
Әдебиет • 17 Сәуір, 2022
Оралхан кейіпкерлерімен кездесу
Жастық шағында жазушы Оралхан Бөкей шығармаларын оқымаған оқырман кемде-кем шығар. Әсіресе, балалық шағы ауылда өткен жанның кітапханадан арқалап әкеліп, том-том кітапты кеміргені ақиқат. Соның ішінде Оралханды оқып, «Тортай мінез ақ боз атқа» Тортайды тастап, өзі мініп алып Шыңғыстай жаққа бір желіп барып қайтқысы келетін оқырманның көп болғанына да бәс тіге аламыз. Соның бірі – мына біз едік.
Театр • 14 Сәуір, 2022
Бұл «Қарагөз» бұрынғыдан өзгерек...
«Арқаның Ақсарайы» атанған Қарағандының С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық драма театрында түндігі түрілген күннен бергі 90 жыл ішінде түрлі «Қарагөздер» қойылған. Алайда бұл «Қарагөздің» сипаты да, сарапталуы да бөлек. Соңғы онжылдықта мәскеулік театр кеңістігін мойындатып жүрген қазақ қызы, Е.Вахтангов атындағы академиялық мемлекеттік театрының дарынды режиссері Гүлназ Балпейісованың қолтаңбасында жаңаша тынысы ашылған айтулы премьера заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық және киелі қарашаңырақ Сәкен театрының 90 жылдық мерейтойына орай сахна төріне шығып отыр.
Тарих • 10 Сәуір, 2022
«Қоянды жәрмеңкесі» құрудың аз-ақ алдында тұр
Өз дәуірінде-ақ атағы алысқа кеткен әйгілі Қоянды жәрмеңкесінің жылдар алға жылжыған сайын кезіндегі даңқты дақпырты сейілгенімен, уақыт ағзам алақанында бедерленген тағылымы һәм тарих алдындағы құндылығы титтей де құлдыраған жоқ. Қасиетті Қарқаралы топырағына табаны тигеннің дені уақыт тауып Қояндыға соға кеткісі келіп тұрады. Туған жерге талай жол түсіп жүрсе де, қазақ даласындағы алғашқы сауда-саттық орны ғана емес, өнердің үлкен ордасы болған ел төріндегі тарихи мекенге табан тигізудің, тағылымын танудың сәті енді бұйырыпты.
Өнер • 04 Сәуір, 2022
Қазақтың қаһарман қызы Роза Бағланованың көркем бейнесі – алғаш рет театр сахнасында! Әлемі әнмен егіз өрілген аңыз әншінің бекзат болмысын «Қазақконцерт» ұйымына қарасты Astana Musical мемлекеттік театрының талантты ұжымы «Роза Бағланова» мюзиклінде сараптап көрді. Ұлы тұлғаның ғасыр тойына арналып қойылған туынды әнші туралы тың деректерді сөйлетуімен құнды.
Театр • 31 Наурыз, 2022
«Қаллеки тынысы» қай деңгейде?
Халықаралық театр күніне орай Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық академиялық драма театрында «Қаллеки тынысы» атты премьералық спектакльдер апталығы өтті. Кәсіби театртанушылардан құралған сарапшылар бір апта бойы 2021-2022 жылдары сахналанған жаңа спектакльдерді тамашалап, қойылым соңында пікірлерін ортаға салып, талқылау өткізді. Апталық соңында жүзден жүйрік шыққан мықтылар арнайы аталымдар бойынша марапатталды.
Театр • 28 Наурыз, 2022
Көктем «АстанаОпера» театры үшін табысты басталды. Талай жылғы тәжірибесін жемісті жалғап келе жатқан жаңашыл ұжым 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай тағы бірнеше жағымды өнер жаңалығын көпшілік назарына ұсынып, талғампаз театрсүйер қауымнан сүйінші сұрады.
Театр • 25 Наурыз, 2022
Мәртебелі һәм мәртебесіз театр
Тамаша әлем – театр! Сан түрлі жүрек сырлары мен көңіл күй қайшылықтарының ортақ мәміле тауып, көрерменін көркем ойдың көкжиегіне бойлатып, сұлу сезімнің мұхитына сүңгітетін мәртебелі де мерейлі мекен. Ұлы Мүсіреповше айтсақ, хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер.
Театр • 21 Наурыз, 2022
Көктемде құлпырған «Қыз Жібек»
Табиғат ұйқысынан оянған тамаша мезгіл – көктемгі жаңарумен бірге адамзат әлеміне енетін әз Наурыз мейрамы тұтас түркі дүниесі үшін қастерлі де қасиетті. Өшкен жанып, үзілген жалғанатын ұлық мерекенің ұлылығын әріден ұғынған халқымыз Ұлыстың ұлы күніне айрықша қамданған. Ал елордалықтар үшін биылғы мерекенің ерекшелігі сол – бас шаһар халқы Наурызды жаңашыл сипатта тойлауды бастап кетті. «Астана Опера» сахнасында салтанат құрған Ғ.Мүсіреповтің либреттосына жазылған Е.Брусиловскийдің әйгілі «Қыз Жібек» операсы шын мәнінде ұлық мейрамының көрігін қыздырғандай.
Сұхбат • 20 Наурыз, 2022
Қайрат Кемалов: Керей ханның адами болмысын сомдауға тырыстым
Актер Қайрат Кемаловты көпшілік көрермен «Қазақ хандығы»: «Алмас қылыш» және «Алтын тақ» 20 сериялы фильмдер циклындағы Керей хан бейнесі арқылы жақсы таниды. Бір қызығы, айтулы рөл – қырық жылдан аса театр өнеріне қалтқысыз қызмет етіп, кілең басты рөлдерді сомдаған сахнагердің кино саласындағы алғашқы кесек жұмысы. Бүгінде Қарағандыдағы С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов жансарайын ақтарып, өнер мен өмір өнегелері туралы сыр бөлісті.
Өнер • 16 Наурыз, 2022
«Айналайын, халқымнан еркелеткен»
Бас шаһардың Бейбітшілік және келісім сарайында отандық эстрада әншілерінің қатысуымен КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Айналайын, халқымнан еркелеткен» атты салтанатты концерт өтті. Тағылымды кешке Алтынбек Қоразбаев, Сұлушаш Нұрмағамбетова бастаған қазақ өнерінің қайраткерлері мен талантты жас өнерпаздар қатысып, әйгілі әншінің рухына тағзым етті.