Оқиға • 08 Қаңтар, 2024
Әрине, журналистика факультетінің соңғы курс студенті үшін қазақ баспасөзінің баһадүрімен тілдесіп, сұхбаттасу былай тұрсын, жай ғана жүздесудің өзі үлкен мектеп емес пе? Санадан өмір бойы өшпейтін сәті түскен сол бір сәулелі мезет әлі күнге дейін жанды жылытатыны рас.
Өнер • 08 Қаңтар, 2024
Әлемге әйгілі маэстро, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты әрі «Астана операның» бас дирижері Алан Бөрібаев ұлы Джоаккино Россинидің шығармашылығына кеш арнады. «Жан-жақты Россини» атты мазмұнды концерттегі италиялық композитормен жан толқытарлық музыкалық кездесу көрермендер көңілінде ұмытылмас әсер қалдырды.
Театр • 05 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысының Жарлығымен жыл соңында ғана Ұлттық мәртебе алып, мерейі тасыған Қ.Қуанышбаев атындағы Ұлттық академиялық қазақ музыкалық драма театры ұжымы көрерменіне «Патша көңілім, не дейсің?» комедиясын тарту етті. Спектакльдің авторы – журналист-жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуаныш Жиенбай, режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов.
Тұлға • 02 Қаңтар, 2024
Сәбира Майқанова – мәңгі өлмес өнер иесі. Театрдың анасы атанған талантты тұлға. Талайды тамсантқан Толғанайымен-ақ өнерге қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісін көрсеткен әлемдік деңгейдегі алып актриса. Ұлт мақтанышы. 1936 және 1958 жылдары Мәскеуде өткен қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігіне, М.Әуезов театры труппасының құрамында бірнеше халықаралық театр фестивальдеріне қатысып өнер құдіретін ел аймағында ғана емес, дүниежүзілік шеңберде мойындатқан сахна саңлағының ерен еңбегінің бүгінде театр шежіресінен алар орны айрықша.
Өнер • 02 Қаңтар, 2024
«Астана опера» театрының жас солисі Дінмұхамед Көшкінбаев Ресейдің«Культура» арнасындағы кәсіби опера әншілерінің «Большая опера» халықаралық телевизиялық жобасында жеңіске жетті. Дарынды вокалист кәсіби қазылар алқасын таңғалдырып, телеарна көрермендерінің жүрегін жаулады.
Кино • 25 Желтоқсан, 2023
«Қожа» фильміне кейіпкерлер қалай таңдалды?
«Менің атым – Қожа». Атауын естігеннен-ақ көңіліңде бір жылылық ойнап сала береді. Себебі бұл фильмде әрқайсысымыздың балалығымыз, тәтті естеліктеріміз жатыр. Талай буын көрерменді тәрбиелеген сол теңдессіз туынды – «Менің атым – Қожаның» түсірілгеніне биыл 60 жыл толыпты. 1963 жылы жарыққа шыққан фильм режиссер Абдолла Қарсақбаевтың кинодағы тырнақалды жұмысы ғана емес, шығармашылығының ең табысты жемісі де. Айтулы фильм режиссерден бөлек, ондағы ойнаған әрбір актердің жұлдызын жақты. Жарты ғасырдан астам уақытты тарих қойнауына жіберіп те бүгін біз «Менің атым – Қожа» туралы сөз қозғап отырсақ, ол өлмес классика тудырған қос алыптың қайталанбас суреткерлік қолтаңбасының құдіреті болса керек.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2023
Ұлттық академиялық кітапханада ақын, бард, қоғам қайраткері Қуаныш Мақсұтовтың «Құт» кітабының таныстырылымы өтті. Елорданың зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен кітапсүйер қалың оқырманның басын қосқан рухани жиында өлең туралы өрелі әңгіме өрбіді.
Өнер • 19 Желтоқсан, 2023
Өнерді өміршең, өзгелерден дара ететін оның астарындағы автордың ішкі «мені». Ал сол «мен» жеке адамның таным ауқымынан шығып, тұтас ұлттың, тіпті күллі адамзаттың арманына ұласқанда саф өнердің тынысы қайта ашылады.
Сұхбат • 16 Желтоқсан, 2023
Бақыт Қажыбаев: «Оян, қазақ» – уақыттың сұранысы
Актер Бақыт Қажыбаевты театрға баратын көзіқарақты көрермен жақсы біледі. Алайда оны бір-ақ сәтте күллі қазақ еліне мәшһүр еткен рөл – «Оян, қазақ» фильміндегі Міржақып Дулатов бейнесі. Көп ішінен бекзат болмысымен дараланатын өнер иесінің табиғатына да осы рөл дөп келгендей. Оны көрермен де лайықты бағалады. Осы жылдың басты жаңалығына айналған фильмнің бас кейіпкері бүгінде елге танымал белді актерге айналды. Көптің көзайымы болған Бақыт Қажыбаевтан сыр тартқан едік.
Кино • 15 Желтоқсан, 2023
Қазақ киносының тарихы мен оның теориясын зерттеген марқұм ғалым, киносыншы Бауыржан Нөгербек: «Киноны ұлттық па деп сұрақ қоюдың өзі парадокс болып көрінеді. Өйткені әдебиет болсын, кино болсын – ол ұлттық болуға тиіс. Егер ондай сұрақ туындаса, онда оның ұлттық болмыс, бояуы жағынан проблемалары бар деген сөз», дейді.