
Өнер • 13 Қыркүйек, 2021
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, белгілі қылқалам шебері Жеңіс Кәкенұлының «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды.
Өнер • 09 Қыркүйек, 2021
Гүлжан Әспетова: «Атқа арпа, адамға арқа керек»
Биыл көрнекті актриса, Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Әспетова жетпіс бес жасқа толды.
Тарих • 09 Қыркүйек, 2021
Елордадағы Ұлттық музейдің төрінде биыл туғанына 160 жыл толған атақты күйші, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың қолының табы қалған домбырасы тұр.
Өнер • 09 Қыркүйек, 2021
Отандық операдағы айтулы оқиға
«Астана Операның» талантты әншісі, аталған театрдағы опера труппасының басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов еліміздің вокалдық классикалық өнері тарихында алғаш рет әлемдік деңгейдегі бірегей жобаға – Винченцо Беллинидің «Пуритандар» операсының CD-дисктегі аудиожазбасын жасауға қатысты. Онымен бірге операны бельканто жұлдыздары – тенор Лоуренс Браунли, сопрано Сара Кобурн (АҚШ) орындады.
Театр • 08 Қыркүйек, 2021
Жақында бас шаһарға гастрольмен келген Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театры Еуропаны тамсандырған қойылымдарымен елордалықтарды сүйсіндірсе, 2-3 қыркүйекте өнер сапарымен келген Шымкент опера және балет театры ұлттық операға жаңа тыныс әкелген «Домалақ ана» премьерасымен жұртшылықты тәнті етті.
Өнер • 07 Қыркүйек, 2021
Елордадағы Ұлттық музейде «Менің Қазақстаным» атты мәдени-білім беру және экспозициялық жобаның ашылуы өтті.
Өнер • 06 Қыркүйек, 2021
Ұлттық бейнелеу өнері дегенде алдымен, осы өрелі өнердің кәсіби негізін қалап, шырқау биікке көтерген Әбілхан Қастеев, Орал Таңсықбаев, Молдахмет Кенбаев, Әубәкір Ысмайылов секілді талантты тұлғалар ойымызға келеді. Осы алыптардың ізін баса келген, көрнекті кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі Жаңатай Шәрденов те бейнелеу өнерінде өз өрнегі мен қолтаңбасын қалыптастырды. Әсіресе көзіқарақты қауым суретшінің табиғаттың таңғажайып құбылыстарын көркем бедерлеген туындыларын ерекше бағалайды.
Руханият • 02 Қыркүйек, 2021
Телевизиялық бағдарламаға түсті
Таяуда Қырғыз елінің астанасы Бішкекте қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен «Қыз-жігіт. Сармерден» атты телевизия форматындағы бағдарламаның түсірілімі өтті.
Білім • 01 Қыркүйек, 2021
«Егемендегі» мақала оқулыққа енді
«Еgemen Qazaqstan» газетінде ұзақ жылдар қызмет істеген, белгілі ақын, талантты журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжолдың бас басылымда үш-төрт жыл бұрын жарық көрген «Қазақ қазынасы» деген мақаласы Білім және ғылым министрлігі ұсынған Жалпы білім беретін мектептің тоғызыншы сыныбына арналған «Өзін-өзі тану» оқулығына еніпті.
Әдебиет • 01 Қыркүйек, 2021
Елордадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде көрнекті жазушы, ғибратты ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ақселеу Сейдімбектің жеке қорындағы архив материал-дарынан құрастырылған «Ақселеудің асыл мұрасы» атты құжаттар жинағы таныстырылды.