
Тарих • 23 Маусым, 2021
Елордадағы руханият ордаларының бірі Сәкен Сейфуллин музейінің қоры бай. Онда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері туралы тың деректер, зерделі зерттеулер мен жәдігерлер жинақталған. Соның ішінде келушілер дауылпаз ақынның алтын қалта сағатына қызығып қарайды. Бұл құнды дүниенің өзіндік тарихы да бар.
Өнер • 22 Маусым, 2021
Бас шаһардағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы мен астана күніне орай «Елорда – Өнер өлкесі» атты Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан театрларының шығармашылық кездесуі Жастар театрының «Жібек» мюзикілімен ашылды. Оған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысып, сахна майталмандарына табыс тіледі.
Өнер • 22 Маусым, 2021
Бас шаһардағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы мен астана күніне орай «Елорда – Өнер өлкесі» атты Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан театрларының шығармашылық кездесуі Жастар театрының «Жібек» мюзиклімен ашылды. Оған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысып, сахна майталмандарына табыс тіледі.
Қоғам • 22 Маусым, 2021
Ұлттық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Мейірім: шығармашылық және мейірімділік баспалдақтары» атты балалар шығармашылығының ІІІ инклюзивті музейлік фестивалі өтті.
Аймақтар • 21 Маусым, 2021
Кейінгі жылдары бас қаланың көркем ажарын тұғырлы тұлғаларымыздың айшықты бейнелерін бедерлеген мазмұнды муралдар аша түсті.
Әдебиет • 17 Маусым, 2021
Ел киесіз, жер иесіз қалмасын...
Әдебиетімізге әп дегеннен өз үні, өз тақырыбымен келген жазушының бірі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Тұрлыбек Мәмесейіт. Қарымды қаламгердің бүгінге дейін бірнеше прозалық жинағы мен әдеби зерттеу еңбектері жарық көрді. Атақты Таңжарық ақын туралы жазған көлемді романы да оқырмандардың ықыласына бөленді. Біз бүгін жазушыдан кейінгі жазған шығармасы жайында сұраған едік.
Өнер • 16 Маусым, 2021
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары ұлттық бейнелеу өнеріне теңіздей буырқанған талантты бір буын келді. Осы буынға өнертанушылар «Қатаң стиль» өкілдері деп баға берген. Сол үркердей шоғырдың ішінде дарынды қылқалам шебері Салихитдин Айтбаевтың ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасы анық байқалды. Әсіресе, автордың 1966 жылы салған «Бақыт» деген картинасы бейнелеу өнерін жоғары бағалайтын талғампаз жұрттың көңілінен шықты. Бұл кезең кеңестік дәуірдің дүбірлеп тұрған шағы болғандықтан, қазақтың биік болмысын бедерлеген туынды «Молодая гвардия» журналында сыналып, авторға «ұлтшыл, түрікшіл» деген айып тағылды.
Театр • 15 Маусым, 2021
«Астана Операда» Миланнан келген маэстро, Форо Бонапарттағы музыкалық академияның профессоры және Гаэтано Доницетти атындағы музыкалық академияның камералық ән айту бөлімінің меңгерушісі, вокалистер арасында үлкен беделге ие Анатолий Гусевтің шеберлік сабағы мен жеке жаттығу бағдарламасы өтеді.
Өнер • 10 Маусым, 2021
Сіз Қазақстанның халық суретшісі, қайталанбас талант иесі Еркін Мергеновтің мүсіндерін көрдіңіз бе? Көрсеңіз, ғажайып бір күйге бөленіп, шынайы өнердің үлгісін көрер едіңіз.
Тарих • 09 Маусым, 2021
Елордадағы Ұлттық музейде биыл туғанына 150 жыл толған, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы, даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлына қатысты бірнеше жәдігер сақталған.