
Өнер • 12 Тамыз, 2021
Осы суретке қараған сайын, одан бір жылылық көрем. Ата мен әже алдарына немересін алып, соның қызығына тоймай, тамашалап отыр. Бала күнімізде осы көріністі ауылда жиі көрдік. Ата-әжеміз бізді де осылай алдарына алып, қызықтап отыратын. Жалпы, бұл туындының маңызы зор, қараған жанға мазмұнды ой салады. Автор осы суреті арқылы әке-шеше мен баланың арасындағы байланыс, ұрпақ жалғастығы деген өмірлік қағиданы көркем жеткізеді. Мұны суретші 1968 жылы қарындашпен салыпты. Оның иесі ұлттық бейнелеу өнерінде қайталанбас қолтаңбасын қалдырған көрнекті қылқалам шебері Шаймардан Сариев.
Театр • 12 Тамыз, 2021
Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық-драма театрының актері Дастан Әлімовті мен алғаш көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» спектакліндегі бас кейіпкер – жас баланың бейнесіндегі рөлі арқылы таныдым. Бұл туындыны режиссер Нұрлан Жұманиязов сахналады. Осы қойылымда кішкентай кейіпкермен Дастанның жан-дүниесінде бір ұқсастық бар екені байқалды. Өйткені жеткіншектің қуанышы мен қайғысын, қиялы мен сағынышын актер жүрегімен сезініп, көрерменге шынайы жеткізе білді.
Қазақстан • 11 Тамыз, 2021
Халқымыз оты құнарлы, суы мол, табиғаты көркем, талай талантты тұлғалар туған – Баянауылды «құт қонған жер» деп дәріптейді. Осы өңірде дауылпаз ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфулиннің есімімен аталатын тау бар.
Өнер • 11 Тамыз, 2021
Қазақ өнерінің алыбы – Біржан сал бабамыздың асқақ «Айбозым» әнін жұртшылық жақсы біледі. Бұл әнді алғаш сахнада орындаған – дүлдүл әнші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосынов. Біз бүгінгі әңгімемізде бір кездері ұмыт бола бастаған осы туындының қайта жарыққа шығуына себепкер болған бір оқиғаны баяндасақ дейміз. Оны бізге белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжол айтып берген еді.
Өнер • 10 Тамыз, 2021
Бас шаһардағы ЭКСПО іскерлік орталығы аумағындағы NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайының алаңында шілдеден қыркүйектің соңына дейін қала тұрғындары мен қонақтарына қызықты бірегей кеңістік ұйымдастырылды. Онда отандық және шетелдік суретшілердің, мүсіншілер мен фотографтардың көрмелері, музыканттардың жанды дауыста орындалған шығармалары ұсынылады.
Әдебиет • 10 Тамыз, 2021
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен елордадағы Қаламгерлер аллеясында «Өлеңім, сен аман бол бұл дүниеде...» атты өмірден ерте озған талантты ақын Марфуға Бектемірованы еске алу кеші өтті.
Әдебиет • 09 Тамыз, 2021
«Кітап оқуға көп уақыт бөлемін»
Қазіргі балалар әдебиетінде өнімді еңбек етіп жүрген жазушының бірі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Толымбек Әбдірайым ағамыз. Жақында белгілі қаламгермен жолығып, «Не жазып жүрсіз?» деген сауалымызды қойған едік.
Өнер • 05 Тамыз, 2021
Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейінде тағылымды тарихтан сыр шертетін көне жәдігерлер жетерлік. Сондай асыл дүниенің бірі – Қазақстанның халық ақыны, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрхан Ахметбековтің домбырасы.
Өнер • 08 Шілде, 2021
«Астана Опера» симфониялық оркестрінің әртістері америкалық кинорежиссер, сценарист әрі продюсер, үш мәрте «Оскар» сыйлығының иегері Оливер Стоунның Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы Qazaq – The History of Golden Man фильміне арнап музыка орындады. Фильмнің режиссері – украиналық және америкалық киноиндустрия қайраткері Игорь Лопатёнок, оған арнап музыканы атақты композитор, «Алтын глобус» құрметті марапатының иегері Карло Силиотто жазды.
Сұхбат • 07 Шілде, 2021
Әлемді ар-ұжданы биік адамдар сақтайды
Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Елорда – өнер өлкесі» атты Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаншығармашылық кездесуі аясында Өзбек ұлттықакадемиялық драма театры көрермендерге «Ар-ұждан» спектаклін ұсынды. Өзбек халқыныңталантты драматургі Иззат Султонның өткенғасырдың 60-шы жылдары жазған бұл туындысықазіргі уақытта да маңыздылығын жойған емес. Спектакльдің негізгі идеясы – адам, адам болғанда да оның болмысындағы адалдық пен албырттықарасындағы күресті өзек еткен. Осы орайда біз осы қойылымды сахналаған режиссер, Өзбекстанныңеңбек сіңірген әртісі Марат Азимовпен кездесіп, аз-мұзтілдескен едік.