Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
496 материал табылды

Руханият • 01 Наурыз, 2021

Жамбыл жылы жырлайды

Ұлы дала төрінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын ресми түрде мерекелеу басталды

Өнер • 18 Ақпан, 2021

Шукшин шығармаларының шырайы – шынайылығында

Жақында елордалық М.Горький атындағы ака­демиялық орыс драма театрында орыс жазушысы В.Шукшин шығармалары негі­зінде қойылған «Светлые думы» («Жарқын ойлар») қойылымының премьерасы өтті. Көрерменін тән­ті еткен көркем туындының сах­налық нұс­қасын жасаушы әрі қою­шы режиссері Ресейдің Челябі қала­сынан арнайы шақырылған театр маманы Евгений ГЕЛЬФОНД. ­­­­­­­­­Шукшиннің ауыл хикаялары циклі қарапайым адамдардың ішкі жан дүниесін шынайы жет­кізуімен оқырман көңілінен айрықша орын алады. Яғни мұнда сыртқы әрекеттен бұрын ішкі сезім толқыныстарының терең ашылуы маңызды. Осы міндетті терең түсінген ресейлік режиссер әйгілі жазушының бірнеше туындысынан құралған қойы­лымды барынша өмірдің өзімен сабақ­тастыруға ұмтылыпты. Спектакль жайлы режиссердің өзі былай дейді.

Өнер • 18 Ақпан, 2021

Мәңгілік махаббат жыры

Елордалық Жастар театрының ақпан айында көрерменіне ұсын­ған тамаша тартуы – «Таптым... Ғашық болдым... Жо­ғалттым...» мюзиклі. Айтулы шығарма жазушы, драматург Талаптан Ахметжанның «Сұлу мен суретші» әңгімесінің желісінде сахнаға жол тартты. Қойылымның режиссері – Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Нұрқанат Жа­қыпбай.

Өнер • 18 Ақпан, 2021

Мұқағалидің «Ғашық жүрегі»

Биыл қазақ поэзиясының падишаһы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы. Өлең өлкесінің айтулы оқиғасына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымын көрермен назарына ұсынды. Композиция авторы әрі режиссері – Аман Ғұмаров.

Руханият • 17 Ақпан, 2021

Жансебіл тағдырлы режиссер

Жазушы Жүсіпбек Қорғасбек әңгімесінің желісі бойынша 1991 жылы түсірілген «Жансебіл» фильмін көрмеген, білмейтін көрермен кемде-кем. Сондағы, әсіресе, актер Қасым Жәкібаев сомдаған «Абыралыға баратын кім бар, Абыралыға баратын кім бар?» деп жанұшыра темір жол вокзалында айқайлайтын, қос аяқтан бірдей айырылған дәрменсіз қария бейнесі фильмді көргеннің көз алдынан оңай кетпейді, жүрегі бар жанның жанарын еріксіз жасауратады. «Қасым Жәкібаев «Жансебілді» ашты, «Жансебіл» Қасым Жәкібаевты ашты» деген тіркестің бүгінде қанатты сөзге айналғаны сол себепті де болар. Әйтеуір, бұл киноны Қасым Жәкібаевсыз елестете алмайтынымыз ақиқат. Десек те, «Жансебіл» жайлы өрбіген әңгіме орайында Жәкібаевтың жұлдызын жаққан және бір жанды естен шығаруға хақымыз жоқ. Ол – фильм режиссері Аяған Шәжімбай.

Руханият • 08 Ақпан, 2021

Өнердің өрісін тарылтып тұр

Тарихи фильм түсірудің ең үлкен артықшылығы – өзге жанрдағы кинолармен салыстырғанда мемлекет тарапынан жасалатын қолдау мен бөлінетін қаржының әлдеқайда қомақты болатындығы. Яғни ұлт тарихын түгендеуге арналған жобаны қолға алған режиссерлерді өткеннің өнегесін бүгінге жеткізу мұратынан бөлек, фильмнің бай бюджеті де бейтарап қалдырмайтыны және анық жайт.  

Таным • 02 Ақпан, 2021

Қаллекидің таяғы

Бұл сүйектен жасалып, күміс жалатылған таяқ маған тапсырылған үлкен аманат еді. Бұйым актер, сахна өнерінің қара нары, қазақ ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалибек Қуанышбаевқа тиесілі. Өмірден өтерінен жарты жыл бұрын актердің жерлес қарындасы, ғасыр жасаған ғибратты ғұмыр иесі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова болашақта ашылса деп армандайтын қазақ театр өнерін құрушы жеті ақсақалға арналған мұражайға тапсыруымды өтініп еді.

Театр • 02 Ақпан, 2021

«Астана Операда» – «Театр сабағы»

Карантиннің қатаң талаптарын да табысты ізденістерімен шебер үйлестірген «Астана Операның» көрермендеріне ұсынар жаңашыл жобалары таусылар емес. 30 қаңтарда театр ұжымы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, 9-сынып оқушыларына арналған «Театр сабағы» атты жаңа, қызықты шығармашылық жобаны бастайды. Оның мақсаты – өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиеге баулу.

Кино • 26 Қаңтар, 2021

Коммерциялық киноның күнгейі мен көлеңкесі

Кино – өндіріс. Яғни Голливуд кино­тудырушыларының ұстанымына сай саралар болсақ, фильм жасауда көркемдік талаптардан бұрын, ең әуелі табыс табу үрдісі басты нысанда болуы тиіс. Осыны желеу еткен отандық режиссерлеріміздің дені һәм жекеменшік студиялар өнімі негізінен Голливуд өнімдеріне еліктегісі келіп тұрады. Яғни өнер жасауды емес, миллиондап табыс табудың жолында бәрін сарп етуге бар. Тіпті осы мақсатқа жетуге мемлекеттен қаржылық қолдау көруден дәмелілері де жетерлік.

Руханият • 21 Қаңтар, 2021

Мойындалмаған Модильяни

Әр таланттың өмірі әрқилы. Бірі көзі тірісінде-ақ мойындалып, даңқ шыңына шықса, енді біреуіне сол атағыңыз кешігіп жетіп, күллі өмірін мүлдем басқа арнаға бұрып жіберетіні бар. Италияда туып, Францияда өшпес өнер тудырған ХХ ғасырдың әйгілі экспрессионист суретшісі Амедео Модильяни тағдыры – сондай өкінішке толы өмір.