Фото: ашық дереккөз
Ұлытау және Қарағанды облыстары
Сағат 07:30-дан бастап «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 433-788 шақырым аралығындағы учаскесі (Жезқазған қаласы мен Қарағанды облысы шекарасы арасындағы бөлік) уақытша жабылды. Жол қозғалысын қалпына келтірудің болжамды уақыты 11:30-ға бекітілген.
Абай облысы
Сағат 09:00-ден бастап Абай облысындағы бірнеше республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс уақытша шектелді.
Атап айтқанда:
- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 756-906 км аралығы;
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 778-967 км және 971-1013 км аралықтары;
- «Өскемен – Семей» автожолының 103-198 км аралығы.
Аталған учаскелер бойынша қозғалыстың ашылуы 14:00-15:00 аралығына жоспарланған.
Шығыс Қазақстан облысы
Сағат 09:00-де Шығыс Қазақстан облысында да бірқатар жол учаскелері жабылды. Олардың қатарында:
- «Өскемен – Семей» автожолының 12-45 км және 48-103 км аралықтары;
- «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолы (0-105 км);
- «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» автожолы (7-166 км);
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1089-1191 км және 1013-1062 км аралықтары.
Аталған бағыттар бойынша қозғалыстың ашылуы шамамен 14:00-ге жоспарланған.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты «ҚазАвтоЖол» АҚ жүргізушілерден жолға шығар алдында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Нұрболат АМАНБЕК