Кино • 04 Наурыз, 2024
Бейәдеп сөз болмысымыздың көрінісі ме?
Кино деген кірпияз сала бар. Талғам мен танымның үздіксіз жарысы. Әр ұлттың түсірген киносына қарап, оның ішкі рухани, мәдени һәм идеологиялық әлеуетінің қандай екендігін бағамдай беруге болатын шығар. Өйткені экранды мемлекеттік идеологияның қаруы ретінде қолдану – үздіксіз жүріп келе жатқан үдеріс. Мәселен, басқасын айтпағанның өзінде, жыл сайын Оскар сыйлығына ұсынылатын америкалық фильмдерді алайық. Мұқият назар аударсаңыз, олардың астарынан міндетті түрде сол елдің жүргізіп отырған саясатының белгілерін көруге болады. Бұл тек Америка фильмдеріне ғана емес, барлық алпауыт елдердің киносына тән құбылыс.Сондықтан «Кино – ұлттың айнасы» деп жиі толғанып, торығатынымыз бекерден бекер болмаса керек.
Қоғам • 29 Ақпан, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлына арналған ғылыми еңбектердің таныстырылымы өтті. Бірегей жаңа зерттеулер ЕҰУ жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтында 9 серия бойынша жарық көрді. Ғалымдар ойшылдың «Толық адам» тұжырымдамасына да терең зерттеулер жүргізді.
Таным • 29 Ақпан, 2024
Қарсы алдымыздан қасқая қарсы алған бейнеден көз алмай тұрып қалыппыз. Керілген кенепте кескінделген керім картинадан сұлулықпен қатар суықтықтың да салқын лебі қатар есетіндей. Бірде таңғалдырып, бірде бойды тоңдырған бейненің бар құпиясын қылқалам ұшына сыйдырған суретші талай сырды сөйлеткісі келгендей ме? Қай жағынан келіп қарасаң да, буырқанған бояу астарына жасырынған ақиқат сыртқа ақтарылардай атқақтап тұр. Тылсымына бойлап, жұмбағын шеше алсақ, қанеки!
Театр • 29 Ақпан, 2024
«Асауға тұсаудың» бел-белестері
Әлемдік классиканың алтын қорынан ойып орын алған ағылшын драматургі У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясы қазақы табиғатпен етене үндесетін бірегей туындылар қатарында. Ұлттық сахнада ең алғаш 1943 жылдың 16 қазанында Мәскеудің А.Луначарский атындағы театр өнері институтының мұғалімдері О.Пыжова мен Б.Бибиковтың қолтаңбасында көрермен назарына ұсынылған комедия жылдармен бірге жаңарып, түрленіп, 80 жылдан аса уақытты артқа тастаса да, көрермен қызығушылығын бір сәт те бәсеңсіткен емес.
Өнер • 25 Ақпан, 2024
Тарихта тұңғыш рет қазақ композиторының операсы Ұлыбританияның төрт қаласында шырқалды. 17 ақпан күні Глазго соборында «Болашақ» бағдарламасының докторанты, композитор-пианист Рахат-Би Әбдісағиннің «Брюс» операсының әлемдік премьерасы зор табыспен өтті.
Тұлға • 25 Ақпан, 2024
Сегіз қырлы, бір сырлы. Дәл осы теңеу Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, көрнекті театр және кино актері Асылболат Смағұловтың болмысын дәл беретіндей. Бір басына мың сан өнерді тоғыстырған талантты жан әртістік әлемде ғана емес, мүсін мен музыка, саз бен сурет кеңістігінде де айшықты қолтаңбасын қалдырды. Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өткен әлемі әдемі әртістің «Түс. Ұйқысыз түндер» перформанс көрмесін тамашалағаннан кейін әлемтапырық күйге түскен көңіліміз ұзақ уақыт өз әсерінен босатпады.
Кино • 22 Ақпан, 2024
Оның көркінен бұрын көзі ойнап тұрады. Ал күлкісі ше? Күні бүгінге дейін Әминаға ажар берген күлкінің құпиясы ашылған жоқ. Себебі онда сиқыр бар. Сенбесеңіз, Шәкен Аймановтың әйгілі «Тақиялы періштесіне» тағы бір мәрте ден қойып көріңізші. Сондағы Тана әжейдің бейнесін тамсанбай тамашалау мүмкін емес. Ал күлкісі – классика!
Театр • 21 Ақпан, 2024
Әдебиет әлемі төбесіне көтерген сұңғыла суреткер Шыңғыс Айтматовты «Адамзаттың Айтматовы» атап қадірлеген қазақтан артық ұлт жоқ-ау, сірә... Жазушының көзі тірісінде-ақ қаламынан туған әр шығармасына өнер тіліндегі мәңгілік ғұмыр сыйлап, бағын ашқан режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтен басталған театр әлеміндегі тамаша мектеп дәстүрі үзілген жоқ. Соның айғағы болса керек, еліміздің түкпір-түкпіріндегі театрлар Айтматов мұрасына оқтын-оқтын оралып келеді. Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрқанат Жақыпбайдың күні кеше елорда төрінде тұсауы кесілген «Жан пидасын» көргенде, осыған тағы бір мәрте көз жеткізе түскендей болдық. Ақсарбас десек, артық емес, жарыққа шыға салысымен Бішкек төрінде Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылған VI Халықаралық «Айтматов және театр» фестивалінде тұсауы кесіліп, жарқырай көрінген астаналық Жастар театрының «Жан пидасы» аламанның алдын бермеді. Театр мамандарының бірауыздан қолдауына ие болған қойылым автордың туған жерінен Гран-при жүлдесін қанжығалап қайтты. Олжамен оралған спектакльдің еліміздегі премьерасы да аншлагпен өтті.
Кино • 19 Ақпан, 2024
Кәрі құрлықтан жеткен ақжолтай хабар қазақ кино өнерінің мерейін асырып тастады. Оның себебі – режиссер Кенжебек Шайқақов түсірген «Айқай» фильмі аламанда топ жарды. Айтулы кинокартина Францияның Везуль кинофестивалінде Бас жүлде – Гран при сыйлығымен қоса Орта Азия киносыншыларының «НЕТПАК» жүлдесін қатар иеленді.
Өнер • 18 Ақпан, 2024
Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Файзиеваның «Астана опера» театрындағы өнер сапары басталды. Классик композитор С.Рахманиновтың 150 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарламасын музыкант өткен аптада фортепианолық музыкаға арналған жеке шығармашылығынан бастаса, ал 20 ақпан күні өтетін «Романспен кездесу» вокалдық музыка кешінде өзбекстандық мейман елімізге танымал отандық опера әншілері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, «Астана операның» жетекші солисі Бибігүл Жанұзақ және танымал баритон Азамат Жылтыркөзовпен бірге өнер көрсетеді.