
Өнер • 20 Қазан, 2021
«Астана Операның» үлкен залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, маэстро Абзал Мұхитдиннің «Үш дәуір – үш тағдыр» атты кеші өтіп, тыңдармандарға Антон Брукнердің №7 симфониясы ұсынылды.
Өнер • 20 Қазан, 2021
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстан мен Индонезияның балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Менің елімнің мәдени мұрасы» атты халықаралық байқауын қорытындылаған көрмесі өтті. Мазмұнды іс-шараны Елбасы кітапханасы, Қазақстанның Индонезия Республикасындағы елшілігі, Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі, Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасы және Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы ұйымдастырды.
Сұхбат • 17 Қазан, 2021
Шындық айтылған жерде қоғам дамиды - Алдан Смайыл
Ұлтты ұлт ретінде танытатын нышанның бірі –зиялы қауым. Халқымыз зиялының сөзін ес тұтып, соған арқа сүйейді. Сондай танымал тұлғаның бірі – Алдан Смайыл. Жақында белгілі жазушы жетпіс бес жасқа толды. Біз осы мерейтой тұсында қаламгермен кездесіп, тәуелсіздік, қайраткерлік және көркемсөз өнері тақырыбында әңгіме өрбіткен едік.
Өнер • 13 Қазан, 2021
Елордада дүркіреп өткен Бибігүл Төлегенованың XI халықаралық вокалшылар байқауының жеңімпазы анықталып, бас жүлде жас талант Дінмұхамед Көшкінбаевқа бұйырды.
Өнер • 12 Қазан, 2021
Қазіргі қазақ бейнелеу өнерінің талантты өкілдерінің бірі, Қазақстан Суретшілер және Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі Шыныбай Пірімбаевтың «Кәрітұма» деген туындысы бар. Осы еңбегінде автор туған ауылындағы, бір кездері айбыны асып, айдын болған тұманың бүгінде табаны суалып бара жатқан жан толқытарлық бейнесін, адамзаттың тағдырына айналған Арал теңізінің қайғысымен астастыра бейнелеген.
Әдебиет • 12 Қазан, 2021
Бесінші сыныпта оқимын. Бір күні мұқабасы тозған кітаптан «Алтын киік» деген ертегіні оқыдым. Жып-жылы жазылған дүние. Жан-дүнием төңкеріліп түсті. Әжем айтатын аңыздардан бөлектеу. Атқан оғы мүлт кетпейтін Қарамерген аңшы туралы жазады. Ұзақты күн сарылып, қанжығасы бос қайтып келе жатқан аңшыға қалың орманның шетінен бір киік кездеседі.
Өнер • 12 Қазан, 2021
«Астана Балет» театрында бір актілі балет кеші өтіп, онда көрерменге хореограф Рикардо Амаранте қойған «A Fuego Lento» және Раймондо Ребектің «Өткенге саяхат» атты туындысы ұсынылды.
Сұхбат • 10 Қазан, 2021
Зұлматты жылдар терең зерттелуге тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында: «Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. Сол зұлматтың кесірінен қырылып қалмағанда, халқымыздың саны қазіргіден әлденеше есе көп болар еді. Тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді», деп жазды. Осыған орай, біз тарих ғылымының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Құрманғали Даркеновпен сұхбаттасқан едік.
Әдебиет • 08 Қазан, 2021
«Ер Төстік» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханасы «Балалар әдебиеті» жылына орай жариялаған балалар мен жасөспірімдер шығармаларына арналған «Ер Төстік» атты әдеби байқау жеңімпаздарын марапаттады.
Өнер • 07 Қазан, 2021
Елордада халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халқымыздың күміс көмей әншісі Бибігүл Төлегенованың шығармашылығына 70 жыл толуына орай XI халықаралық вокалшылар байқауы басталды.