Жол
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Астанада А.Байтұрсынов пен Қ.Аманжолов көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл шектеу жол жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • Бүгін, 13:20
Әл-Фарабидегі 3 адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тергеу қашан аяқталады?
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған Zeekr автокөлігі қатысқан қайғылы жол апатына қатысты тергеудің қашан аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 12:42
Жібек жолындағы қанды оқиға: Үш адамды өлтірген күдіктінің жағдайы белгілі болды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астана маңындағы Жібек жолы ауылында өз отбасын өлтірді деп айыпталған күдіктінің ісін тергеуге қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 12:06
Қазақстанда жол сапасын дрондар бақылайды
Елімізде тасжолдардың жай-күйін бақылауға арналған жаңа буын ұшқышсыз ұшатын аппарат сынақтан өтті. DJI Matrice 400 дронының лазерлік лидармен жабдықталған мүмкіндіктері Ақмол – Воздвиженка – Талапкер облыстық маңызы бар тасжолының учаскесінде тексерілді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • Кеше
Астанада биыл 50 көше жөнделеді
Астана қаласында биыл шамамен 50 көшеге жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 60 шақырым жол жаңартылады. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Алматы – Ақтөбе бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды
Алматы – Ақтөбе бағытындағы №033 жолаушылар пойызында 60 жастағы ер адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 27 сәуір күні болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 27 Сәуір, 2026
Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Астана қаласында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Осыған байланысты Абай даңғылының Республика даңғылынан А. Сембинов көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2026
Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Абай облысына жұмыс сапары аясында бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Аягөз қаласындағы вокзал құрылысының барысымен танысты. 1930 жылы салынған вокзал техникалық тексерудің қорытындысы бойынша мамандар тарапынан апатты деп танылды. Ескі вокзал орнында қазір жаңа заманауи ғимарат салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Алматы облысындағы Көлсай көлдерінің маңында туристерді тасымалдайтын микроавтобус тау беткейінен төмен қарай құлап, аударылып қалған. Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктің таудың тік беткейімен екпіндей құлдилап бара жатқаны анық көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Атырауда жолаушылар автобусы мектеп оқушысын қағып кетіп, бала ауруханаға жеткізілді. Бұл – соңғы бір ай ішінде балалардың қатысуымен болған екінші ауыр оқиға, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Арыс – Шардара тас жолында жасөспірімдер мінген көлік апатқа ұшырап, қайғылы жағдай тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды: Екі адам қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысында Алматы – Өскемен – Ресей шекарасы бағытындағы тасжолда жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2026
Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Жолаушылар сұранысының артуына байланысты Астана және Ақтау бағыттарындағы бірқатар рейстер жиілейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Елімізде автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі кеңейтіліп жатыр. 2026 жылдың соңына дейін тағы 16 ақылы жол учаскесінде жаңа талап енгізіліп, ереже бұзған жүргізушілерге айыппұл салынады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
35 млн теңге өтемақы: Алматыдағы жол апатынан зардап шеккен отбасы сот шешіміне наразы
Алматы облысында бес ай бұрын Алматы – Жандосов – Бесмойнақ тасжолында болған жол-көлік оқиғасына қатысты іс қаралып, сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Астана қаласында 22-24 сәуір аралығында көшелердің жабылу кестесі туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Сәуір, 2026
Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Астанада 22–24 сәуір аралығында Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Осыған байланысты қаладағы бірқатар негізгі көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеліп, кей жерлерде жолдар жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Екатеринбург – Астана рейсіндегі оқыс оқиға: Жолаушының әрекетіне құқықтық баға беріледі
Екатеринбург – Астана бағытындағы әуе рейсінде кәмелетке толмаған жолаушылардың қатысуымен оқыс оқиға тіркелді. Ұшақ бортында болған жағдай жолаушылар арасында алаңдаушылық туғызды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Елімізде көлік саласын баршаға қолжетімді ету бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Үкімет отырысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған арнайы вагондарды кезең-кезеңімен енгізу және инфрақұрылымды бейімдеу мәселесі қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Сәуір, 2026
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Ростов қаласындағы цирк қойылымы кезінде жыртқыш аң темір тордан асып, көрермендер отырған залға секіріп кеткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін полиция тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 19 Сәуір, 2026
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бірқатар көшенің қиылысында орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Қарағанды облысында екі мотоциклдің қатысуымен болған апат екі адамның өмірін қиды. Тағы бір адам жарақат алды. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға жол қозғалысы ережесінің өрескел бұзылуы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 17 Сәуір, 2026
Елімізде туристік нысандарға жету уақыты қысқарады
Қазақстанда демалыс аймақтарына жету уақыты қысқара түседі. Осы мақсатта елімізде туристік бағыттардағы жол инфрақұрылымын жаңарту және дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2026
Бірнеше өңірде республикалық маңызы бар жолдар уақытша жабылды
17 сәуір күні «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2026
«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды
Вашингтон қаласында Қазақстан делегациясының сапары барысында Дүниежүзілік банк штаб-пәтерінде «Қарағанды – Жезқазған» автожолын салуға қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды. Жоба елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2026
Елімізде жолаушылар тасымалы 9,3 пайызға артты
Жыл басынан бері көлік саласында негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім байқалып отыр. Соның есебінен салада жолаушылар тасымалы 9 пайызға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Сәуір, 2026
11 мың шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Елімізде биыл 11 мың шақырым автобиль жолына құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2026
Жылдамдықты 59 рет асырған: Астанада Porsche жүргізушісі қамауға алынды
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты Porsche көлігінің жүргізушісіне қатысты мемлекеттік тәртіпті бұзу фактісі бойынша істі қарап, оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Жүргізуші қала орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршамның тыйым салған (сары) сигналына мән бермей, 133 км/сағ жылдамдықпен қозғалған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Сәуір, 2026
Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Қостанай облысында ірі жол апаты болып, салдарынан төрт адам көз жұмды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 10 Сәуір, 2026
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
2026 жылғы жол-құрылыс маусымының басталуына байланысты елордадағы бірқатар көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылып отыр, деп жазады Egemen.kz.