Театр • 05 Ақпан, 2024
Кеше Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында көрнекті мемлекет қайраткері, ақын, жазушы, драматург, композитор Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай Қанат Жүнісовтің «Сәкен-сұңқар» спектаклінің арнайы көрсетілімі болды. Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.
Сұхбат • 04 Ақпан, 2024
Әшім Ахметов: Қаламақымды АҚШ-та білім алуға жұмсадым
Актер үшін жарқ етіп экранға шыққаннан-ақ бірден ел есінде жатталудан артық бақыт жоқ шығар. Оны өнер адамдары өз арасында «типажды әртіс» деп айрықша әспеттеп те жатады. Қауым болып көз тігетін кино кеңістігінде дараланатын ондай әртістер көп емес. Ал барының бағы бес елі. Жас та болса кинодағы қадамын табысты бастаған сондай актердің бірі Әшім Ахметов десек, қателесе қоймаспыз. Алғашқы адымы «Көшпенділер» фильмінен табысты басталған өнер иесі тарихи туындылармен қатар комедиялық фильмдерде де жақсы көрініп жүр. Түрі сұсты болғанымен, әлемі әдемі актермен Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында жүздестік.
Өнер • 28 Қаңтар, 2024
«Астана опера» театрының солисі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының әрі халықаралық байқаулардың лауреаты Азат Мәлік жуырда Будапешттен оралды. Мажарстан мемлекеттік опера театрының шақыруымен Дж.Пуччинидің «Богема» спектакліндегі Шонар партиясын жоғары деңгейде орындап, шетелдік көрерменнің қошеметіне бөленген таланттың жаңа жылға жоспары көп.
Тағзым • 25 Қаңтар, 2024
«Операның отаны – Италия, Меккесі – Ла Скала». Миландағы опера театрының сахнасына шығып ән салған өнер иесіне дүниенің төрт қақпасы түгел ашық деген сөз. Бірақ оған жеткен әнші сирек. Сол аздың саз өкілі – Амангелді Сембин.
Театр • 24 Қаңтар, 2024
Қайта түрленген «Біржан – Сара»
«Астана Опера» театры ұлттық классика қазынасы – Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсын (либретто авторы – Қажым Жұмалиев) жаңа музыкалық-сахналық редакцияда көрерменге тарту етті. Қоюшы режиссері – Асхат Маемиров, режиссер кеңесшісі – Михаил Панджавидзе. Театрдың симфониялық оркестріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин жетекшілік етті.
Сұхбат • 19 Қаңтар, 2024
Құралай Ешмұратова: Қуыршақ бала қиялын асқақтатады
Қазақтың кәсіби қуыршақ театры десе, ойға бірден Құралай Ешмұратованың есімі оралады. Себебі еліміздегі қуыршақ театрының ең алғашқы кәсіби режиссері болған талантты жанды бүгінде театр әлемі «Қуыршақ театрының анасы» деп таниды. Ол шынымен солай. Өнегелі өмірінің аттай алпыс жылын осы салаға арнаған сахна саңлағы қуыршақтарды сөйлетіп қана қойған жоқ, Астана қаласының төріндегі кішкентай көрермендерге арналған театрдың іргесін қалап, келешегіміз үшін қалтқысыз қызмет етіп келеді. Балаларға қызмет ете жүріп жанының да бала қалпын сақтай алған мұраты асыл аяулы жанмен өмір һәм өнер туралы өнегелі әңгіме өрбіттік.
Өнер • 18 Қаңтар, 2024
Жыл басынан бері әлемдік театр қауымдастығы біртуар хореограф Ролан Петидің 100 жылдығын тойлауды бастап кетті. Атаулы мерейтойға орай әлемнің барлық театры өз сахналарында классиктің қойылымдарын ұсынуда. «Астана Опера» театры да бұл мәдени оқиғадан қалыс қалмай, 18-19 қаңтарда Ролан Петидің хореографиясындағы француз композиторы Л.Делибтің «Коппелия» комедиялық балетін қойып, ұлы тұлғаның есіміне құрмет көрсетеді.
Театр • 17 Қаңтар, 2024
«Жошы хан»: сахнада тарих сөйлейді
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық академиялық музыкалық драма театрында тұсауы кесілген «Жошы хан» драмасының дақпырты премьерадан бері жарты жылдан аса уақыт өтсе де, әлі басылмай тұр. Оның үстіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың газетімізге берген сұхбатында Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл болғанына айрықша мән беріп, тоқталуы да тарихи қойылымның маңызын одан әрі арттыра түскендей. Спектакльдің жазда өткен премьерасын арнайы барып тамашалаған Президент: «Шын мәнінде, пьесаның тақырыбы өте маңызды, өзекті. Кейбіреулер қазақтардың өз тарихы, мемлекеті, елі болмаған деген сөздер айтып жүр. Ол – біздің тарихымызды бұрмалау», деп қойылым құндылығына тоқталып, шығармашылық ұжым әлеуетін жоғары бағалаған болатын.
Кино • 16 Қаңтар, 2024
«Дәстүр» фильмі үлкен экранға жол тартқан күннен бастап туынды төңірегінде өрбіген түрлі пікір де толастар емес. Біреу мақтаса, екіншісі даттап әлек. Әрине, бір фильмге қатысты түрлі көзқарастың болатыны заңдылық десек те, дүмпуі басылмай тұрған «Дәстүрдің» жөні бір бөлек. Жанрынан бастап мазмұнына дейін мың түрлі ой салған картина шын мәнінде жаңалық жаршысы ма, әлде жауыздықтың жалаулатушысы ма? Көрермен пікірін екіге жарған фильмнің астарына бойлап көрсек.
Сұхбат • 15 Қаңтар, 2024
Ғалым Ахмедьяров: Мақсатымыз – ұлттық классиканы дәріптеу
Театр әлемі қыз-қыз қайнап жатпаса, оның несі өнер? Әр күн сайын ізденіске із салған ұжымдардың аяқ алысын бақылау да өз алдына қызық. Осы орайда еліміздегі жетекші өнер ордаларының бірі «Астана опера» театрына хабарласқан едік. Театр директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров ұжымның жаңа жылға арналған жоспары, «Астана операның» мәдени орта қалыптастырудағы рөлі мен келешектегі қойылымдары, алдағы гастрольдік сапарлары және тағы да басқа жаңалықтары туралы айтып берді.