Театр • 17 Шілде, 2022
«Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжанның өнер көрсетулерінің географиясы жылдан жылға кеңеюде. Осы жаздың өзінде оны көрермендері әлемнің бірқатар елдерінде күтуде. Атап айтсақ, отандасымыздың қатысуымен маусымда Миланда 8 Гала-концерт өтті. Енді әртіс Италияның басқа да қалаларының, сондай-ақ Франция мен Аустралия көрермендерін таңғалдыруға дайындалуда.
Театр • 17 Шілде, 2022
Мұқанғали Томанов: Театр көрерменді тәрбиелемейді
Сахна суреткерлікті сүйеді. Көркем ойлап, келісті өнер тудыра білген жанға киелі кеңістіктің ұсынар тартуы мол. Сондықтан болса керек, тағдыры театрға байланғандардың бәрінің бірдей өнерде жолы болып, өрісті өнер тудыруы сирек құбылыс. Саф өнер иесіне талғап, таңдап қонады. Режиссер Мұқанғали Томановтың спектакльдерін сана биігінде сараптап көрген көрермен дәл осындай ойға берілері сөзсіз. Бүгінде М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі қызметін абыроймен атқарып жүрген өнер иесінің әр қойылымы театр әлемінде елеусіз қалып көрген емес. Үнемі аншлаг, әрдайым жеңіс. Елімізді былай қойғанда, алыс-жақын шетелдерде туған елдің байрағын жоғары көтеріп, сәулелі өнерімен талайды тәнті етіп жүрген суреткердің көңіл түкпірінде сақталған сырлары да мол.
Театр • 14 Шілде, 2022
Маусым мерейі – «Орфей мен Эвридика»
«Астана Балет» театры тоғызыншы маусымының шымылдығын «Орфей мен Эвридика» бір актілі балетінің премьерасымен жапты. Бас дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өткен спектакльді хореограф Кристина Полин қойды.
Театр • 13 Шілде, 2022
Тамырынан тектілік дарыған Алан Бөрібаевтың өнердегі әр қадамы әлем назарында. Жыл сайын музыка тіліндегі жарқын жобаларымен тыңдарманын тәнті етіп жүрген дарынды дирижердің «Астана Операның» ІХ театр маусымының жабылуына дайындаған тартуы – «Парижден кәдесый» авторлық бағдарламасы.
Елорда • 06 Шілде, 2022
Арқа төрінде бой көтерген ару астана уақыт-ағзам ажарына белгі салған санаулы жылдың ішінде-ақ саяси-экономикалық бағыттың барометрі ғана емес, өнеріміз бен мәдениетімізге ұйытқы болар ұлтымыздың шын мәніндегі рухани өмірінің айнасына айналып үлгерді. Жер-жаһанның назарын өзіне бұрғызып, жыл сайын емес, ай сайын, тіпті күн сайын қанатын кеңге жайып, құлпырып, жайнап, ел егемендігімен бірге еңсесін тіктеп, ерке Есілмен егіз жасасқан бас қаламыздың баянды тарихы талай игі бастамалар мен ұлағатты оқиғалардың себепшісі һәм дәнекершісі болып келеді.
Руханият • 23 Маусым, 2022
Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданында ерекше көл бар. Аты ғана емес, заты да жұмбақ. Шайтанкөл! Табиғаттың бұл тамаша тартуының тылсымына бойлаймыз деп бағзыдан бүгінге дейін талай ғалымдар тер төккен. Алайда әлі күнге дейін өзінің өзгеше күйінен сыр алдырмай келе жатқан су айдынының шынымен де ішіне бүккен құпиясы көп сияқты...
Руханият • 22 Маусым, 2022
Құндылықтарымызға кім қорған болады?
Осыдан бірнеше жыл бұрын Италияның бірқатар ірі мәдени қаласын аралау бақыты бұйырды. Ә дегенде бізді баурап алғаны ондағы атмосфера еді. Бейне бір антика дәуіріне топ ете қалғандай күйді бастан кештік. Ғажап күй, ғаламат сезім! Неге? Себебі онда шынайылық бар еді. Мәдениеті бір басқа, халқының ұлтына деген сүйіспеншілігі еріксіз тебірентті. Тұрғындарының жанарынан өткеніне, тарихи құндылықтарына деген шексіз құрметті көрдік, сездік. Көше бойына сән берген көне ғимараттардың құлаған әр кірпіші мен ажырап түскен әрбір сылағының орнынан өмір үнін іздеген адамдары сонысымен де аяулы көрінді. Ал бізде ше? Бәрі керісінше...
Театр • 21 Маусым, 2022
Сахнаға тағы бір Баян келді! Қазақтың арына баланған арудың бұл жолы бұрымы өрілмеді, бешпеті төгілмеді, шолпысы сылдырламады, сырғасы сыңғырламады... Қысқасы, бұл Баянда бәрі басқаша.
Театр • 17 Маусым, 2022
Жақында жапондық танымал Maki Asami Ballet труппасымен бірлесе өнер көрсетіп, қазақстандық балеттің жоғары деңгейін жат елде паш етіп қайтқан «Астана Опера» театрының жетекші солисі Арман Оразовтың таланты күллі Күншығыс елі көрермендерін тәнті етті. Оның орындауындағы Морис Жаррдың музыкасына көрнекті хореограф Ролан Петидің қойған «Париж Құдай анасының соборы» спектакліндегі Фебтің партиясы жапондықтар үшін шын мәнінде өнердің үлкен жаңалығы болды.
Театр • 16 Маусым, 2022
Өнер – ұлттың айнасы. Сол арқылы күллі ұлттың болмыс-бітімін ғана емес, деңгей-дәргейін де тануға һәм танытуға болады. Бас қаланың жас театры, биыл тарихына 15 жыл толып отырған іргелі өнер ордасы – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар театры ұжымы театр мерейтойы аясында Қырғыз Республикасындағы гастрольдік сапарын абыроймен өткізіп, Түркия мемлекетінің Конья қаласында ұйымдастырылған түркітілдес елдердің «Мың тыныс – бір дауыс» халықаралық театр фестивалінен табысты оралды.