана Операның» символикасы бар кәдесый, киім-кешек, сондай-ақ басқа да тауарлар сатылады.
Таным • 05 Тамыз, 2022
Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы мұражайында атақты қобызшы, соғыс және еңбек ардагері Қазыбек Әбеновтің өзі ұстаған екі қобызы сақталған.
Қоғам • 04 Тамыз, 2022
Қайраткерлерге ескерткіш орнатылады
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысты. Жиында сарапшылар монументалды өнер саласындағы өзекті мәселелерді де талқылады.
Әдебиет • 10 Шілде, 2022
Қазақ прозасында айшықты қолтаңбасын қалдырған көрнекті жазушы Дүкенбай Досжанның «Жолбарыстың сүрлеуі» атты хикаяты бар. Бас-аяғы жинақы, шымыр жазылған шығармадағы бас кейіпкер – Аяпберді қарапайым қойшы болса да өз-өзінің жан сарайына үңіліп жүретін философ.
Қазақстан • 04 Шілде, 2022
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жаңа Қазақстандағы тіл білімі және сөзжасам мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мазмұнды жиын филология ғылымдарының докторы, академик Кәрімбек Құрманәлиевтің 60 жылдық мерейтойына арналды. Оған отандық және шетелдік ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен оқытушылар қатысты.