
Сұхбат • 27 Қазан, 2020
Дина Байтасова: Заманауи өнер – өміріміздің бейнелі көрінісі
Заманауи сурет өнерінде айшықты қолтаңба, биік талғамымен дараланып, көп ішінен өз сүрлеуін таба алған суретшілер сирек. Өйткені замана жалына жармасып, зымыран жылдамдықпен жедел дамып отырар өнердің бұл саласы шабан шеберді жанына маңайлатпайды да. Сондықтан да шығар, заманауи сурет өнеріне әркімнің таласы болғанымен, топ жарар тарланы некен-саяқ. Тас тесер таланты, айрықша көзқарас һәм биік талғамымен елімізді ғана емес, кәрі құрлықты мойындатып үлгерген суретші Дина Байтасованың өнердегі жетістігі соны әйгілесе керек. Қолтаңбасы ерек қылқалам шеберінің әр бастамасы – жаңалықтың жаршысы.
Өнер • 26 Қазан, 2020
Суретші десе, сіңірі шыққан кедей кейіп көз алдымыздан көлбеңдейтін сонау ежелден келе жатқан қасаң түсінік күні бүгінге дейін өзгерген жоқ. Әсіресе ренессанс дәуірінің әйгілі қылқалам шеберлері Леонардо да Винчи, Буонарроти Микеланджело, Рафаэль Сантилердің өнерінен тыс, жеке өмірлерін, тұрмыс тыныстарын ауызға алсақ-ақ, көкірегімізге аяныш сезімінің орнай қалатыны да сол қалыптасқан жалпылама ұғымның ұшқындарынан болса керек. Ал сіз қайта өрлеу дәуірінің сақа суретшісі майталман Микеланджелоның миллионер болғанын білесіз бе?
Театр • 23 Қазан, 2020
«Астана Опера» театры ұжымы асқақ классикаға жаны құмар көрерменді тағы бір тамаша жобасымен қуантқалы отыр. 21, 24 және 31 қазан күндері Үлкен зал сахнасында өнерсүйер қауым назарына Ресейдің халық әртісі, театрдың балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова дайындаған ойын-сауық бағытындағы балет қойылымдары, сондай-ақ таңғажайып гала-концерт бағдарламалары ұсынылатын болады. Елең еткізерлік ерекше жаңалық М.Петипа биін қойған А.Глазуновтың «Раймонда» балетінен Гран-паның алғашқы орындалуы болмақ.
Таным • 22 Қазан, 2020
Кезінде Сағат Әшімбаев ағамыздың үнемі аузынан түспей, достарын көре қалғандағы қояр алғашқы сауалы осы болады екен. Ал қазір кітап, көркем әдеби дүниелер тұрмақ, «газеттің бүгінгі нөмірін оқыдың ба?» деп сұраудың өзін ыңғайсыз көретін болдық. Оған қарағанда «соңғы рет қандай сериал көрдің?» деп сұрау әлдеқайда орындырақ сияқты.
Өнер • 21 Қазан, 2020
Алан Бөрібаев: Бұл жоба ілгерідегі ізденістерімнің жалғасы
Жақында «Астана Опера» театры сахнасында әлемдік деңгейдегі әйгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алан Бөрібаевтың «Мольер, Вольтер және Бомарше немесе француз комедиясының негізін салушылар» атты бірегей авторлық жобасының премьерасы зор табыспен өтті. Маэстро кезекті рет көрермендер аудиториясына отандық қана емес, сонымен қатар халықаралық музыка әлемінде де теңдесі жоқ бағдарлама ұсынуға қабілетті жоғары деңгейдегі кәсіби маман екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Кеш соңында айтулы жоба турасында талантты дирижермен аз-кем ой бөліскен едік.
Театр • 19 Қазан, 2020
«Астана Операда» ақсүйек өнер думаны одан әрі жалғасады. Карантин уақытында да ізденісін тоқтатпаған өнер ордасы және бір жарқын жобаның тұсауын кесті. Қоңыр күзде көрерменін қуантпаққа ниеттенген театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әйгілі маэстро Алан Бөрібаев елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына әзіл аралас эксклюзивті бағдарлама – «Мольер, Вольтер және Бомарше, немесе Француз комедиясының негізін салушылар» атты опералық-симфониялық концертін ұсынды.
Кино • 09 Қазан, 2020
Режиссер Абдолла Қарсақбаевты «қазақ балалар киносының классигі» десек, ешкім қарсы дау айта қоймас. Өйткені ол түсірген «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қилы кезең», «Біздің Ғани», «Алпамыс мектепке барады», «Жүйрік болсаң, озып көр», «Даладағы қуғын» сынды фильмдердің қай-қайсысы да көрермен жүрегінен мәңгілік орын алған жауһарлар.
Театр • 08 Қазан, 2020
Елордадағы ең көне театр – М.Горкий атындағы академиялық орыс драма театры 120-шы мерейтойлық маусымын ашты. Театр шымылдығы А.Островскийдің әйгілі «Найзағай» әлеуметтік-психологиялық драмасымен түрілді.
Сұхбат • 07 Қазан, 2020
Дәурен Серғазин: Кинодағы рөлімді тапқым келеді...
Көпшілік көрермен Дәурен Серғазинді театрдағы рөлдерінен бөлек, «Алдар көсе» фильміндегі Алдар көсе бейнесі арқылы жақсы таниды. Одан басқа кассалық «Брат или брак» комедиясындағы Айдар образы да актерді жаңа қырынан танытты. Бірақ, соның ішінде әсіресе әртіс сомдаған Шәмші бейнесінің актер шығармашылығынан алар орны айрықша. Бір басына бірнеше өнерді түйістіріп, соның барлығын сахна мен экранда терең ыждаһатпен сәтті алып келе жатқан актер, режиссер, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазинмен өрбіген әңгімеміз театр мен кино әлемінің қыр-сырына үңілуге арналды.
Өнер • 06 Қазан, 2020
Әртістер даусын кенеп, сахнаға шығар сәтін тағатсыздана күтуде. Костюм тігіншілері мен грим жасаушылар соңғы әзірліктерін аяқтауда. Ал қоюшы режиссер болса, финалдағы көріністерді тексеріп, түзетіп, шымылдық ашуға бұйрық берер жауапты сәтке дайындалуда. Әрқайсысы өзіне тиесілі жұмысты тындырып жүргенімен, барлығына ортақ күй, толқыныс біреу, ол – сағыныш! Жай сағыныш емес, қасиетті өнер, киелі сахнаға деген сағыныш.