Сұхбат • 13 Маусым, 2024
Жанат Чайкина: Жанарымда жасырынған мұңды көрді
Сұлулар... Арулар... Бикештер... Ханымдар... Сан қилы жанр мен алуан амплуада өзін еркін сынай білген біздің бүгінгі кейіпкеріміз жартығасырлық сахнадағы ғұмырында соңынан сәулелі із, өрісті өнеге қалдыра білді. Әлі де бабында. Театрдағы түрлі бейнелер Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жанат Чайкинаның сомдауына санаға сілкініс, көңілге көктем орнатып келеді. Ал актрисаның жансарайын жарып шыққан әсерлі әңгімесі одан да әдемі.
Байқау • 12 Маусым, 2024
Елорда төрінде мамыр айында шымылдығы түріліп, шілдеге дейін жалғасатын бірегей өнер думаны – «Опералия-2024» халықаралық музыкалық фестивалі жарқын бағдарламасымен көрерменін қуантып келеді. Соның бірі – «Астана опера» сахнасында өткен жұлдызды гала-кеш. Айтулы шара әлемдік деңгейдегі көптеген үздік орындаушылардың басын қосып қана қоймай, классикалық және заманауи туындылар ұлттық қойылымдармен жарасымды үйлесім тапқан тамаша бағдарлама ұсынды.
Сұхбат • 07 Маусым, 2024
Ерболат ТӨЛЕПБАЙ: Суретші талғамымен, айтар ойымен биік болса игі
Әлемнің 40-тан астам елінде көрмесін өткізген суретші бізде саусақпен санарлық қана, тіпті жалғыз десек артық емес. Басқасын былай қойғанда, Париждегі көрмесі Сальвадор Далимен бір залда өткен Ерболат Төлепбай таланты төрткүл дүниеге мәшһүр. Әлемдік деңгейдегі мен деген небір мықты өнертанушылардың жоғары бағасын алған қылқалам шеберінің суреттегі басты жаңалығы – өткен ғасырдың 80-жылдары елімізге алғаш рет қазақы сюрреализмді әкелуі. Сонысымен де ол өз қатарластары арасында дара болды, жаңалықтың жаршысына айналды.
Кино • 05 Маусым, 2024
«Жамбыл. Жаңа дәуір». Бас шаһар төрінде тұлға туралы тағы бір тамаша туындының тұсауы кесілді. Атауы айтып тұрғандай, жыр алыбы жайындағы жаңа фильм ақын ғұмырының соңғы 9 жылынан сыр шертеді.
Өнер • 05 Маусым, 2024
Дәстүрлі әнші, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асқар Мұқият есімі студент кезінен-ақ жақсы таныла бастады. Күмбірлеген қоңыр дауысы қазақтың кең даласын еске түсіретіндей ерекше тартымды һәм бояуға бай әуезділігімен тыңдаған жанның құлақ құрышын қандыратын. Ұстазы, Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосынов шеберханасынан шыңдалып шыққан дүлдүл дарын Қазақ ұлттық өнер университетін бітіргеннен кейін де тыңдарманын тамсантуын тәмамдаған жоқ.
Өнер • 05 Маусым, 2024
«Опералия» – бірегей өнер думаны
Елорда төрінде «Опералия» халықаралық музыкалық фестивалі шымылдық түрді. Түрлі елдер мен дәуірлердің мәдениетін біріктіретін театр думаны 31 мамырдан 13 шілдеге дейін жалғасып, көрермендерге опералық қойылымдар, балеттер мен концерттік өнер көрсетулерді қамтитын мазмұнды бағдарламасын ұсынады.
Қоғам • 04 Маусым, 2024
Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоғанның қолдауымен жыл сайын «Көп ғасырлық талғамдардың тоғысқан жері: Жеті өңірдегі түрік асханасы» атты апталық өтеді. Соның аясында еліміздің бірқатар өңірінде де түрік асханасы ұйымдастырылды.
Өнер • 30 Мамыр, 2024
Құлагердің ажалы һәм азалы Ақан
Көңілдегі көрікті ойдың кестеленіп қағазға түскенінің бәрі өнер ме? Жоқ, әрине! Біздіңше, жүректі қозғап, көңілге ой салғаны, жанды тазартып, сананы сілкінткені – жауһар. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылболат Смағұловтың шеберханасына бас сұққанда назарымызды бірден өзіне бұрғызған бұл картина бояу палитрасының парасатымен ғана емес, ондағы кейіпкердің қайшылыққа толы характерімен де еріксіз жанында ұзақ кідіртті.
Өнер • 28 Мамыр, 2024
Бұл түні Ыстанбұл түбі бір түркінің емес, күллі әлемнің рухани орталығына айналғандай. Жер-жаһанның түкпір-түкпірінен асыға жеткен нөпір халық әнімен жүректерге жылу құйған әншісіне жанкүйер болуға Түркияның әйгілі «Бешикташ» стадионына жиналды. Алты Алаштың алақанынан асып шығып, алты құрлықтың қымбатына айналған дүлдүл Димаштың ән кеші ғой себебі.
Таным • 22 Мамыр, 2024
«Қысқалық – таланттың шыңы» деген ұлы А.Чеховтың пікірін толық қолдайтын ұлттың бірі – жапондар. Оның дәлелі 1986 жылы Жапонияда «Жылаған гүлдер мен қайғырған талдар. Солтүстік Еуропадағы қанды шайқастардың соңғы күлі» деген атаумен орыстың әйгілі романы жарық көрді. Кітап көлемі – небәрі 150-ақ бет.